Суреттiң салған жаны бар
сенедi кiмдер дегенге?
Түрi жоқ оның табылар,
қараймын таң боп мен елге.
Еске алып сонда Пушкиндi,
суретшi оның болғанын,
шоламын жәймен Шишкиндi
орыстың салған орманын,
суретiн көрем Куинджи,
айлы түн, тамы хохолдың…
Васнецов, Серов… құйын би…
Репин… балқып батар күн…
Шишкиннiң “қара бидайы”,
жапырағы жалбыр көк терек,
тыншыған тымық күн райы…
сәт бұдан асар жоқ демек.
Бiр кезде бәрi жанданып,
келедi көздiң алдына.
қараймын соған таңғалып,
деп сиқыр қандай бар жүдә?
Әсерi көпоның беретiн,
өнер бұл бiзге өзгерек.
Бояуды алуан көретiн,
шамасы, басқа көз керек.
Түсiрмек болсам мен соны
қағазға сөзбен бояулы,
түс, рең солып, ең соңы
қинайды келген ой әлгi.
Содан соң қатты қынжылам,
қалғасын шет боп құдiретке.
Кiнәлi сонда кiм бұған?
Мен бе әлде жанды сурет пе?
1963 жыл