Мүмкiн бе сүймеу сізді, ақсары қыз,
тәрiздi қара толқын шаштарыңыз.
Кеуiлiн қарттардың да оятқандай
аяқты салтанатпен басқаныңыз.
Мен сiздi көрген бойда жаны дүрдей,
көрген ем сұлулықтың тәңiрiндей.
Ой сарсаң, бойым дел-сал, көңiлiм алаң,
отырмын не болғанын әлi бiлмей…
1963 жыл