Жаңбырдың жауған сабалап,
кенеттен тына қалғаны:
иiнағаш сынды ғаламат,
көгiстеу ашық әр жағы,
Тағадай көкке қадалған,
қосылған жетi жасап нұр,
құбылып жүзi сан алуан,
орнады кемпiрқосақ бiр!
Бұрында көрген кiм мұны, —
тұрды ауа жұпар, бiр тымық.
Түскенде батар Күн нұры,
бояулар мүлдем құлпырып,
Қызғыш та көгiс, жап-жасыл,
қосылды сарғыш, ақшыл рең.
Бетiнде дiрiл салды асыр, —
мөлтiлдеп тұрған жас мүлдем!
Өзгерiп осы заматта,
сан түске көштi құбылып.
Ажарлы сонау алапқа
қарадым қайта үңiлiп.
Қараған сайын, тоймай көз,
әр сәтiн келдi аңлағым.
Жүргендей бұрын болмай кез,
әсерге әсем қанбадым.
Аздан соң тұрған дамылдап
көкжиекте, батып Күн кеттi.
Тамылжып тұрған табиғат
көрсеттi сосын құдiреттi:
ашық түс ұқсап тосапқа
қарайды. Кезде ол таралған,
жоғалды кемпiрқосақ та,
жоғалды түс, рең сан алуан.
Тұрмады-ау, ұза-а-ақ осы әттең!
Кәдiрiн сәттiң бiлсiн кiм?
Жастығым, кемпiрқосақ па ең,—
деп iштей жәймен күрсiндiм…
1963 жыл