Жiгiттiң аса түспес көркi мұнан,
сабынды жаққаныңда, толқыды жан.
Көбiктi бұрқыраған, айтшы құрбым,
теңiздiң алып па едiң толқынынан?
Етерлiк сақалға өскен қысқа амалым,—
қолыңды қырам деген ұстамадым.
Жанымнан бала шақты отағандай
барады жүзi қылпып ұстараның.
Даусы оның жанға жайлы сырылдаған,
жүзiңдi тұрмын көрiп жымыңдаған.
Шынында, бала кезiн қимағасын,
сақал-мұрт өсiрген бе бұрын бабам?
Жүрмеймiн ендi неге соған ұқсап,
бүгiннiң жөнiн неге қалам ұстап?
Әнеки жұмсақ, үрпек сақалыммен
барады жерге түсiп… балалық шақ.
Бұл айтар ермек үшiн сөз ғана ма?
Бiр нәрсе жан түбiнде қозғала ма?
Ұстараң бала шақты отағасын,
әп-сәтте мен айналдым бозбалаға.
Тiрлiк сол! Бұлған бұл жәйт бұрында сан!
Ендiгi ой бөлек менде; — жымыңдасаң.
Құрбы қыз, бозбала еткен сорыңнан көр,
кәйтедi саған ендi қырындасам…
25.09.1963