Палуанша бел ұстасып өлеңмен…

Палуанша бел ұстасып өлеңмен,
болашаққа жанымды ашып келем мен.
Ақ қағазға сөз асылын терем мен,
соқсам деймiн жырды болат, береннен.
Жас жанымнан жыр дауылы кеткенше
қанат қағам көкте ойнаған кептерше.
Ойсыздыққа құлағымды аспаймын,
сiлтеп қолды, тыйып бәрiн тастаймын.
Асқар жол бар маңдайымда ұстаған,
қаламым бар желдiң өзi ұштаған.
Бақытты емес, әр кезде мен тiлер ем,
ақ жанымша жарқыра деп бiр өлең.
 
25.08.1963

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *