* * *
Мойныңды, ашуланбай, бұр азырақ,
кетпесiн кеуiлде қос гүл ажырап.
Түйiлдi бала қабақ неге бiр сәт,
жаным-ау, қалып па едiң сiрә зiл ап?
* * *
Қыздардың болдым ғашық сұлуына,
тiрлiктiң қарамадым шылығына.
Алайда қасарыны арбап алды,
өмiрдiң ожар келген пұлы мына.
* * *
Бұл қыздың қайшылаумен қасы кеткен,
сонда да мен сорлыны ғашық еткен.
Шiркiн-ай, түн iшiнде бақша жақта,
тұрар ма ол ақ кеудесiн ашып өктем?
* * *
Бастыққа жорғалайды, қысылса аяп,
байлықтың ұстамақшы ол құсын саяқ.
Бiлгенге зор байлығың — екi аяғың,
керексiз артық байлық — үшiншi аяқ.
* * *
Көкпарды ала қашса қара сұр ат,
лап беред тартысуға бала шұбап.
Тiрлiктен мен де алуға сыбағамды,
келемiн қуларменен таласып-ақ.
* * *
Таңданам: тiрлiкке қол созғаныңда,
не өтерде демес дағдыр “сөздi орында”.
Таңданам: туылу өз қолыңда емес,
ал өлу кейбiр кезде өз қолыңда.
* * *
Шаттыққа толы күйi, күмбiрлерi,
тiрлiк те — жайқалған бiр қыз гүлдерi.
Кейбiреу сол тiрлiктi ардақтамас,
бiлмейдi өлерiн де бiр күндерi.
* * *
Жандар көп аузын тұрар параға ашып,
бiр бiрiн жүретiн не табаласып.
Сондықтан ат қойылады балаларға,
кетер деп жақсы, жаман араласып.
* * *
Жыл емес, адам жылға алаңдайды,
өткендi iздесе, ешкiм таба алмайды.
Шаштары ағарса да, қартайса да,
арамның жаны ешқашан ағармайды.
* * *
Ұрпағын етiп ақыл, сананы алар,
баулыса жақсылыққа бар аналар,
жойылып пасық жандар миллион есе,
адамзат миллион есе дана болар.
адамзат миллион есе дана болар.
* * *
Түндердi, араздықпен, кештi кешiп,
ұрысса ерлi-зейап төс тiресiп,
көрiнедi маған олар пышақпенен
жатқандай махаббатын кескiлесiп.
* * *
Махаббат су емес те төгiлсе егер,
жоқ онда шекаралар, бөлiмшелер.
Жаныңа махаббат та сонша жақын,
паспортың сонша жақын көрiнсе егер.
* * *
Елемей өзгелердiң қоштау үнiн,
сүйсiнтiп шын махаббат дос қауымын,
Ересен әр кезде де ерлiк етер,
қастықтың бұзыжарып тосқауылын.
* * *
Қарамай тұрмысына шөберенiң,
iнiнiң, ағайынның, немеренiң,
қолымда болса өмiрдiң бар бақыты,
достарға үлестiрiп берер едiм.
* * *
Жаныңды жақсы кеуде көп ұғады,
сыртыңнан, жаман кеуде, қол ұрады.
Таңданба, кей кездерi бiр кеудеде
жамандық жақсылықпен жолығады.
* * *
Сияқты пасық жандар көк төбе бiр,
мұқатса ол, — жасымасын төкпе кеуiл.
Дұшпан боп ондайларға, кек сақтама,
сүйместей ондайларға кектене бiл.
* * *
Жалаңаш нәрестеге өмiрдi ашқан,
кiм қалар қуанбастан, қол ұрмастан?
Жалаңаш ол тек ардан келсiн деген,
ешкiмнiң бұйрығы жоқ мөрiн басқан.
* * *
Бишаралар дүнияда тек қонар,
ақылды жан құсық кетсе, тоқталар.
Жапырақтың соларындай жылма жыл
ақымақтың өкiнiшi көп болар.
* * *
Бiр түсiңнен қорықсаң не жүдесең,
бiр түсiңде құшақтарсың Айды да.
Артық бiрақ ол елестен мың есе
тiрi жүрiп, көмiлгенiң қайғыға.
* * *
Кейбiр қолдар жауыздарға жұмсарса,
онан елдiң өшiн алғым келедi.
Кейбiр қолдар жазықсызға жұмсалса,
жұдырығын кесiп алғым келедi.
* * *
Бұл құмарлық бiреудi алтын санатар,
бұл құмарлық бiреулердi тонатар.
Онсыз бiрақ сүйдiм деген сөздерiң
жаңбыр күнi жанғиан отпен пара пар.
* * *
Рахмет айтып жүргендерге жарқырап,
қарғыс айтып күлгендерге қалтырап,
жақсыларға бергiм келедi жаманның
кәдiрлемес махаббатын тартып ап.
* * *
Шешесiнен түскен терiс шымшығым,
таусылмайды-ау өлгенiңше қырсығың.
Пилоткаңды “чарльстон” деп кергенде,
шығып неге кетпейдi екен ұршығың?
* * *
Шумақтау емес бiзге бұрында жат,—
басқаның саясына тығылмай-ақ,
Фирдоуси, Са‘ади, Хафиз жырын оқып,
жазамын ендi ғәзәл, рубайәт.
* * *
Чеховың қай жақтан да шын дәрiгер,
болмайды ол жалған сөйлеп, мүлде әбiгер.
Тiрлiктiң төрт құбыласын тең ұстаған,
бар жылар, сөз семiзi, мұнда күлер.
* * *
Чеховтың артық жағын мен көремiн,
мен оны Пушкинменен теңгеремiн.
Көредi кiмдер сөкет жазушының
кiсiнi қолмен, сөзбен емдегенiн?
* * *
Жыл басын ұлы Хәййәм наурыз дептi,
демейдi ел оны шаһтан сауда iздептi.
Көре алған төрт тоғысты ғұламаға
надандар өмiр бақи жаумыз дептi.
* * *
Фирдоуси жазуды зор пайда бiлген,
сыр шерткен Хәййәм, Хафиз Айға Күн мен.
Оларды «сарт» деп күлген қараңғылар
артына түк тастамай, қайда жүрген?
* * *
Болыпты қазақ қашан отырықшы?
Сен бiлсең, соның сырын тоқып ұқшы.
Тұрақты мекенi жоқ жақсылық па?
Менiңше, тарихшылар — өтiрiкшi.
* * *
Жандар бар аузын тұрар параға ашып,
не жүретiн бiр бiрiн табаласып.
Сондықтан ат қойылар балаларға,
кетер деп жақсы, жаман араласып.
* * *
«Жас қанат» қыран көкте асқақ аққан,—
айрылған «Жырға сапар» қос қанаттан.
Iшiнде оқырлықтай оңды өлең жоқ,
бұ кiтәб құтылмайды-ау масқара аттан.
1963 жыл