Тұрса да өсiп ғажап тал…

Тұрса да өсiп ғажап тал,
тамылжып тұрсын бұл ғалам, —
салмаған сурет қазақтар,
алмаған қолға қылқалам.
 

Мал болып барлық баққаны,
жiбермей қиялды ол еркiне,
назарын салып жатпады,
дала, көк, таудың көркiне.
 

Қалпымен сосын ерiнген,
белiнен бояудың неше аттап,
жасылды бөлмей көгiңнен,
көк дедi бәрiн қосақтап.
 

Айтса да ол жыр мен неше әнiн,
болмады түспен iсi де.
Көрiнсе кемпiрқосағың,
көз тастап жетi түсiне,
 

ақ, қара, сары, қызыл деп,
бастысын ғана ажыратты.
Атса да не таң сiбiрлеп,
ажарлы болсын жазы қатты,
 

болды не сылқым сұлулар,—
салмады оның суретiн.
Кескiнi қалған кiмiм бар,
көрсетпек дала кiм бетiн?
 

Бiлмейдi мұны көп нөпiр,
суреттен шошид жұрт керең.
Бiз өмiр сүрдiк боп соқыр,
құдды көз сынды бiтпеген.
 

Сондықтан өткен — қараңғы,
бұрынғы заман — көк тұман.
Суретсiз заман, адамды
көрем деу… мұнда көп күмән.
 

Жел сөздi болмай елше оқыр,
тың жолды жақсы-ау бастасам.
Болмайын бүйтiп көрсоқыр,
болмайды көздi ашпасам.
 

1963 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *