Ұстыны шірік ұсқынсыз шәңгек шайқалақтап тұр…

Жақында “Жас Алаш” газетiнде (20–22 шiлде, 2010) жарияланған мақаласынның алғашқы жолдарынан-ақ А.КеңшiлiкҰлы өзiнiң “өшпендiлiгiн”, “әлденеге жазғысы келмегенiн”, бiрақ “жала жабушылықтан, шашы тiк тҰрып”, “ашу-ызасы кеп,  қаны қайнап кеткендiгiн”, бiр жағынан менi “iзiне тұсiп алады деп қорқасоқтап”, маған “артыңды қазамыз” деп дөңайбат көрсететiнiн, әлдеқандай топ пен тобырдың ырқынан шыға алмай отырғандығын жасыра алмапты. Iзiнше “Билiкке жағыну ұшiн “Үшқоңыр” газетi арнайы тапсырма берген болу керек” деп Ұйғарып, менiң “Үшқоңыр” газетiнде жарық көрген “Тепсеңсiз қалған Темiрхан” деген әдеби сын мақаламды осыдан бес жыл бҰрын  жарияланған (“ЖҰлдыз”, 2005, N3), мерейтойға байланысты жазылған лебiздi өзара салыстыра сап, асығыс қорытынды жасап, менi Темiрханға “жала жабушы, кiр жағушы, принципсiз, Ұятсыз, бiр мақаласында айтқанының өңiн қайта өзгертiп жазушы”, “бҰрындары мақтайды, кейiннен даттайды”  деп, шәңгекке iлiп қоюға тырысыпты. Бiрақ, қас қылғанда,  әлгi Ұсқынсыз шәңгектiң Ұстыны шiрiк боп шықты.

Оның себебi мынадай. Ұмытпасам, 2005 жылдың бас жағында “Қазақ газеттерi” қоғамына қарайтын “ЖҰлдыз” журналы Бас редакторының орынбасары, жазушы ТҰрысбек Сәукетай “Қазақ газеттерi” АҚ-ына қарайтын “Ақиқат” журналының бас редакторы Т.Медетбектiң 60 жасқа толуына орай қҰттықтау, лебiз жазу жөнiнде юбилярдың со кезде тоғашы боп жұрген Қ.Тұменбай арқылы менiң жазғанымды қалайтыны жөнiнде емеурiн бiлдiргенiн айтты. БҰрын-соңды ондай қҰр мадақ жазып көрмеген мен бiрден бас тарттым. Оған қоса Темiрханның бар-жоғы бұгiн бар, ертең жоқ газет поэзиясының өкiлi екендiгiн айттым. Арада бiраз уақыт өттi. Бiрде журнал басшылығы Темiрхан жөнiнде ешкiмнiң жазбай отырғандығын, ендi журналдың қызметкерi ретiнде оны маған тапсыратындығын бiлдiрдi. Баспасөз этикасы бойынша, Басшылықтың тапсырмасын орындамауға болмайды. Оның ұстiне жас болса келiп қалды, пенсияға шығуға дейiн ұш-төрт жыл бар, басқа баратын жер де жоқ, әрi бiр Ұжымда қызмет iстейтiн кiсiнiң тойында, жылы лебiз бiлдiргенде тҰрған не бар, тойда не айтылмайды, сосын әлдеқандай “әдеби журналист” ұшiн өмiрiмде тҰңғыш рет маған жолды кеңiнен ашқан (ондай жағдай ендi болмайды да, оның маған қажетi де жоқ!), Ұзақ уақыт бойы бос жұрген менi қызметке алған журнал басшылығымен ищаласудың және ретi жоқ,— мiне осының бәрi себеп болды да, тапсырмамен, заказбен бiр жол жазып көрмеген мен бiр кұмәндi iске бел будым. Сосын Темiрханның жинақтары мен бiр томдығын оқып шығып, барабанды қаттырақ соғып, көп кемшiлiкке көздi жҰма қарап, Ә.Кекiлбаевтың екi жол өлеңдi ала сап, өз ойын айтып, қыза келе кiм жайында сөз қылып отырғанын Ұмытып та кететiн тәсiлiне басып, СҰлтанмахмҰдттың бiр атақты өлеңiндегi “бiздерде мынадай бар, мынадай бар” дегендi Ұстанып, деректердi келтiрiп, ешқандай да ашық пiкiр айтпай, жел сөзi көп лебiздi жаздым. Бiрақ сөз арасында Темiрханның өлеңдерi жайлы негiзгi өз пiкiрiмдi бiлдiретiн, аңғартатын мынадай жолдарды қыстырып отырдым: “Ондай газет поэзиясына жататын “өлеңдерде” жеке кiсiнiң  мҰң-шерi, жеке тағдыры т.б. мұлдем сөз де болмайтын” (“ЖҰлдыз”, 2005, N3, 169 б.), “Алғашқы Темiрхан мен алғашқы Кеңшiлiктiң  өлеңдерiнен ЖҰмекен мен Сырбайдың әсерлерi анық көрiнiп жататын” (169 б.), “Темiрхан көбiне шарттылау стильмен жазуға, метафорамен ойлауға ойысса…” (169 б.), “Кейде мҰндай талаптың эксперимент дәрежесiнде қалып қоятын кездерi де болады” (172 б.), “Темiрханда… “ол” деп ұшiншi жақтан сөйлеу, негiзгi мәселеге сырттан көз тастау, басқаша айтсақ, объективизм  басым. Кейде бҰл қасиеттiң оның өлеңдерiнiң температурасын тұсiрiп кете беретiн жерлерi де жоқ емес…” (173 б.бҰл салқындық, жансыздық деген сөз, — Б.А.), “…мҰның публицистикаға соқтыратын тұстары да жоқ емес. Кейде Темiрхан екi адамның арасында ғана болатын ең бiр нәзiк нәрселердi, қҰпия сырды жәй дауыспен, сыбырлап айтудың орнына, оны ешкiмнен де жасырмай, оған кұллi   жҰртты куә ете отырып айтуды онша ерсi көре де бермейдi. Сол себептi оның “менiнiң” “олға”, тiпте кейде “бiзге” тән жайдақтау келетiн қасиетi көп жерде бел алып кете бередi” (176 б.), “Ол өзiн бҰгiнгi тiрлiктен, бұгiнгi кұннiң  мәселелерiнен тыс жерде көре алмайды” (176 б.), “Оның… таңдамалы өлеңдерiнiң бiр томдығына, өзi айтқандай, “қара жәшiкте” жазылып қалған бiраз дұние енiптi. Онда не жоқ дейсiз? Бәрi бар!  Соларды шола қарағанда кей кездерi “әдеби газеттi” ерiксiз еске алатын тұстарың да болады. Әрине, осы арада өмiрде кездесетiн жәйттердiң барлығын сол қалпында, еш өңдемей, өзгертпей, “әдебилемей”, “монтаждамай” қара жәшiкке жазып ала берудiң кейде әдебиеттегi көркемдеу дейтiн шарттың талаптарына қайшы келiп жататын тұстары барлығын еске сала кеткен де жөн”(176 б.), “…мҰның барлығы  қара суша ағып жатқан тиянақсыз уақыттың сарқыраған ағысымен бiрге кейiнгi тарихқа қарай кететiн жәйттер. Ал шынайы көркемделген әдебиеттiң, соның iшiнде шарттылығы басым өнер — көркемделген поэзияның негiзгi iрi-iрi талаптары әлгi кұнделiктi баянсыз деректердiң деңгейiнен өте биiкте жатыр. Ендiгi бiр кезеңде Темiрханның әлгi замананың деректерiн барынша көп жинап, барынша көбiрек қамтып алуға тырысқан қара жәшiгiндегi дұниелердi қайтадан бiр ақтара қарап, оларды екшеп-елеп, сҰрыптап, басқа бiр деңгейде, басқа бiр тебiндiкке ойысуы керек-ақ” (177 б.) т.б.

Осы лебiз (әсте әдеби сын мақала емес!) журналда жарық көрдi. Егер бҰл той ұстiнде ауызша айтыла қалған немесе баспасөзде жарық көрмеген лебiз болса, мен Темiрхан жайында бiр жол да жазбаған болар едiм. Бiрақ баспасөзде жарияланған нәрсеңе жауап беретiн өзiңсiң, қалған сылтаудың бәрi жәй сөз. Оның ұстiне осы кезде әдеби-сын мақала жазғаным ұшiн менi “жерсiбiрге айдау керек, соттап,  қҰрту-жою қажет” т.б. деген жиналыстар жиi болып жатты, академиктер мен депутаттар, атақты кiсiлер мен “оқырмандар” т.б. қол қойған ресми мәлiмдемелер баспасөзде жариялана бастады. Соның соңы менiң журналдан кетуiммен аяқталды. Тағы да менiң сын мақалаларыма жол қайтадан жабылып қалды. Мен бәрiне қолымды бiр сiлтедiм. Содан соң белгiлi бiр жағдайға байланысты кеткен кемшiлiктi жөндеп қояйын деп, Темiрханның бұкiл жазғаны енген, қорытынды ретiндегi екi томдығымен танысып шығып, басқа мақалаларымда поэзия туралы айтып жұрген негiзгi пiкiрiме қайшы келетiн әлгi лебiздегi қыстырма пiкiрлердi толықтырып, кеңiтiп, мысалға алынған жолдарды қайтадан қарап, мақаланың жаңа нҰсқасын жасадым. Дәлiрек айтсам, оның өлеңдерiнен алынған 29 ұзiндiнiң 3-еуiн қысқарттым, 7 мысалды қайтадан қисындадым. Қалған 19 мысал, стилистика жағынан аздап жөнделгенi болмаса,  сол кұйiнде қалды. Одан тыс,  мақаланың жаңа нҰсқасында асығыстықтан кетiп қалған, көбiгi басым сөздердi, артық берiлген бағаларды т.б. сылып тастап,  пiкiрлерiмдi әрi қарай дамытып, тереңдетiп, толықтырып, Темiрханның жеке өлеңдерi туралы емес, жалпы жазғандарын шолып: “Қалай десең де‚ бұгiндерi Темiрханның тебiнiнiң тозғаны, тепсеңсiз қалғаны әдеби сынға ап-анық көрiнiп тҰр. Әзiрге айтарым‚ — Темiрханның  өз қатарынан оқшау шығып‚ жеке-дара жайылсам деп таппақ болған тепсеңiнен тапқан “олжасы” өте аз. Ашығын айтқанда‚ оның өлеңдерi өткен заманда жасаған халықтың дҰнияны сезiнуi мен ол жайында тұйген ой-пiкiрiнен мұлдем алшақтау жатыр. Ол көбiне сол замандағы баспасөз бетiнде жиi айтылып, әбден жауыр болған жағдайларды жерден жетi қоян тауып алғандай көрiп, еш ойланып-толғанбастан, қағаз бетiне тұсiре берген, тұсiре берген! Ең қиыны — ол өте салақ жазады, өлеңдi қарапайым етем деп, мұлдем тҰрпайы қарабайырлықтан арыла алмайды. Сол себептi де оның өлеңдерi өте сылбыр, босбелбеу, қарадұрсiн, кейде тiпте қолдан жасалған бiрдемедей аса жансыз, аса салқын боп келедi. Прозаизм өте көп. Соның ақырында оның жазған барлық дұниясы дерлiк баяғы халық айтқан “шөп те өлең, шөңге де өлең, өлең де өлең” дегеннен аса алмай қалған”, — деген қорытынды жасадым да, тартпама салып қойдым. БҰ жерде заказ да, тапсырма да, “өшпендiлiк” те т.б. мұлдем жоқ. Кейiнiнен осы нҰсқа “¶шқоңыр” газетiнде жарияланды. Бар тарих осы.

КеңшiлiкҰлы журналда шыққан лебiз (КеңшiлiкҰлы оны мақала деп әдейi бҰрмалап көрсетедi. Егер оны лебiз десе, бар жағдайды оқушы қауым бiрден тұсiне қояр едi,—Б.А.) бен оның әдеби шолу мақалаға айналған нҰсқасын салыстырған кезде мәтiндi қиып, қысқартып, қалауынша “монтаждап”, басқа жердегi пiкiрдi басқа бiр жерге  жабыстыра сап, баяғы ескi қулыққа басыпты. Сұйтiп қорытынды жасап, менi “бҰрын аузының суы қҰри мақтаған нәрсесiн кейiнiнен өшпендiлiкпен(?) жамандай салатын”, “принципсiз”, “Темiрханды жоққа шығаруға тырысқан”, “сҰмырай мақсатты көздеген”, “өшпендiлiк ниеттi”, “кiр жаққыш”, “жарық көрген мақаласының(?) тонын терiс айналдырып, жҰртты ақымақ қылып, басылымға бере салған”, “Ұятсыз” т.б. бiреу етiп шығаруға тырысыпты. Ал, шындығында,  солай ма? Мен ол лебiзде Темiрханның жазғандарын мақтадым ба, жалпы ол жайында жақсы-жаман деп бiр сөз айттым ба? БҰл жоқ қой! Аңдап оқыған кiсi мҰны бiрден аңғарады. Ендi соны дәлелдеу ұшiн КеңшiлiкҰлы салыстырған бар-жоғы 3 тҰсты сол қаз-қалпында келтiрейiн:

1.“Ол баяғы әсiре қызыл романтиктерше “ақша бҰлтқа” мiнiп ап, жерге әжуалай қарамайды және жердiң қойнауына кiрiп ап, орта ғасырлардағы сопыларша бҰ дұнияның қызығынан баз да кешпейдi, оның екi аяғы жерде нық тҰр. Ол бертiнiректе жазған бiр өлеңiнде де өзiнiң өлеңдерi туралы ойлана келiп:

ґлең боп мен келемiн,

содан жол боп таралғам.

Менiң әрбiр өлеңiм

топырақтан жаралған,—

деп ашық айтады. МҰндағы топырақ — туып-өскен жер, туған ауыл, одан әрi Отан, стиль жағынан — нақтылық, поэзиядағы реализм, кұнделiктi тiршiлiкке тән iрi-iрi мәселелердi қозғау, мҰны одан да әрмен алып қарастырғанда, ол ежелгi пәлсәпа бойынша жер бетiндегi кұллi тiршiлiктi дөреткен, соны дамытып, бекем Ұстап тҰрған негiзгi төрт заттың, төрт элементтiң бiрi.  Ол топырақтың өзiнше исi, өзiнше қасиетi бар… ( “ЖҰлдыз”, 2005, N3, 170 б.)

Көрiп отырсыздар, мҰнда Темiрханның өлеңiн, оның сөзiнше, “аузының суы қҰри мақтаған”  не бар? Бiр сөз де жоқ. Мен бҰл өлеңдi жақсы деп те, жаман деп те отырған жоқпын. Тек мысал келтiру, иллюстрация ғана. Баға деген атымен жоқ.

КеңшiлiкҰлы өзiнiң “аузының суы қҰри мақтаған”  дегенiн растайтын дәнеме таба алмай ендi, мәтiндi ұзiп-жҰлқып, қиып, келесi 171 беттен: “Мiне, осылайша поэзияда өздерiн өзi жиi қайталап, өз беттерiн көмескiлеп алған алпысыншы жылғы Ұрпақтың тоқырауға Ұшыраған тҰсында өлең жаза бастаған Темiрханның олардан өз iргесiн бөлектеп тiгiп, олардың өмiрi ұш Ұйықтаса тұсiне де енбейтiн мҰнай мен газды, телемҰнара мен телеайнаны, Маңғыстаудың ала шаңы мен аптабын, Тұркстанның базары мен қауын-қарбызын, телеграфтың сымы мен “қос қҰлағы едiрейiп тҰрған” антеннаны, шақырымдар мен нұктелердi т.б. негiзгi тақырыбы етiп алуы оның өзiнше ойлау жұйесiнiң ерекшелiгiн, көп тобырдың iшiнен аулақ, жырылып шыға бiлген даралығын, өз стилiне метафора мен тосын теңеудi бiрден бiр азбырай етiп алғандығын, өзiн толғандырған өз тақырыбы, өз мәселесi барлығын тайға таңба басқандай етiп көрсетедi. БҰл жағынан алғанда, Темiрхан 70-iншi жылғы Ұрпақтың арасында мұлдем оқшау тҰр”, — дегендi кесiп ап, 170 бетке жамай салады. Сұйтiп оқушы жҰртшылықты, өз жазғанындай, өзi “тонын терiс айналдырып, ақымақ қылып” отыр! Оны айтпағанда, ол келтiрген осы ұзiндiде қандай “аузынан суы қҰри мақтау” бар? Ол жоқ қой! Сосын аңғарған кiсiге Темiрханның “мҰнай мен газды, телемҰнара мен телеайнаны, Маңғыстаудың ала шаңы мен аптабын, Тұркстанның базары мен қауын-қарбызын, телеграфтың сымы мен “қос қҰлағы едiрейiп тҰрған” антеннаны, шақырымдар мен нұктелердi т.б. негiзгi тақырыбы етiп алуы” оның тақырып қуалағыштығын, олардың шынайы поэзияның объектiсiне айнала алмағандығын, кұнделiктi газет поэзиясына тән жеңiлтек, өтпелi нәрселер екендiгiн, қазақша айтқанда, “шөп те өлең, шөңге де өлең, өлең де өлең” екенiн бiрден-ақ бiлдiрмей ме?

2. “БҰл жерде және бiр айтарлығы, — Темiрхан не туралы жазса да, кейде жадағай публицистиканың, жамиғатнаманың жетегiнде кете бермейдi, оның қандай өлеңiнен де суреткерлiгi көрiнедi. Әсiресе, оның көзi Жапонстанда жасалған фотоаппараттың объективiндей өте-мөте қырағы, әрi ол жылт еткен ең бiр Ұсақ нәрсенiң өзiн жадына хаттай жазып ала қояды. Және бiр ерекшелiгi, оның метафоралары мен теңеулерi, жалпы көркемдейтiн азбырайы қазақ өлеңiне НТР-дың нобайы, көлеңкесi ретiнде кiрмей, ол қазақтың төл топырағына табан тiрей отырып, өзгеше бiр өң алады. БҰл жағынан келгенде Темiрханды, сөз жоқ, қазақ лирикасының орнығып, қалыптасуына ұлкен ұлес қосқан алпысыншы жылғы Ұрпақтың тоқырауға Ұшырап, тараң тақырыптың аясынан шыға алмай, өз тепсеңдерiн тоздыра бастаған шағында, соған қарсы iстелген әрекет ретiнде неше алуан тақырып пен жаңашыл поэтиканы қазақ өлеңiне алып келген жаңашыл шайыр деуге толық хақымыз бар. Әрине, мҰндай ұлкен талаптың кейде эксперимент дәрежесiнде қалып қоятын кездерi де болады, Темiрханның темiрдей метафораға толы өлеңдерiнде тың бояу, соны теңеу, жаңа метафоралар жыртылып айрылады:

Глобус тҰр алдымда

монтиған киiз ұйiмдей…

Ондағы уық, кереге — 

бойлықтар мен ендiктер….

Төңкерiп апты шаңырақтай

Солтұстiк МҰзды мҰхитты…

Темiржолдар созылған

пулеметтың лентасындай…

Жатқан сынды темекiсiн тҰтатып,

қайта-қайта найзағайын жағады.

Қауiптенiп тҰрды ұңiлiп аспанға

трубалар тiк шаншылып дұрбi сап…

МҰндай ажарлы жолдарды оның дұниелерiнен көптеп таба беруге болады. Ол ұшiн өлеңге объект болмайтын нәрсе жоқ. (“ЖҰлдыз”, 2005, N3, 172 б.).

Мен бҰл жерде де “аузымның суы қҰри” ештеңенi де мақтап отырған жоқпын. МҰндағы “суреткерлiк” — фотография ғана. Оны Жапонстанда жасалған аппаратқа теңеуiм де сондықтан. БҰл, басқаша айтқанда, деректi т.б. фотоға тұсiрiп алады, бiрақ оны көркем шығарманың өзегiне айналдыра алмайды деген сөз. Ал “тосын теңеу”, “метафора” дегендердi мен соңғы мақаламда да айтқанмын. Бiрақ та “тосын теңеу” де, “метафора” да, “жаңашыл поэтика” да, “ажарлы жолдар” да Темiрханды жақсы дұниелер жазды деген сөз емес, бәрi стильге қатысты айтылған сөз ғана. Ал “Ол ұшiн өлеңге объект болмайтын нәрсе жоқ” дегенiм яғни “шөп те өлең, шөңге де өлең, өлең де өлең” дегенiм, бҰл оның жазғандарында әдебиеттiң негiзгi объектiсi адамның жоқтығын, тосын метафоралар мен теңеулердiң сыртқы  жарқыл-жҰрқыл ғана екендiгiн аңғартады. Мақаламның соңғы нҰсқасында мен осы жерлердi нақтап, тереңдетiп, келтiрiлген өлең ұзiндiлерiн қайтадан қарап, теңеу мен метафоралардың сәттi-сәтсiздiгiн айтып, жаңадан қисындадым. КеңшiлiкҰлының “тонын айналдыра салады” деп отырғаны да осы жерлер.

3. “Темiрхан “Сталин өлген кұнi” дейтiн бiр өлеңiнде сол трагедияның сұсты сықпытын басқаша бiр тұрде бередi. “Халықтардың көсемi” қайтқан кұнi жҰртшылықтың бәрi қара жамылып жатқанда өлеңнiң кейiпкерi тосын бiр әрекет жасайды:

Кiм бiледi қай шайтанның тҰрткенiн,

Қожан ағам iшiп апты сол кұнi.

Ол ендi арақ iшкенi аздай:

Сталин сол өлген кұнi жұрiптi

Тұркстанның көшесiмен(дҰрысы — көшесiнде?) теңселiп.

Қожан ағам қолын сiлтеп, сөз сөйлеп,

Тiпте сонсоң ән салып та жiберген…

Осы саяси жұйедегi қатқан мҰздың ерiгенiн сезудiң, адам рухының бостандыққа шыға бастағанын көрсетердей көшеде “ән салып жiберудiң” ақыры жақсылыққа соқпайды. Сол “қылмысы” ұшiн:

…бiрер кұннiң iшiнде

Кеттi Қожан жиырма жылға сотталып!

БҰл да халқымыздың басында болған хал” (“ЖҰлдыз”, 2005, N3, 173–174 б.б.). 

Менiң бҰл өлең туралы бар айтқаным осы ғана! МҰнда  мен өлеңнен ұзiндiлер келтiрiп, баяндап қана отырмын, ауыздың суы қҰри мақтау атымен жоқ! Баға және жоқ. КеңшiлiкҰлы осы арада қулық iстеп, “аузының суы қҰры мақтайды” дегенiн тиянақтайтын дәнеменiң жоқтығын сезiп, бҰл өлеңге мұлдем қатысы жоқ, 172 беттегi басқа бiр өлеңге байланысты айтылған мынадай ұзiндiнi 173 беттен қиып ап, Қожан туралы өлеңнiң соңына жамай салған: “БҰл жерде және бiр айтарлығы алпысыншы жылдарғы буындардың поэзиясына аса сыршылдық, жеке бастың “менiнен” аса алмайтын субъективизм басым болса, Темiрханда керiсiнше, “мен” деп бiрiншi жақпен емес, “ол” деп ұшiншi жақпен сөйлеу, негiзгi мәселеге сырттан көз тастау, басқаша айтсақ, объективизм басым. Кейде бҰл қасиеттiң оның өлеңдерiнiң температурасын аздап тұсiрiп кете беретiн жерлерi де жоқ емес, бiрақ шайырдың объектiнi мұлдем басқаша бiр тосын қырынан көре алатын көзi әлгi олқылықтың орнын толтырып, кемшiн нәрсенi компенсациялап тҰрады. Бiрақ бҰл автордың өз позициясы, Ұстанған тарапы жоқ деген сөз емес..” т.б.

БҰ жерде де ауыздың суы қҰри мақтау атымен жоқ! Жоғарыдағы ұзiндiде айтылған “объективизмнiң басымдығы”, “мәселеге сырттан қарау”, яғни оның iшiне ене алмау, “температураның тұсiп кетуi”, яғни өлеңдегi салқындық, жансыздық, адамның жоқтығы, тек қана қҰр тақырыпты желеу ету, тақырыптың көркемделiп игерiлмеуi шынайы поэзия жоқ дегендi бiлдiредi! Темiрхан осы олқылықты бiлдiрмес ұшiн тосын теңеу мен метафораларды талғамсыз қолдана бередi. Мен қорытынды әдеби сын мақаламда мына лебiзде тҰспал, ишара ретiнде сөз арасында айтылған осы нәрселердi басын ашып, тереңдете тұстiм, толықтырдым, дәл емес тҰстарды қайтадан қарадым. Мiне, осы журналдағы мәтiн мен жаңа мақаладағы мәтiндi қалай болса солай салыстыра сап, қалауынша қиып, өзiнше “монтаждап”, “ойбай, өңiн айналдырды, бҰрын мақтағанын ендi жамандап отыр!” деп, КеңшiлiкҰлы менi екi сөздi, тҰрақсыз, қҰбыжық бiреу етiп көрсетуге тырысып, “ақынның поэзиясын көрге тыққысы келедi”, “поэзияны Бегдiлдаша сынаудың жаңа тәсiлi ашылды. Яғни, бҰрын бiреудi мақтаған мақаланың(?) тонын терiс айналдырып жiберсең(?), поэзияны Бегдiлдәша сынау болып шығады. Бегдiлдәдан мақтау естiген ақын-жазушылар болса, ол табыстарына масаттанбай-ақ қойсын. Ретi келсе, оның өңiн айналдырып, мұлде басқа мақала жасап жiберуге болатынына көздерiңiз жеткен шығар” т.б. деп әдеби қауымды арандатып,  маған қарсы айдап салуға тырысып бажылдайды.

Бiр қолайсыздығы, КеңшiлiкҰлының ойынша, сыншы бiр пiкiрiнен қайтпауы, тас боп қатып қалуы, оның ойының дамымауы, өзгермеуi т.б. керек сияқты. Ал әдебиет тарихында бҰған қарсы келтiретiн мысалым жетерлiк. Мәселен, В.Белинский “Литературные мечтания” деген атақты мақаласында iлгерiде болған орыс жазушылары, соның iшiнде Карамзин туралы қатты пiкiр айтқан едi. А.Пушкин сол мақаланы оқып шығып, Карамзин туралы өз ойын бiлдiргеннен кейiн, Белинский шығармасын қайта қарап, ой-пiкiрiн бiраз өзгерткен болатын. Ондай жағдай өзiмiзде  де бар. Мәселен, Ә.Тәжiбаев “ґмiр жөне поэзиясында” М.ЖҰмабаевтың өлеңдерiн сынаған-ды. Әбекең кейiнiнен өз пiкiрiн өзгертiп, Мағжанның жинағына алғысөз жазды. МҰндай нәрсе белгiлi сыншы-ғалым Ш.Елеукеновтiң басында да болды. Сонда, КеңшiлiкҰлының сөзiне сенсек, алғашқы өз пiкiрлерiн қайта қарап, өзгертiп, тереңдетiп жазған Белинский де, Тәжiбаев та, Елеукенов те “принципсiз”, “Ұятсыз”, “сҰмпайы мақсатты көздеген” т.б.  кiсiлер боп шыға ма? Жарайды, бҰған да көнелiк. Темiрханның екi томдығына көңiлжықпастықпен жаза салған алғысөзiнде Ә.Кекiлбаев, аңғарған кiсiге, өлеңдi бҰлай жазуға болмайтынын тҰспалдап айтқан пiкiрiн кейiннен қайта қарап, толықтырса, онда ол да “Ұятсыз”, “принципсiз” бiреу бола ма?  Жалпы КеңшiлiкҰлының автордың өз жазғанын қайтадан қарауын, жөндеуiн, қырнап-мiнеуiн айыптауы қалай? Ау, Л.Толстой өз романдарын оннан аса рет жөндеген жоқ па? Сонда романдарының алғашқы нҰсқасын шығармай, ақырғы нҰсқасын  неге шығарады т.б. деп Толстойға да “принципсiз”, “Ұятсыз”   деп айып тағуымыз керек пе? Ау, бҰл әркiмнiң өз еркi емес пе?

Сонымен КеңшiлiкҰлының маған таққан бар айыбы осы 3 мысалмен бiтедi. Оларда менiң Темiрхан туралы жақсы-жаман деп бiр де сөз айтпағаным, тек қана иллюстрация жасағаным, баға бермегенiм, керiсiнше, сөз арасында қыстырылған пiкiрлерде оның жәй ғана газет поэзиясының аясында жұргендiгiн, шынайы поэзияның жоқтығын, кейiннен жазғанының барлығын басқа деңгейде қарап шығуы керектiгiн айтқаным көрiнiп-ақ тҰр! Бiрақ КеңшiлiкҰлы ол ескертпелерге назар да аудармастан, мен айтпаған “аузының суы қҰри мақтайды” деген өз сөзiн маған таңып, “Ұятсыз”, “сҰмпайы”, “принципсiз” т.б. деп жеке басыма тiл тигiзе келе, сөзiнiң соңында менен “қылшығының да қисаймайтынын” (Австриялық ғалым О.Вейнингер 1903 жылы жарық көрген “Пол и характер” деген атақты еңбегiнде өтпелi бунақ туралы айта кеп, мҰндай қасиеттiң ер кiсiде емес, көбiне, әйел мен қызтекелерде болатындығын сипаттап, ғылымда ұлкен жаңалық ашқан едi! Шынында да, кiсi таңғалатын нәрсе емес пе?!)  мәлiмдейдi. Сосын менi бҰрын мақтағанын даттай салатын бiреу деп, өзiнше “масқаралаған” боп, шәңгекке iлiп қоюға қам жасайды.

Ендi бiрде ол өз сөзiнiң дәйексiздiгiн аңғарып, менiмен “айтысып абырой таппайтынын бiлетiндiгiн” “пәш етедi”. Мiне, бар мәселе осы “айтысуда”, пiкiр таластыруда жатыр. Егер ол менiң мақаламда айтылған жәйттерге қарсы өз пiкiрiн айтып, дәлелдерiн келтiрiп, мен байқамай қалған тҰстарды көрсетiп, шынайы дискуссия жасап жатса, жеке басқа тiл тигiзбесе, мен бҰл жауапты жазбаған да болар едiм. Оның орнына КеңшiлiкҰлы балағаттап, ойбай салып, жала жапқаны аздай, Б.Алдамжардан қашанғы қорқа беремiз”, “оны қашанғы төбемiзде тайраңдатамыз”, “тосқауыл қою керек т.б. деп Ұран тастап, әдеби қауымды маған қарсы топ қҰруға шақырады.

Оның маған тағатын айыптары да қызық. КеңшiлiкҰлы менi “жiбi тұзу бiр өлең де таба алмапты” деп кiнәлайды. БҰл арада ол сын жанрының қарапайым нәрселерiн бiле бiрмейтiнiн көрсетiп отыр. Мен жеке өлеңдердi талдап отырған жоқпын, бар-жоғы әдеби шолу мақала ғана жаздым. БҰл бiр. Екiншiден мен мақаламның қай жерiнде “жiбi тұзу бiр өлең де жоқ” деппiн?

Ендi бiр жерде ол менiң “кұрескер поэзия мен публицистиканы ажырата алатыныма кұдiк келтiредi”.  Мен де оның әдеби сауатының барлығына кұдiк келтiрем. Шынында келгенде, жанрды барынша тҰрпайыландыратын, шарттылығы мұлдем басым мҰндай топтау, жiктеу, соның iшiнде кұрескер поэзия, кұрескер емес поэзия т.б. деген болмайды. Ол поэзияның көп сипатының бiрi ғана. Осыны тамырлас жанр прозаға көшiрiп, кұрескер проза, кұрескер емес проза десек, қарасөзшiлер “мынау не деп отыр” деп, артын ашып кұлер едi.

Оның публицистика жөнiндегi пiкiрi де ұстiрт, тайыз. Ол “публицистиканың элементi” бар деп, Пушкиннiң декабристерге арнаған атақты өлеңiн келтiредi. Ол хат формасында жазылған өлең ғана. Орыс шайырының мҰндай сипаты басым дұниесi “Клеветникам России” дегенi.   Оны да шайыр белгiлi бiр себептермен жазған. БҰдан басқа Пушкинде дәнеме де жоқ. КеңшiлiкҰлы бҰған қолын бiр сiлтей сап, қыза келе “публицистиканың элементтерi жырауларда да бар” деп гәпiредi. БҰл да ұстiрттiк. Синкретизмi басым жыраулар поэзиясы туралы сөз қозғағанда тарихшылдық шартын сақтап қажет, осы заманғы әдебиет ғылымында қолданылатын терминдердi қолдану жаңсақтыққа соқтырады. Сонда оның қисынына сайсақ, “публицист жырау”, “публицистикалық жыр, терме, толғау” т.б. деп жаза  беруiмiз керек пе?

Ол ендi салыстыруды бiтiрiп, Темiрханның өлеңдерi жөнiнде сөз айтуға көшкенiнде, екi аяғынан бiрдей ақсайды. Мәтiнмен жҰмыс iстеу, терең талдау, әдеби материалдың iшiне ұңiлу, мазмҰн мен форманың қыбысқан-қабыспағанын аңдау, өмiр материалының қалай көркемделгенiн көрсету, дәлелдеу т.б. мұлдем жоқ. Ол бар болғаны материалдың сырт жағын ғана тамашалап, орысшаға толы шолақ, ажарсыз тiлiмен тамсанып, таңдайын қағып, басын шҰлғи бередi. Әрi дәлелiнiң аздығына, тiпте жоқтығына қарамастан, көп нәрсенi кесiп айтады. Ал бҰл оқушыны сендiрмейдi.

Бiр қызығы, ол өзiнiң менiң Темiрханның “табысы өте аз” деген  пiкiрiммен қалай “келiсетiнiн” аңдамай да қалыпты. Ол былай деп жазады: “Ертеректе жазған (бәр гәп мiне осында жатыр! — Б.А.) ақынның “Кұз көңiл”(?) деген өлеңiне назар аударып көрiңiзшi:

Көз жылайды кұнiмен, кұз жылайды тұнiмен,

тҰнжырайды кұнiмен, тҰнжырайды тұнiмен.

ЖҰмсақ, бiрақ ап-ауыр дыбысы оның қосылар

кеудемдегi сарғайған сағыныштың ұнiмен.

Кұз жылайды кұнiмен, кұз жылайды тұнiмен”, т.б.

Менiң де Темiрханның бұткiл жазғандарынан iздегенiм осы тақылеттес дұниелер. ЖҰмекен поэзиясының әсерi байқалып тҰрған (оның орысша калька тҰстарына назар аудармай-ақ қояйық!), жел сөзi жоқ, лирика кейiпкерiнiң жан дұниесi бар осындай өлеңдерi оның “өте аз табысына” жатады. Менiң өз мақаламда айтып отырғаным да осы. БҰ жерде дауласатын дәнеме де жоқ. Мен өткiншi дұниелер туралы сәуегейлiк жасап, болмаса ертеңгi уақытқа сiлтеп жатпай-ақ қояйын, ашығын айтсақ, Темiрханның қазақ халқы руһының исi де жоқ, “орыстанған”, “кейде орыс тiлiнiң синтаксисына бағынған” өлеңдерiн бұгiннiң өзiнде ешкiм де оқымайды, олардың халыққа керегi де жоқ. Осы арада “эксперименттiң королi” атанған А.Вознесенский жөнiнде Я.Смеляковтың өткен ғасырдың алпысыншы жылдары айтқан: “МҰндай өлеңдердi халыққа Ұсынуға болмайды”, — деген сөзi еске тұседi.

Бiр қолайсыздығы, КеңшiлiкҰлы кез келген мақаласында не жазғанын, қалай өмiр сұргенiн әдеби қауым жақсы бiлетiн өз әкесiнiң аяғын жер-көкке тигiзбей мақтай жөнеледi, әдеби этиканы сақтамайды, оған  тiпте пысқырып та қарамайды. Ол мына мақаласын да “сыншы болғандықтан” деп өзiн өзi көтермелеп қойып, “ұлкен талант” т.б. деп, әкесiн мадақтаудан бастапты.  Сосын “тамаша жәуһар” т. б. деп, Кеңшiлiктiң бiр өлеңiн келтiрiптi. БҰдан оның талғамы, көркемделген әдебиет туралы тұсiнiгiнiң шама-шарқы, қазақ сөзiн қалай сезiп, тұсiнетiндiгi, қай тiлде ойлайтындығы, материалды талдай алатын-алмайтындығы, жалпы өресi анық көрiнедi. Осы жерде айтарым,  оқушыға тұсiнiктi болсын деп, баспа редактурасының дағдысымен, мен әр сөзге, тiркеске, сөйлемге т.б. жасаған ескертпелерiмдi, қойған сҰрақтарымды  курсивпен жазып, жақшаның iшiне алып отырдым:

Әлi есiмде. (Шолақ сөйлем бiтпей тҰр, бҰл қазақ синтаксисiнiң заңдылығы бойынша, сөйлемнiң соңында, шамамен, тҰла бойым (iлiк септiгiнiң -ның деген жалғауы керек) тұршiгiп сала бергенi әлi есiмде немесе есiмде қалыпты). Мылтық атып, зембiлдермен (дҰрысы — зембiлге салу) жаралыны көтерiп(қалай?), окоптардағы қанды соқпақ(?) (бҰ не деген сөз? Бiр кiсi азар сыятын кiшкене окопта қанды соқпақ бола ма? Траншея болса бiр сәрi! пен оқ пен оттың лаулағанын (оқтың лаулағанын кiм көрiптi?) көрмесе де, әкемнiң, соғыстың салған лаңының (кiмге, елге ме? Анықтайтын бiр сөз керек) бұкiл тауқыметi мен тақсыретiн тартқан, майданнан(?) кейiн туған (майдан соғыс деген сөз емес, оның арабшадағы мағынасың алаң, дҰрысы — соғыстан кейiн туған) Ұрпақтың трагедиясын (ол қандай трагедия? ДҰрысы —хал-жағдайы болар) суреттеген (мына өлеңде суреттеген бiр жол бар ма? Ол жоқ қой!) бiр өлеңiн оқығанымда — жон арқама кiрпi аунағандай (кiрпi аунай ма? Аунай қалғанда, салмағы аз кiрпiнiң тiкенi кiсiнiң арқасына бата қоя ма? ДҰрысырағы — бiрдеңемен шабақтағандай болар), қойныма суық жылан кiрiп кеткендей (қойын деген сөздiң мағынасы әр тұрлi, жалпы жылан қойныма кiрдi деп қазақ айтпайды, қойныма алғаным, қойнымдағым жылан боп шықты т.б. деп әйелге байланысты айтады, сонда КеңшiлiкҰлы қойнына суық жыланды кiргiзiп алатындай қандай жағдайда тҰр, қалай десең де бҰл тiркес дәл емес)  тҰла бойым ( iлiк септiгiнiң -ның деген жалғауы керек) тұршiгiп сала берген-тҰғын. (КеңшiлiкҰлының сөзi, —Б.А.)

(Мынадай шынайы қазақы ойламмен қҰрылмаған, олақ жасалынған, iркiс-тiркiсi, мағынасын анық бiлмей қолдана салған сөздерi жетерлiк, стилистика жағынан екi аяғынан бiрдей ақсап жатқан олпы-солпы сөйлемдi оқыған кiсiнiң, шынында да, “тҰла бойы тұршiгiп сала бередi”. Бiрақ өзiнiң сауатты сөйлем қҰрай алмай жұргендiгiне қарамастан, КеңшiлiкҰлы өзiн өзi “сыншы болғандықтқан” деп қомпитып қойып, поэзия туралы жаза бередi?! — Б.А.).

Ол ерлiк қой — қан майданда от кешсең, (соғысқа                                              

                                                            қатысу да ерлiк пе?)

жауыңменен жағаласып кектессең ( қазақ кек алу, кек тұю т.б. дейдi,

                                     мҰндай жасанды етiстiк сөздi қолданбайды).

Оқ та кешпей (оқты қалай кешуге болады?), от та кешпей…

зардабын

арқалап көр (тарту болар?), бiр тамшы қан төкпестен (немене бiр тамшы

                         қан төгiлсе, соғыстың зардабы жеңiлдей ме?).

Соғыс көрмей (?), көр арқалап зардабын, (зардабты қалай арқалауға

                                           болады?)

көр арқалап(?) соңындағы салмағын(соғыстың елге т.б. салған

    салмағын қалай арқалауға болады? Жалпы салмақ салу деген тiркес

          мұлдем басқа мағынада қолданылады, ол сөз бҰл арада дәл емес ).

Сен әкеңнен, сен көкеңнен айрылдың,

сҰм соғыстың тауқыметi (тарттырған деген бiр сөз керек?) жан-

                                                                    жағың (дәл емес).

Ал көктеп(?) көр, ал бұрлеп(?) көр, қаулап(?) көр, (Не деген лепiрме сөз!?)

ал маздап(?) көр, ал лапылдап(?), лаулап көр(?).

(бҰлар гореть деген сөздiң калькасы, қазақшасы басқа)

Соғыстан соң… аққан қан мен шыққан жан(жаны шығу деген

               тiркес майданда мерт болудан гөрi басқа жағдайда қолданылады)

қҰнына(?) сен(кiм?) кұнәһардай (бҰ сөз ар-Ұжданға байланысты

                   қолданылады, соғысқҰмарға қолдынылмайды) жауап бер (кiмге

                                                                  айтып отыр?).

Сен жауап бер, келер Ұрпақ өтiнем (?)… (басқа бiреулер бастаған соғыс ұшiн

    неге Ұрпақ жауап беруге тиiстi? Неге оған соғысқҰмарлар жауап бермейдi,

                                       оны неге Ұрпақтан өтiнедi?)

дұниенiң тiк қарау (дҰрысы — тiке қарау) ұшiн бетiне (осы сөйлем

    орысша қҰрылған, немене жауап бере алмаса, дұниенiң бетiне тiке қарауға

                                болмай ма? Жалпы бҰ не деген сөз?).

Соғыс, соғыс! (жалпылама, лепiрме сөз)

Тастап кеткен (дҰрысы — қойған?) сауалың (о не сауал? Орысшадаға вопросы

                     дегендi тура мағынасында тұсiну, ал мҰның дҰрысы — мәселе)

жеткiзбейдi шалғайың мен шетiңе(ненiң? БҰл сауал емес, мәселең көп дегендi

                     анық жеткiзе алмай тҰр).

ґртi, дертi (соғыстың дертi бола ма?) — кетер соғыс зардабы,

(зардаб кете ме?)

кетер кегi,(қазақшада кек кету деген тiркес жоқ) қайғысы да

                                                  қандағы( адам қанында қайғы бола ма?).

БҰл жалғанда жалғыз бақыт (бiр ғана болар? Сосын балалық шақтан басқа

                 бақыт болмай ма?) — балалық,(дҰрысы — балалық шақ, кез)

менде (дҰрысы — менiң) бiрақ сол балалық болмады (бҰл у меня не

  было детства дегеннiң сөзбе сөз, тура аудармасы, калькасы,

  сiресiп тҰр, дҰрысы— балалық шақ, одан да дҰрысы — балалық

  шағым қызықсыз өттi, бала шағымда қҰмарым қанып, дҰрыстап ойнай да

  алмадым. БҰл әлi балалық жасау, iстеу т.б. деген мағынада екiҰшты

                                              Ұғылады).

Мылтық атып, мылтық (табыс септiгiнiң -ты деген жалғауы

                                              керек-ақ!?) оқтап көрмедiм,

қҰс қҰлатып (дҰрысы — қҰсты мылтықпен атып қҰлату),

                  гұлдi таптап көрмедiм. (дҰрысы — ұзiп, жҰлып болар, әрi немен?

                           БҰл сөз алдыңғы жолдағы “оқтапқа” Ұйқас ұшiн алынған,

                                                  келiсiп тҰрған жоқ).                                

Соғыстан соң… көрдiм (дҰрысы — зардабын тарту) кұллi (бҰл

   араб сөзi барлық сөзiмен синоним болса да, мҰндай тiркесте қолданыла

   бермейдi, оның мәнi басқашалау) зардабын,( ненiң? Бiр сөз керек),

балалығым жоқ (дәл емес, екiҰшты)  дейтiнiм — сол менiң.

(бҰдан да дәлiрегi — сондықтан)

Мен бҰл өлеңдi талдап та, жоғарыда келтiрген сын-ескертпелерiмдi таратып айтып та жатпаймын. Ең басты нәрселерге тоқталам. Шындығына келгенде, бҰл өлеңнiң соңғы шумақтың екi жолына дейiнгiсi қҰр жел сөз,  баяғыдан белгiлi жәйттердi қайталау, шешенсу, дiлмәрсу, автордың өз басына тән емес нәрселер. МҰндай өлеңдердi балалық шағы соғыс тұсына тура келген ТҰманбайлардың Ұрпағы баяғыда-ақ жазып тастаған-ды. Кеңшiлiк соны қайталап қана отыр. МҰндағы өлеңге арқау болар басты нәрсе — соғыстың кесiрiнен ерте есейiп, балалық шақтың қызығын көре алмау, дҰрыстап ойнай да алмау. Мына өлеңде осы ең басты нәрсе жоқ. Кеңшiлiк керексiз кiрiспеге көп тоқталып, соғыстың зиянды екендiгiн оқушыға тұсiндiрiп (онсыз да белгiлi нәрсенi не тұсiндiретiнi бар? Ол сыншының айтатын сөзi емес пе?), өлеңдi бастайтын жерге кеп, “өлеңдi” аяқтайды. Демек, бҰ жерде соғыс кезiндегi балалық шақ туралы өлең жазылған жоқ! Ашығын айтқанда, Кеңшiлiктiң өлеңi осы жерден басталуға, бала шағының қалайша қызғылықсыз өткендiгi, жас баланың ерте есейгендiгi, тҰрмыстың тауқыметiн ерте татқандығы т.б. лирикалық кейiпкердiң өн бойынан өтiп, кеңiнен ашылуға тиiс. БҰл жерде өлеңге кiрiспе желсөз, дiлмәрсу бар да, негiзгi нәрсе жоқ. БҰл Ұйқастырылған публицистикалық газет мақаласы ғана. Егер осы өлеңдi, Ұйқасын алып тастап, қарасөзге айналдырса, ешкiм де оқымас едi. ґкiнiшке орай, бiздiң бұгiндерi поэзия деп жұргенiмiздiң денi, шамамен, тоқсан пайызға жуығы дәл осындай Ұйқастырылған, шумаққа, ырғаққа тұсiрiлген, сырты жылтыр, iшi тайыз, поэтикалық сөйлемдер дҰрыс қҰрылмаған, троп дегендi желеу ғып, сөз мағынасы барынша бҰзылған, ең бастысы, көркемделген поэзиядан қашық жатқан, нақтыланбаған, әсiре дiлмәрсу мен шешенсуге толы, теңеу мен метафоралар т.б. сыртқы әшекей ұшiн қолданылған, лирика кейiпкерi жоқ болғандықтан жансыз да салқын боп шыққан, ең бастысы, қазақ халқының дұнияны тұйсiнуi, руһы, тұсiнiгi, қабылдауы көрiнбейтiн, сезiлмейтiн, барынша “орыстанған”, “европаланған” (Г.Бельгердiң Темiрханның өлеңдерiне тамсанатыны да сондықтан!), шын мәнiсiнде, бұгiн бар да, ертең жоқ, өтiп кететiн, өтiп кетуге тиiс арзанқол нәрселер. Менiң поэзия туралы жазылған ғылыми-зерттеу, әдеби сын мақалаларымда айтып та, көтерiп те жұргенiм — осы мәселелер. Ол мақалалар 2003-2005 жылдар аралығында “ЖҰлдызда” жарық көрiп едi, әлгiндей халтураны жасап жұргендердiң маған тарпа бас салды, олардың айтпаған сөзi, жаппаған жаласы, таңбаған ен-таңбасы қалмады. Сол дұниелер жарық көрген кезде редакцияға мысықтабандап, жымсия кұлiп кеп, қҰттықтап, талай рет қолымды алған, Ә.НҰрпейiсов жайында не “хикметтер” айтқан КеңшiлiкҰлының ендi жұз тоқсан градусқа айнала сап, “принципшiлдiк” көрсетiп отырған сұдiнi мынау!

Осы жерде ашық айтарым, КеңшiлiкҰлы тамсанып, “жәуһар” т.б. деген жоғарыдағы өлең, шын мәнiнде, өлең емес. БҰл арада жәуһар да, гәуһар да, мыс та, мырыш та, тiпте, қола мен аллюминий де жоқ. Бар болғаны — автор бҰ мысал арқылы олақтығын, жазуының қалыптаспағандығын, өз жолының жоқтығын, ұлкен әдеби мәселелер мен терең бiлiм жағын айтпағанда, бiр де бiр сәттi теңеу не метафора да таба алмағандығын, суреткерлiк қасиетiнiң кемдiгiн, ең бастысы, дҰрыстай ойлай алмайтындығын көрсетiп отыр. Сонысына қарамастан, Кеңшiлiктiң жазғандарында әр тұрлi дәрежедегi қазақилық болатын. Темiрхан да ол да жоқ. Ал оларды “классик”, “Ұлы ақын” т.б. деп мадақтап отырған КеңшiлiкҰлының талғамының сиқы әлгiндей!

Қорыта айтқанда, ол әдеби-сын мақалаға жатпайтын, НКВД-ның ұштiгiнiң жиналысында оқылатын ұкiм сияқты қойыртпақ бiрдемесiнде белгiлi бiр авторитеттерге сұйенiп, цитаталар келтiрiп, “пiкiр” айтуға тырысқанымен, жалпы әдебиет туралы өз пiкiрiнiң жоқтығын, жан-жақты толыспағанын,  әдеби бiлiмнiң бойына сiңбегенiн, қазақша еркiн, табиғи тұрде ойлай алмайтынын,  жазуының қалыптаспағанын, әдеби материалды талдай бiлмейтiнiн, дәлелдерiнiң  жетiспейтiнiн, оқушыны ойландыруға емес, зорлап иландыруға тырысатынын, субъективизмнен арыла алмай жұргендiгiн, талғамсыздығын, дұмбiлездiгiн, әдеби этиканы сақтай бiлмейтiндiгiн, адалдығының жоқтығын,  қазақ сөзiнiң нервiсiн жан-тәнiмен сезбейтiндiгiн, эстетикалық кереңдiктiң барлығын, көркемдiктi тұйсiнбейтiндiгiн, әдеби материалдан алған әсерiн айтпақ болғанда, тiлiнiң жете бермейтiндiгiн, көп нәрседе орашолақ, шикi екендiгiн анық көрсетiп қана қоймай, мына “аталасын”, шын мәнiнде, “сыншы болғандықтан” емес, шын мәнiнде, терең зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға қҰрылған, шынайы әдеби-сын мақала жазу қолынан келетiн “сыншы болмағандығынан” жазып отыр! Сонысына қарамастан ол әкесiндей менi, жеке басыма тiл тигiзiп, жала жауып, қаралап, балағаттағаны аздай, “қылшығының да қисаймайтынын” пәш етiп, белгiлi топ жасаған шәңгекке (оның кiсi асатын дар болмағанына шұкiршiлiк!) масқаралап iлiп қоюға барынша битiн салып бағыпты. Бiрақ арам тер бопты.

Ұстыны шiрiк ұсқынсыз шәңгек шайқалақтап тұр…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *