Жаныма гүл егiлiп,
кей жанға ұнадым да.
Өмiрде күле бiлiп,
өмiрде жыладым да.
Шырқаса достар әнiн,
бақшалар жасанғанда,
өзiңдi еске аламын,
көзiме жас жалғанда.
Сол бiр кез ән салдырған
бейуақта сыр айтады.
Дидарың тамсандырған
жанымды мұңайтады.
Нұрыңа малынамын,
жадырап жүдеу арман.
Сенi әлi сағынамын,
кiсiдей дуаланған…
1963 жыл