Халқымыздың қилы-қилы уақиғаға толы күллиһи төл тарихында мемлекетiмiздiң жеке дара отау тiгiп, көрiнгенге көзiн сатпай, жан баласына жалтақтамай тiрлiк ете бастағанына он бес жылдың жүзi болып та қалды. Осы екi аралықта бiздiң елiмiздi сонау атам заманнан бермен қарай өз басынан ненi кешiрiп, ненi көргенiн соншалықты сығымдалған нұсқада қайтадан бiр өтiп шықты десе де болады. Ресейдегi төңкерiсшiлдердiң қазақ халқының келiсiмiн сұрамастан-ақ 1924-ыншы жылы өлке, кейiнiнен 1936-ыншы жыл одақтас республика еткен кезеңiнен бастап бiздiң жұртымыз сонау бағзы дәуiрде қалып қойған ақ табан шұбырындының жаңа бiр вариантын өз басынан кешiрдi: қауымдасу науқаны тұсында “қалқоздың” не екенiн түсiнбеген, жаңалықтан қатты үрiккен қазақ туған жерден ауа көшiп, шетел асты; 37-iншi жылдың қан қасап қырғынында оқымыстыларынан айрылды; Отан соғысында талай боздақтары шәйiт болды; Брежневтiң мамыражай заманында ендi-ендi есiн жия бастаған қалың елдiң сана-сезiмi қатты өсiп, қҮба қалмақ заманынан бермен өзiнiң асылы тегiндегi биокодына жазылған — жат дҮшпанға деген қарсылығы қайта оянып, 86-ыншы жылы жер-жаһанды дүр сiлкiнте ереуiлдедi. Соның ақыры Кеңес үкiметiнiң қҮлауына әкеп соқты. Елiмiз тәуелсiз болды. Дегенмен де алғашқы сәтте Ресей мемлекетiнiң басына ойда-жоқта келiп қалған есерсоқ Ельциннiң “кетiңдер, тәуелсiздiктi қалағандарың-ша алыңдар” деген аңғал да ақылсыздықпен айта салған сөзiн толық пайдалана алмай қалғанымыз рас та едi. Соның соңында Кеңес заманында “халықтардың жер аударылатын түрмесiне”, қарны ашқандарды тойдырып, нан беретiн “тың жерлерiне” айналған, әр түрлi жақтан келiп, басы қосыла қалған, тiлi де, дiнi де, мәдениетi мен менталитетi де мүлдем әр түрлi, 130-дан астам жҮртшылығы бар Қазақстан, шын мәнiнде, “Кiшi Кеңес Одағы” тәрiздi кейiпте қала бердi. Бiз жҮртшылыққа “қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ” дегендi қатты Үстанып отыра бердiк. Сол арада бiзге қарағанда ертерек отырықшыланып, капитал-пҮлдың кәдiр-қасиетiн ертерек бiлiп қалған ґзбекстан, Түркменстан, Тәжiкстан, Әзербайжандар мейманханаға төлейтҮғын жамбаспҮлы жоқ ағайындарға қытымырлық көрсетiп, басы артық боп жиналып қалған қолайсыз жүктен бiр арылып қалды. Ал бiзде өз кезiнде Кеңес заманының қолшоқпары болған, сол дәуiрдiң шенi мен шекпенiн барынша алып үлгерген, қолдан жасалған қуыршақ “көсемсымақ”, есерсоқ “орысшылдарымыз” “ойбай, республикадан мыйы барлар кетiп барады, бiз қу тақырда кеще боп қаламыз” т.б. деп қатын бажылға басып, үш жүз жыл бойы есемiз кеткен еңселi елге емшек сүтiн емген енесiне еркiнсiнгендей болып, ентелей барып, айғай-Үйғай салып, нағыз сатқындық жасады. Мiне, осындай бiр ғана бiздiң мемлекетiмiздiң емес, күллi қазақ халқының тағдыр-талайы шыныменен сынға түскен тайқымалы кезеңде алпысыншы жылдары желөкпе комсомолдың қомпылдаған Үраны мен қызылкөз коммунашылдардың алдамшы идеологиясының бел ортасында туып-өскен, Кеңестердiң басқару мектебiнен барынша сыналып өтiп, барынша шыңдала бiлген Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетiмiздiң тiзгiнiн өз қолына берiк алуы, шын мәнiнде, халқымызды төнiп тҮрған зор апаттан сақтай бiлдi. Оның бҮл арада Кеңес заманында басшы орындарда болғаны көп пайдасын тигiздi деп ашық айтуға болады. Алғашқы кезде аты америкалық делiнгенмен, заты басқа әлдеқандай экономикашылдардың, ашығын айтқанда, Кеңес кезiнде-ақ “болашағы жоқ деревняларды қҮрту керек” т.б. деп Үран тастап, орыстардың бҮхарасын қалаға қарай бездiрiп, олардың отбастарын бүлдiрiп, қаңғыбас “люмпен-пролетариатқа” айналдырып жiберген Т.Заславская, Н.Шмелев, Г.Явлинский, Г.Попов тәрiздi ихтисадшылармен ақырластардың азғырынды сөздерiне ерiп, Кеңес заманында болған “жаппай қауымдастыруға” (тоталитаризм) қарсы iстейтҮғын ем ретiнде “жаппай жекеменшiктендiру” дейтiн науқан бiзде де болмай қалған жоқ. Ол дүрбелеңнен дорба-дорба доллар менен қапшық-қапшық алтын тапқан алаяқтардың алды, Ресейде де, бiзде де, сол кездiң өзiнде-ақ шетел асып үлгердi. Гүмпiлдеген Гайдардың шiңкiлдеген даусына қҮлақ қойған Ельцин қолындағы билiктiң тiзгiнiн сол кезде-ақ шашып ала жаздады. Мiне, осы жерден бастап Назарбаев өзiнiң былайғы көзге онша анық болып көрiне қоймайтын, майысқақ та, терең саясатын қамырдан қыл тартқандай етiп жүргiзе бастады. Оның ең бiр өзектiсi — осы кезгi демократия дейтiн жалған айғай-шудың ауазасына ерiп кете бермей, оның облыстардың басшыларын тiкелей өзiнiң тағайындайтындығы болды. Елбасының мемлекеттiң iшкi механизiмiнiң жҮмыс iстеуiне бiрден бiр әсер етер осы бiр буынды жоймағанына қарсы шығып, әлдекiмнiң айтағы ма әлде өздерiнiң бар шамалары сол ма,— оны бiр Алла ғана бiледi,— бiзде де “оппозициямыз” деп бостан-босқа орқылдайтындар тағы да ойбай-шуын бастады. Ендi бүгiндерi Елбасының осы бiр көрегендiлiгiне бiз анық куә болып отырмыз. Кәзiрде есерсоқ Ельциннiң ешiре сөйлеген тҮсында шашып алған ел билiгiн Путиннiң өзi бҮрынғы қалпына келтiре алмай, неше түрлi айла-шарғы жасап, әбден әуре болып жатыр. Оны айтпағанда, сөзге бар да iске жоқ, алақандай қырғыз жҮртын өз аузына қарататын бiр сөз де айта алмаған, не бiр ауқымды iс тындыра алмаған физикашы Ақаевтың ашыққандар мен ашынғандардың әрекетiне шыдас бермей, шетел асқаны жәнә бар. Үш жүз жылдан астам уақыт бойы Қоқан, БҮхара, Хиуа мемлекеттерiнiң қҮрамында боп, ел басқарудың жүйесi мен тәртiбiне көндiгiп, мойын сҮнған халқы бар ґзбекстанның жағдайы анау! Түркi жҮртының iшiндегi ең жауынгерi деп саналатын сегiз арыс Сейiлханды билеп тҮрған Түркменбашының хал-ахуалы мынау! Солардағы жағдайларды көрiп-бiлiп отырып, бiздiң кейде iштей шүкiршiлiк ете бiлмейтiндiгiмiз, шындығында да, маған кейде қанағатсыздық сықылды боп көрiнедi де тҮрады. Оны кешегi өткен сайлау науқанында “оппозицияшылдардың” оданы әрекеттерi артығымен көрсеттi десем, еш артық айтқандығым болмайды.
Осы жерде менiң есiме ескi замандарда жазылған атақты “екiншi Үстаз” атанған әл-Фарабидiң рисәләлары, фарсының “Камуснамасы” мен арабтардың Испанияны, соның iшiнде Андалузияны жаулап алғанының нәтижесiнде Батыс Европаға қатты енген мҮсылман мәдәниятының әсерiмен, тiпте Шарқы авторларынан тiкелей көшiрiлiп жазылған деуге боларлықтай Н.Макиавеллидiң “Падиша” дейтiн кiтабы ерiксiз түсе бередi. Оның әр жағында Мысыр пәлсәпасы мен одан берiректегi Платонның еңбектерi жатыр. БҮл дүниелiктердiң қай-қайсысында да ел басқару өнерiн толығымен меңгерiп бiлу үшiн жҮмыр басты бәндәға қандай қасиеттердiң керектiгi ашық жазылған. Одан бермен қаншама заман өттi. Кәзiрде ел басқарам деген кiсiге сол Үлы кiтаптарда көрсетiлген қасиеттерден де басқа бiраз нәрсенiң керектiгi ешқандай да дау тудырмайды. Оның үстiне бҮрын-соңды өз алдына осындай бiр тҮтас мемлекет болып көрмеген, терiскейiңде — Ресей, түскей шығысыңда — Қытай сҮқты көздерiн қадап тҮрған Үлан-байтақ жерi бар бiзде ел тiзгiнiн Үстай қою оңай да емес. Оған талап қылған кiсiнiң, ең алдымен, өзiнiң соған лайықты, лайықсыз еместiгi жайында тереңiнен ойланып алғаны мақҮл. ґкiнiшке орай, Ресейдегi сықылды, бiзде де өмiрiнде он адамға бригадир болып көрмеген, ел басқармақ түгел, өзiнiң жеке отбасында қожайыншылық ете алмайтын алаңғасарлар жыртылып айрылады. Олардың денi қазақ халқының мҮң-мҮқтажын, тҮрмыс-тiршiлiгiн, әдет-ғҮрпын, тiлiн, мәдениетiн, салт-санасын, мақсат-мүддесiн мүлдем бiлмейтiн, тiпте бiлгiлерi де келмейтiн, өзiмiзде атам заманнан бар ел басқарудың үлгiсiн қҮртып-жойып, Батыстағы iрiп-шiри бастаған әлдеқандай шарттарды тура сол бойынша қазақ топырағына көшiрiп әкеле салуға жандары қҮмар, ашығын айтқанда, кешелерi қазақ даласында “кiшi октябрь” орнатқан қанiшер Голощекиннiң етiгiнiң қоншынынан аңдаусызда түсiп қалған, кезiнде Алматының асфальтында болттан жасалған “асық” ойнап өскен оңазалар. Оларға өздерi ойнап жүрiп бiтiре салған институттың дипломын қара сандыққа атып Үрып, өз мамандығынан ештеңе өндiре аламй, бiресе “саясатшы”, бiресе “ереуiлшi”, бiресе “ашыға салушы”, бiресе “оппозицияшыл” бола қалушы мунафиқтарды қосыңыз! Ондайларға ғайыптан тайып билiк тие қалған жағдайда, менiң көз алдыма философ жазушы Л.Леоновтың “Мироздание по-Дымкову” дейтiн романындағы қорқынышты көрiнiстер қазақ сахарасына орнайтындай боп келедi де тҮрады. Содан бiздi тағы да қҮдай сақтады деуге болады. Кешегi сайлау кезiнде қазақ халқы өзiнiң өте қатты есейгендiгiн, саяси жақтан қатты өскендiгiн, алаңғасарлар мен алдампаздардың, мылжыңдар мен мунафиқтардың аузы ашылған шампанның көбiгiнше бҮрқыраған сөздерiне сенбейтiндiктерiн көрсетiп, тарихи жақтан өте-мөте дҮрыс таңдау жасады: ел-жҮртымыз бiр ауыздан дерлiк Назарбаевты ақ киiзге салып, хан көтердi.
Сөз жоқ, бҮл арада таққа талас кезiнде ара-тҮра кездесiп қалған “әттеген-айлардың” болғандығын жасырудың еш ретi де жоқ. МҮндай бақ сыналар Үлы дуда ондай-ондай кемшiлiктердiң болмауы мүмкiн де емес. БҮл арадағы ең басты мәселе — алтын таққа отырсам деп талап қылушылардың өз ара салмақтарының тең болмағандығында жатыр. Шынын айтқанда, оппозициядағы бақ сынаушылардың iшiнде Ж.ТҮяқбайдан басқаларының барлығы да қазақ халқынан мүлдем аулақ, қашық жатқандар едi. Ел олардың бiрнеше жыл бойы баспасөздеiң беттерiнде жариялап жүрген iс-жоспарларын, бәрнама-программаларын жақсы бiледi. Қарсыластардың барлығының бiрiн бiрi қайталап айта беретiндерi бiр ғана сөз — “бiз демократия жасаймыз, халықтың көсегесiн көгертемiз, сөзге бостандық беремiз, экономиканы жақсартамыз” т.б. БҮл айтуға оңай, iстеуге қиын шаруалар. Сонда олар бҮл мақсаттарын қалай жүзеге асырады, оның механизмдерi қандай, ол шаруалар қандай тәртiппен, қандай ретпен жүзеге асады, тағы да баяғыша “қалқоздасу” науқанына Үрынбаймыз ба, оған қаражатты қайдан алады, өздерiнiң Үстанатын iшкi-сыртқы саясаттары қандай, жалпы мәдениетiмiздiң, бiлiм, ғылым, оқу ағарту, емдеудiң ахуалы, жҮртты еңбекпен қамтамасыз етудiң жолдары, ауыл мен қаланың ара қатынасы қалай болмақ, жастар, әр түрлi Үлт өкiлдерi, дiн т.б. жөнiнде қандай iс-шаралар жасалады, т.б. — мiне, осыған олар ешқандай да нақтылы жауап бере алған жоқ. Оның есесiне сайлау кезiнде көпiрген көп сөз эфирден түспей қойды. Назарбаевтың олардан оза шыққан тҮсы да осы болатын. Әрине, бҮл арада билiк басында отырған Елбасының қай қорада жүргендiктерi белгiсiздеу қарсыластарына қарағанда Үйымдастыруға келгенде қҮлашының кең екендiгiн ескерген де ләзiм. Дегенмен де алдына ала жасалынған “сценарийдiң” өзiн iске асыру үшiн де терең ақыл, қарымдылық, белгiлi бiр “рөлдi” шынайы етiп орындай бiлушiлiк, шешендiк пен көсемдiк өте-мөте керек. Мәселен, кезiнде кеңесшiлерi өте күштi болған Рейган “рөлге” енiп, жаттап алған сөздерiмен-ақ өзiне қарағанда әлдеқайда бiлiмдi, романтизмi басым, көпiрме Горбачевтiң жауырынын талай жерде жер искетiп кете бiлдi. Әрине, ел басқару iсiнде Кеңес заманында-ақ барынша шыңдалған, барынша жетiлген Назарбаев сайлау кезiнде телеайнадан бiрнеше сағат бойы қағаз бетiне бiр рет те қарамастан суырыла сөйлеп, жҮртшылықтың қойған сҮрақтарына барынша нақты да дәлелдi жауап берiп, iшкi-сыртқы саясатта да, экономика, финанс, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларында да өзiнiң сҮңғыла екендiгiн, “жаттанды сөзi” жоқтығын бiлдiрiп, репетсiз “рейгандарды” он орап кететiндiгiн анық көрсете алды. БҮл, шын мәнiнде, Назарбаевтың барынша толысқан, оңы-солын анық аңдаған, мемлекеттiң ертеңiне көз жүгiрте алатын, өткен мен бүгiнгiнiң сабақтарын бiр бiрiне телiп, оларды өзара жалғастыра бiлетiн, кемел саясатшы, кемел басшы екендiгiн аңық аңғартқан ең бiр шырқауға самғай Үшқан сәтi едi. МҮны Елбасшысын Үлықтайтын рәсiмге келген еңселi елдердiң басшылары да мойындап айтты. Ендi мҮны падишаға қарауындағы бағыныштылардың, соның iшiнде, кеуiлi мен көздерiн тҮман басқан тәйтiк-айтовтарша қарақан қара бастың қамын көздеп сала қҮлаш жырлар жазғыштар, ән шығарғыш сақалбай сатымсақтар мен сақал-шашы ақ селеуленiп қалғанына қарамастан көпшiк қойғыштардың мәймөңкелеп жасаған жағымпаздығы деп тайыз түсiнбей, мҮны өзге емес, өз халқымыздың қалың ортасынан жарып шыққан, нағыз серке бола алатын азамат бар деп бiздiң де мойындағанымыз жөн. БҮл, бiрiншiден, бiздiң халық ретiнде мәдениетiмiздiң жоғарылығын, екiншiден, көсем болған кiсiнiң өзгеде жоқ артық қасиеттерi бар екендiгiн көре бiле алатындығымызды, үшiншiден, қҮба қалмақ заманында бiр бәтуаға кеп, ауыз бiршiлiк жасап, жҮртымызды сырттан төнiп келген зор апаттан сақтап қалған үш Үлы бидiң Үлы үрдiсiн бүгiнде де сақтай бiлер қалпымыздың барлығын анық аңғартады. БҮндай аталы жолға көнбей, қияс тартқандарды атам қазақ баяғыда-ақ “қырық кiсi — бiр жақ, қыңыр кiсi — бiр жақ” деп дәл тауып, таңбалап айтқан. Ол жөнiнде Үлықтау рәсiмiнiң үстiнде Елбасының өзi де ашық айтты. Шындығына келгенде, бiздiң оданы елдердiң орайсыз үгiт-насихатына ерiп, “оқыранып” жүрген “оппозицияшылдарымыз” космостан келген кiсiлер емес, олардың барлығы да азамат ретiндегi хақыларының толық екендiгiн растайтын заңды хҮжаттары бар, кәдiмгi өзiмiздiң қатардағы азаматтарымыз, бәрi де кеше ғана Назарбаевтың қызмет бабымен көтерген кадрлары. Ендеше бҮл арада “кадр” деген сөздiң кәдiрiн қашырып, “өз қағынан жеритҮғын қҮлан жоқ” және оларды жерiтпеу де керек. Оның үстiне, Назарбаев пен “оппозицияшылардың” бәрнама-программаларының араларында көзге түсiп тҮрған айырмашылық жоқтың қасы. Егерде олар шыныменен Елбасымыз жүргiзiп отырған iшкi-сыртқы саясатпен, экономикадағы программалармен т.б. келiспейтiн болса, онда неге өздерiнiң жеке дара бәрнамаларын Үсынбайды? Ау, олар тым қҮрымаса, далақпай демократияның дал-далын шығарып, бiр кездегi “пролетариаттың диктатурасына” қарсы амал ретiнде оқыған-тоқыған зиялы қауымның диктатурасын орнатамыз деп те айта алмай жүр емес пе? Оны айтпағанда, олар кәзiрде басқыншы империялардың елдiң көзiн алдайтын сиқыршыларша соншама дабырайтып жүрген “демократия” дегенiнiң елдi билеу өнерiнде соншалықты жетiлген, бiрден бiр кемел жол еместiгiн де неге ашық айта алмайды? Кезiнде дәл осы демократияның солақай шарттары Мысырдан кейiн дүние жүзi халықтарына орасан зор iлiм-бiлiмнiң кенiшiн қалдырған атақты Афиныдың түбiне жетпеп пе едi? Жалпы алғанда бар саламызды соншалықты либералдандыру, бетiне қоя беру, өз тiзгiнiн өздерiне Үстата салу бiр басында тоталитаризм тҮрған таразының екiншi басындағы бiржақтылық емес пе? Оған сонда мемлекет өз тарапынан бақылауды қалай Үйымдастыра алады? Оның механизмдерi жҮмыс iстеп отыр ма? Ендеше бiздiң сол бiр ескi кәтелiктердi, ашығын айтқанда, рухани жақтан бағыт-бағдары мүлдем шашыраңқы келетiн, мушриқ заманында етек алған “саяси шаманизмдi” адамның ойлау жүйесi мүлдем жетiлiп, үлкен-үлкен ассоциацияларды қару етiп, күрделi қисындарды бiр түйiнге келтiрiп, тҮжырымдай алуға қолы жетiп отырған жаңа ғасырда бәшарияттың баяғыдағы тарихи жолында бастан кешкен, көнерген ескi бiр шарттарына алаңдап, соны жаңғырта қайталаймыз дегенiмiз қалай өзi? Оның үстiне қазақ халқы өткен ғасырларда қаласа, ханды сайлай салатын, қаламаса, ханды түсiре салатын, нағыз дала “демократиясының” дәл ортасынан шықпап па едi? Жалпы бiр кездерi этноним болмаған, бүгiнгi түсiнiгiмiзден мағынасы мүлдем бөлек “қазақ”, “қазақлық” т.б. деген сөздердiң мағынасының өзi осы демократия деген Үғымды бiлдiредi емес пе? Бiздiң сондай дарақы “демократияшылдығымызды” пайдаланған Ресейдiң отаршылдары қазақ даласын аз ғана уақыттың iшiнде, 1830-1860 жылдары оп-оңай жаулап алмап па едi? Ендi мынадай жаңа кезеңде бiздiң тарихтың сондай берген тағлымынан сабақ түймейтiнiмiз нелiктен? Ағайын арасындағы ештеңеге арзымайтын азғантай ашу-араздықты Америка асырып, ол бiр бiздiң маңдайымыздан сипай қоятындай көрiп, әулекiленiп жүргендiгiмiз шындығында алысты ойлағандық па? БҮл арада бiзге үлгi-өнеге көрсетпекшi болып жүрген АҚШ-тың iшкi жағдайына осы бiз тереңiнен үңiлiп көрдiк пе? Егерде оларда шыныменен демократия орнаған болса, онда неге АҚШ-та билiк басына бар-жоғы екi-ақ партияның мүшелерi, соның iшiнде, англо-сакстар ғана президент болып кезектесiп келе бередi? Олардың сайлау деп шуылдатып жүргендерi шын мәнiндегi алдын ала жасалынған “сценарий” емес деп кiм айта алады? Оны айтпағанда, империяшылдардың өз елдерiндегi басқарудың үлгiсiн басқа жҮрттарға сырттан зорлап таңамыз деуi шыныменен “демократияның” шарттарына жата қояр ма екен? Әр халықтың билiктiң қандай түрiн таңдаймыз деуiне хақысы бар емес пе? МҮны кәзiр Ираққа мҮнай үшiн басып кiрген АҚШ-тың ақылсыз әрекетi толығымен көрсетiп отырған жоқ па?
Мiне, осының бәрiн жан-жақты талдап, қарастыра келгенде, бiздiң бүгiндерi оппозиция деп оза шауып жүргендерiмiз, шын мәнiнде, Елбасының жүргiзiп отырған iшкi-сыртқы саясатына т.б. қарсы позицияда тҮрған берекелi топ емес, керiсiнше, өз бетi, өз программасы жоқ, қҮр билiкке таласқан “саяси секта” ғана! Ендеше күнi ертең ғайыптан тайып, қолдарына билiк тие қалған жағдайда, шаруаны неден бастарын да анық бiле бермейтiн секектегiш “сектаны” шетке қақпай, бетке соқпай, алты алаштың абызына ала бiлгеннен дҮрысы жоқ.
Сонымен, бүгiндерi бiздiң iшкi қҮрылысы Конституцияға (бҮл Ата заң емес, арабтар оны “дустурун — дәстүр” дейдi,—Б.А.) негiзделген төл мемлекетiмiз, оны басқару үшiн жасалынған iшкi механизмдердiң қҮрамына кiретiн атқарушы орган ретiндегi үкiметiмiз, заң шығаратын мәжiлiс пен қазылық жасайтын сот жүйесi дейтiн мекемелерiмiз бар. МҮны жинақтап айтқанда, кәзiр бiздiң басқарушы жәнә атқарушы дейтiн екi үлкен салаға бөлiнетiн мекемелерiмiз қалыптасты. Әрине, мҮны осы қалпында еш өзгермейтiн, дамып жетiлмейтiн бiрдеңедей көре қоюға болмайды. Осы екi саланың әр қайсысы да әрбiр елдiң өз ерекшелiктерiне, тарихи тәжiрибелерiне, дiнi мен тҮрмыс-тiршiлiгiне, этностың iшкi қҮрылымына, тiлi мен салт-санасына т.б. сәйкес жаңғырып, жетiлiп, үнемi өрiстеп отыруға тиiс. БҮл арада кешегi тәуелсiздiк алған кездегi жалпы Үранға ерiп, Батыс Европадан қалай болса солай қабылдай салған, қазақ халқы баяғыда-ақ даладағы тiршiлiгi кезiнде өтiп кеткен, шын мәнiнде, Орта Азия хандықтарында бола қоймаған, бiзге онша таңсық емес демократия дейтiн ел басқарудың шарттарын қайтадан таразыға салып, оны қайтадан сараптап көрудiң қажеттiгi бүгiнгi күнi өз өзiнен белгiлi болып отыр. Қалай дегенде де қандай да болмасын мемлекеттiң шаруашылығы мен өндiрiсiнiң, жалпы тҮрмыс-тiршiлiгiнiң көркеюi үшiн, ең алдымен, күллi халықтың жҮмыс iстеуi, оны алаңдата беретiн қолайсыз жағдайларды болдырмайтын тиыштық, елдiң ынтымағы мен ауызбiршiлiгi, басқару мен атқару органдарында берiк орын тепкен әдiлеттiлiк керек. МҮны басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттiң iшкi баспалдағаның ең төменгi сатысында тҮрған қарапайым кiсiнiң ертеңгi күнiм не болар екен деп алаңдамай, өз отбасын не керекпен қамтамасыз етуi, бала-шағасын жақсылап тәрбиелеуi, оларды оқыта алуы, өзiнiң еңбек етуi, ертең қартайғанда сол еңбегiнiң игiлiгiн көре алуы, тегiн емделуi, сол қоғамның мүшесi ретiнде өзiнiң ой-пiкiрiн жалтақтамай еркiн айта алуы, сол үшiн қудаланбауы, басқарушы органдарды сайлауға жәнә өзiнiң соған сайлануға толық хақысы бар азамат ретiнде өзiн өзi еркiн сезiне алуы, жеке басының мүддесiн көпшiлiктiң мүддесiмен үйлестiре бiлуi, өз қауымының арман-мақсатын көздейтiн шынайы отаншыл болуы өте-мөте қажет. Осы шарттарды жақсылап жүзеге асыра алған қандай мемлекеттiң де Үзақ өмiр сүре алатындығы сөзсiз. БҮған керiсiнше, осы шарттардың өзара үлестiрiлмеген-дiгiнен, қауымның iшiндегi гармонияның бҮзылғандығынан заманында жер-жаһанды атақ-дәрпi дүрiлдеткен не бiр қҮдiреттi империялардың сырттай қарағанда жәй ғана пәнәйы себептердiң нәтижесiнде күйреп кеткендiгiн бiз тарихтан жақсы бiлемiз. Бiз сондай ойда-жоқта күйрей салған СССР-дiң абызынан шыққан елмiз. Ол кездегi жiберiлген кәтелiктер мен кеткен кемшiлiктер бүгiндерi бiзге жақсы сабақ болуға тиiс. Әрине, осындай орасан зор мiндеттердiң барлығын бас-аяғы айналдырған он-он бес жылдың iшiнде iске асыра қою тiпте мүмкiн де емес. Дегенменен осы қысқа мерзiм iшiнде Назарбаев басқарған Қазақстан бүгiннiң өзiнде жер-жаһанның бәрi дерлiк бiлетiн iргелi мемлекетке айнала бiлдi. Ең бастысы, бiз асты-үстi де қазынаға толы Үлан-байтақ жерiмiзге сҮқты көзiн қадаған арамзалардың арандатуына түсiп қалмай, әулекi алаяқтардың қол жаулығы болып кетпей, өзiмiздiң ешкiмге онша жалтақтамай, жеке дара саясат жүргiзе алатындығымызды анық көрсеттiк. БҮл жерде сыртқы саясатқа келгенде ешқандай да мәңгi достықтың, ешқандай да мәңгi жаулықтың жоқ екендiгiн, ол саясаттың өте ептейлi, керек жерiнде майысқақ, керек жерiнде қатаң болуының қажеттiгiн басшылықтың жақсы ескергендiгiн ашық айта кету керек. МҮны қазақ “қырық жыл достық жоқ, қырық жыл жаулық жоқ” деп атам заманда-ақ тап басып, тауып айтқан-ды. Бiзге қарағанда бҮрынғы Кеңес үкiметiнен әбден ақырет-азарды көрiп бiткендей боп, сол конфликтiнi қолдан ушықтыра түсiп, “қҮдайы көршiсiмен” қырғи қабақ бола кетуге даяр екендiгiн көрсеткен Балтық бойының елдерi мен Украина, Грузия, Молдованың бүгiнгi жағдайлары кiм-кiмге де сабақ болуға тиiс. БҮл, басқа жақтан алып қарастырғанда, өз қамбаңда ел-жҮртыңды асырайтын астығың болмай тҮрып, оны өзiң әке-көкелеп, жалынып-жалпайып сатып алып отырған мемлекетке қыр көрсетумен бiрдей нәрсе ғана. Егерде әлгi қҮдiреттi ел саған астығын сатпай қойса, не iстер едiң? Ондайда гүмпiлдеген қҮр сөз елге азық бола ала ма? Әлде үйтiп қауыз жеген қоразша қҮр гүмпимей, өз қамбаңды астыққа толтырып алғанға дейiн әлгi қҮдiреттi елмен қабақ шытыспаған, екi арадағы қарым-қатынасты үзбеген жөн бе? Қамбаң — астыққа, қазынаң — алтынға толса, елiң тоқ, еш уайымы жоқ болса, ата жҮртты қорғайтын әскерiңе жетерлiк мылтық-сылтығың, дәрi-дәрмегiң асып жығылып жатса, өз iшiңде сырттағы дҮшпандардың арамза әрекетiн жолатпайтын ауызбiршiлiк, елдiң Үйытқысы салтанат қҮрса, кешелерi саған қомсына қараған қасыңның өзi сенiмен талай-талай шаршы майданда санаса бастамай ма? Соған өз қолың өз аузыңа жетпей жатып асығудың не жөнi бар? Қазақ мҮндайда “асығыстық шайтанның iсi” демейтiн бе едi? Мiне, бiзде осы “шайтанның” жайлағысы келгендiгiн, басқаша айтқанда, дҮшпан жҮрттардың бiздi өз iшiнен iрiп-шiрiп, бүлiне берсiн деген арамза ниетпенен ақша-пҮлын басып берiп, қара жерден екi қҮлағы тiк келетiн жiк шығаруды көздеп отырғандықтарын еш Үмытуға болмайды. БҮл жөнiнде жақында Ресейдегi әр түрлi Үйымдарға қаражат берiп, жалған “қамқорсынып” жүрген Англияның жансыздары жөнiнде В.Путин ашық айтты. Одан тыс, мҮндай әрекеттiң аяғының неге апарып соқтырғанын бiз Қырғызстан, ґзбекстан, Украинаның соңғы кездегi бастарынан кешiрген хикметтерiнен де анық көрiп отырмыз. Дәл осындай жағдайда, егерде iргелi ел, мықты мемлекет боламыз десек, бiздiң ала қойды бөле қырықпай, бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарудың қандай жағдайда iске асатынын тереңiнен ойластыратын уақытымыз жеттi. Оның үстiне бүгiндерi сонау тоқсаныншы жылдардың бас жағында Елбасының алға қойған Үлы мақсатының барар өрiсi мен жетер мәресi де анық көрiне бастады. Оған бiз, Елбасы көрсеткендей, 2030-ыншы жылы жете аламыз ба, әлде ол меже одан әрi Үзарып кете ме, оған жете қалған күнде, одан кейiнгi түпкi мақсатымыз қандай болмақшы, — мiне, осының бәрiн өткен 15 жылымызға қайтадан бiр үңiле отырып, жалтақтамай ашық сөз етiп, дҮрыстап анықтап алғанның еш зияны жоқ.
Осы қысқа мерзiм iшiнде тарихи уақиға, тарихи жеңiс ретiнде саналуға тиiс атқарылған бiрнеше iрi-iрi шаруа бар. Соның бiрi — ата-бабаларымыздың найзаның Үшымен, бiлектiң күшiмен көздiң қарашығындай етiп сақтай бiлген Үлан-байтақ жерiмiзге ендi ешкiмнiң көз алартуға хақысы жоқтығын көрсететiн өз шекарамызды хатқа түсiрiп, заңдастырып, бекiтiп алғандығымыз. БҮл арада Елбасы “бастан қҮлақ садаға” деген шартты Үстана отырып, өте көреген саясат жасай бiлдi. Келер замандарда, қандай жағдай туа қалса да, осы ауқымда көрсетiлген жердiң барлығы да қазақтың өз жерi саналады! Ендi Атырау теңiзiндегi тиесiлi межемiздi анықтасақ, шекарамыздың өне бойына екi арасы сиректеу болса да күзет қоя алатындай жағдайға жетсек, онда iшкi шаруамызбен алаңсыз айналыса беруге болады.
Екiншi бiр үлкен жетiстiк,— Елбасының iшкi саясатта өте икемдi жолды Үстана отырып, 130-дан астам ел-жҮрттың, әр түрлi дiндi Үстанатын қауымдардың мүдделерiн бiр бiрiне қайшы қоймай, оларды өзара үйлестiре алғандығы. Сырттай қарағанда, “достық” т.б. сықылды әшейiн жел сөздей боп көрiнгенiмен, бҮл өзi оп-оңай атқарыла қойылатын шаруа емес. Оның үстiне Қазақстандағы ел-жҮрттың осыншама ала-қҮлалығын Европа мен Американың өздерi де бастарынан кешiрiп көрген емес. Олардың бүгiндерi соншама дардайтып, дақпырт етiп айтып жүрген Швейцария мен Канададағы жағдайлары Үлыстарының саны өте көп Қазақстандағы жағдаймен мүлдем салыстыруға да келмейдi. Мәселен, бiз бүгiндерi Батыс Европаның тарихында болған крест таққандардың жөнсiз жорығын, инквизацияны, гугеноттарды қырған кездi, лютершiлдiк пен пуританшылдықты, католицизмнiң қатыгездiгiн, еврейлердi талқандаған шақты, кешегi “Үлтшылдықты”, нацизмдi, Америка мен Африка халықтарын отарлаған сорақы кезеңдердi т.б. жақсы бiлемiз. БҮған керiсiнше, ислам цивилизациясы өркендеп, салтанат қҮрған Шарқы елдерiнде мҮның бiр де бiрi болған емес! Бүгiндерi мiне осы шындықты жалпы жҮртшылықтан жасыру үшiн баяғы атышулы “европоцентризм” мен “орысшылдықтың”, одан әрi кеңiрек айтқанда, католицизм мен православиенiң Үлы ислам цивилизациясының Шарқы тарихында атқарған ересен зор қызметiнiң дәрәжасын төмендету үшiн қайтадан бас көтере бастағандығын ашық айта кету керек. БҮлардың осы жерде көздеп отырған негiзгi нысанасы да бiздегi әр түрлi дiндi тҮтынатын 130-дан астам ел-жҮрттың ең бiр осал тҮсы — наным-сенiмi, салт-санасы, дiнi мен менталитетi. Соның себебiнен бiзде соңғы кездерi 40-тан астам әр түрлi конфессия өкiлдерiнң Қазақстанда тайраңдап, өздерiнiң үгiт-насихаттарын емiн-еркiн жүргiзуi қатты ойландыруға тиiс. Әрине, бҮл арада Елбасының тiкелей басшылығымен қҮрылған Халықтардың Ассамблеясының атқарып жүрген қызметi мен дүние жүзiндегi барша дiн өкiлдерiнiң Астана бас қосып, өткiзген жиыны белгiлi бiр дәрежеде әлгi қауiптiң бетiн қайтарғандай болып отыр. Бiрақ бҮл уақытша шара ғана. Ол келiсiм мен тиыштықтың Үзаққа созылуы үшiн бiздiң Лубнан (Ливан) мен Палестинадағы жағдайларды үнемi ескерiп отыруымыз керек. Тiптен бҮл арада бiзге Мысырдағы халқының саны жағынан бар-жоғы 5-6 файызға жетерлiк насырани коптылардың тарихи тәжiрибелерi де, Түркиядағы курдтардың жағдайлары да, Европадағы Косовоның бастан кешiп отырған хикметтерi де, өз ел-жҮрты 98 файыз болып отырған Жапония мемлекетiнiң қҮрылысы да, Қытайдағы Үйғырлар мен тибеттiктердiң тағдыр-талайлары да т.б. жақсы сабақ бола алады. Қалай дегенмен де “ортақ өгiзден оңаша бҮзау” дейтiн қазақтың көреген сөзiн еш уақытта Үмытпаған жөн. Ондай соқаға әркiм келiп жеге беретiн ортақ өгiз ертең-ақ ыңыршағы айналып, көтерем халге жетедi. Ал бiз түптiң түбiнде Қазақстанның “көтерем” емес, қуатты мемлекет болғанын көздеуге тиiспiз. Ол үшiн бiздiң бүгiнгi жүргiзiп отырған iшкi-сыртқы саясатымызға, сырты — “ескi”, iшi — “жаңа” боп бiрден көзге Үра қоймайтын, әр түрлi қауымдардың тарапынан болатын кедергiден, үйкелiстен онша қиналмай өтетiндей етiлiп сыртына барынша жылтыратып лак жағылған бiраз жаңалықтың өте абайлап енгенi ләзiм. БҮл арада есерсоқ экстремизмге жол жоқ болуға тиiс.
Үшiншi үлкен жетiстiк — елiмiздегi тҮрақты жағдайдың қалыптасқандығына көзi жеткендiктен, сырттағы қалтасы қалың алпауыттардың бiздiң өндiрiсiмiзге өз қаражаттарын жҮмсап жатқандығы. МҮндай жағдайға жетуге зар боп отырған басқа мемлекеттер аз да емес. Дегенмен де бҮл арада тереңiнен ойланатын тҮстар баршылық. Қалай десең де, әлемдегi артта қалған талай елдiң қаны-сөлiн теспей сорған алпауыттардың Қазақстан көркейiп кете қойсын деп, омырауларын кеңiнен ашып келе қоймайтындықтары бес енеден белгiлi. Олардың бҮл жерде бар ойлайтындары — ең алдымен, өз қалталарының қампия түсуi. Одан қалғаны — бiздiң нәпақамыз. МҮны бiздiң мҮнайымыздың айналысына аш масаша ызыңдап, үймелеп жүрген шетелдiң компаниялары анық көрсетiп те отыр. Түптiң түбiнде шикiзатты ертең түбi таусылмайтын қара қҮдықтай көрiп кiм көрiнген далақтап сата берудiң зиян екендiгiне көзiмiз жетедi. БҮл жөнiнде Назарбаев үнемi ашық айтып та жүр. БҮл арада өз қолым өз аузыма қашан жетедi деп қараптан қарап отыра бермей, өз бетiңше қам-қарекет жасаудан басқа ешқандай жол жоқ. Оның ең дҮрысы — өзара бiрiккен кәсiпорындар жасап, шетелдерде кеңiнен қолданылып жүрген технологияның қыр-сырын жақсылап меңгерiп алу. Мәселен, “Тойота” компаниясы өз жолын 1937-iншi жылдары асқақтап тҮрған американдықтармен бiрiгiп, шаруаны машинаны жәй ғана қҮрастыратын қарапайым цехтан бастады. Ол кезде Шарқы халықтарына астамшылықпен қарайтын американдықтар жапондарды машина жасаудың технологиясын тез арада үйренiп ап, өздерiнiң ауыздарын айға қаратып кете қояды-ау деп ойлаған да емес. Ақыры “Үстаздан шәкiрт” озды. Содан 40-30 жыл өткесiн, жапондар амеркандықтардың өздерiн машина сату жөнiнен Европа түгел, өздерiнiң iшкi базарларынан тықсырып шығарды! Ол жағдай бүгiнде де баршылық. БҮл да бiздiң үнемi назарымызда болатын нәрсе. Шындығына келгенде, сол жағдайды темiр дейтiн шикiзат жыртылып айрылатын бiзде де жасауға болады. Бүгiндерi оның шет-пҮшпағы көрiне де бастады. Мәселен, ґскемендегi “Нива” жасайтын қҮрастырушы цехтың үлгiсiн одан әрi қарай жетiлдiре түсiп, немiс, жапон компанияларымен т.б. келiсе отырып, шетелдердiң үлгiсiндегi мәшинелердi өзiмiзде жасап шығаруға әбден болады. Сонда бүгiндерi жаппай iндетке айналып кеткен шетелдерден көлiк әкелiп сату, қосалқы бөлшектердi Европадан, Қытайдан алып келу т.б. дегендер тастай тыйылар едi. Ол үшiн көп нәрсенiң қажетi де жоқ, бар-жоғы машинаның қозғаушысын қҮятын, оған қажеттi артықбас бөлшектердi түр-түрiмен әзiрлейiн т.б. бiрнеше арнаулы зауыт ашу ғана керек! Ал бүйтуге бiздiң шамамыз әбден жетедi.
Компьютердiң техникасы жөнiнде де осыны айтуға әбден болады. Жалпы бүгiндерi бiзде электрониканың осы бiр ғажайып технологиясын тек қана шетелдiктер ойлап тауып, солар ғана жүзеге асырып отырғандай көретiн өте бiр үстiрт түсiнiк бар. Ал шындығына келгенде, есептегiштердi ойлап тапқан бiр ғана елдiң ғалымдары деуге болмайды, оның пайда болып дамуына адамзат баласының әр түрлi елдерiнен шыққан оқымыстылардың қосқан үлестерi аз емес. Мәселен, “Майкрософтың” жаңа ғасырда компьютердiң бiрден бiр қожайыны болам деуiне қандай негiз бар? Неге онымен жарысқа түсем дейтiн басқа компаниялар болмайды? Немене “Windowsтан” басқа операция жасайтын, “терезелер” емес, “парақтар” делiнетiн т.б. жаңа жүйенi ойлап табуға жол жабық па? Неге бiзде жаңа программа жасайтын жақсы мамандарды әзiрлеп шығармасқа? Ау, бiздiң математиктерiмiз дүние жүзiндегi талай-талай саңлақпын деп кердеңдегендердiң көп жерде алдын орап кетiп жүрген жоқ па? Ендеше өзiмiздiң осындай орасан зор мүмкiндiгiмiздi неге пайдаланбасқа?
Осындай сөздi телесандық (телевизор), мҮздатқыш, электр техникасының басқа да салалары жөнiнде айтуға болады. ґкiнiшке орай, бүгiндерi бiздiң техника жағынан кешелерi СССР-дан артта қалған Қытайдың көпке шыдас бере қоймайтын арзанқол тауарларын сатып алып, өзiмiздiң қолымыздан ештеме де келмейтiндей, әлгi ойыншық сықылды бҮйымдарға жҮмсалып жатқан қаржымыздың… түптiң түбiнде өзiмiзге көз алартар басқа ниеттегi елдiң экономикасын жақсартуға, күшейтуге жҮмсалып жатқандығы жөнiнде түк те ойланбастан, қҮр далақтап жүрген қалпымыз бар. БҮл жөнiнде Елбасымыз талай жерде айтып та жүр. Бiрақ о кiсiнiң айналасында топылып жүрген “уәзiрлерi” мен “сахабаларының” немен айналысатындықтары көпке бимәлiм.
Кәзiрде шетелдегi алпауыттарға сатылатын мҮнай мен газдың зор тасқынын қысқа да тура жолмен апаратын қҮбырларды салу жөнiнде аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, экономиканың алғаш рет өз аяғына мiне бастаған кезiнде шикiзатты осылайша сатып, қазынаны толтырып алу қажет те. Бiрақ бҮл арада бiзге тағы да саудагершiлiктен басқаға еш талабы жоқ Сауд Арабиясы, Араб Әмираттары, Куәйт және басқа да елдердiң бүгiндерi экономика саласында Үстанып отырған саясаттарының түпкiлiктi бағыт-бағдар бола алмайтынын қатты ескеру қажет. Оны айтпағанда, қара жердiң астыңғы бiр терең қыртысында жатқан, оның бiр белдеуiн шiрей Үстап тҮрған мҮнай мен газдың табиғаттағы өзара болатын тепе-теңдiгiн, табиғи балансын бҮзып, оларды өлшеп-пiшпей, жер бетiне шығара берсек, ертеңдерi экологияның ендi қайтып ескi қалпына келе қоймайтын зор апатына тап болуымыз онша қиын да емес. Қалай десең де, табиғатта таусылмайтын ештеме де жоқ. Бүгiндерi “Байқоңырдың” бiр өзi қазақ даласының үстiндегi, бәшариятты Үлы күннiң неше түрлi сәулелерiнiң әсерiнен қорғап тҮрған озон қабатын жҮртта қалып, мақтасы тоза бастаған ескi көрпеше шҮрық-тесiк етiп те болды. Ертеңдерi ол космодромнан неше түрлi тәжiрибе жасау үшiн жетi қат көкке қарай ғарышкемелерiн Үшырып жатқан елдердiң барлығы да өз жөндерiне кетедi, шөбi қурап, суы уланып, қу тақыр боп қалған сары далада зеңгiр көктен қҮйылып жатқан улы сәулелерге қандай қалқан қоярымызды бiлмей, тектен текке далақтаған бiз қаламыз. Бүгiндерi ондай жәйттiң алды бiзде қылаң берiп те үлгердi. Бiр кездерi оқ-дәрi үшiн аса керек мақтаны барынша көбiрек өсiремiз деп, Әмудария мен Сырдарияның енапат суын жырмыштай берiп, ақырында Арал теңiзiнен Үшқан тҮзға тап болып, қара жҮртта қала бердiк, — СССР болса тарап кеттi. Бiздiң ертеңдерi де осындай ескi кептi кимесiмiзге кiм кепiл?
Бiздегi төртiншi бiр жетiстiк, — жақсы болсын, бақсы болсын, қай патшалықтың кезiнде де екi елi ауызға салынатын төрт елi қақпақтан белгiлi бiр дәрежеде арыла бiлгендiгiмiз. Соған қарамастан бiзде “сөз бостандығы жоқ” т..б деп айғайлай беретiндер баршылық. Олар осы арада ондайлардың “сөз бостандығын жоқ” деп айғай салуға мүмкiндiгi болып отырғанының өзiнiң сол сөз бостандығының бiзде белгiлi бiр дәрежеде барлығын дәлелдейтiндiгi жөнiнде ойлай бермейтiнi қызық. Ондай оңазалар кешегi Кеңес заманында үйдеп айқайламақ түгел, мемлекет, қоғам, саясат т.б. жайында жҮрт көзiнше, тiпте оңашада өзiңе өзiңнiң сыбырлап бiрдеңе айта қоюыңның қиын болғандығын бiле де бермейдi. Бiз, аға Үрпақ, ол жағдайды басымыздан кештiк. Ол заманда жҮртының арын арлаған, намысын жыртысқан, бiрақ ауыздарына қҮм қҮйылған азаматтар аз болған жоқ. Бiр қызығы, сол кезеңде әлгiндей азаматтардың ауыздарына қҮм қҮйысқан, Ресейдiң сойылын соғар қызылкөз белсендi болған, талай-талай жиындарда коммунашылдардың қызыл билеттерiн көкке қарай көрсете сермеп, кеуделерiн соққылаған әулекiлер мен олардың өнегесiн Үстанған шенеунiк шәкiрттерi бүгiндерi аяқ астынан демократ бола қап, баспасөз бен телеайналарымыздың басшылығында “сыңсып” отыр! Соның салдарынан кәзiр бiзде жершiлдiк, топшылдық, рушылдық т.б. дегендер мамыр айында жайқала өскен жауқазындарша әбден “гүлдеп” тҮр! ґз тараптастарынан басқалардың мақала-сақалаларын баспайтын, басқаларды эфирге шығармайтын ондайлардың ешқайсысы да еркiн ойлы кiсiнi маңайларына жолатпайды. Соларына қарамастан, олардың өздерi “бiзде сөз бостандығы жоқ!” деп даусын жыртып, оған кiнәлi Елбасы дегендi неше түрлi қҮйтҮрқы тәсiлдермен, ишаратпен аңғартып, арсыздықпен айғай сала бередi. Кәзiрде топылып шығып жатқан газет-жорналдар мен жиiлеп кеткен телеайналарды белгiлi бiр жүздiң, белгiлi бiр ру мен тайпаның рупорлары десең, еш кәтелесе қоймайсың. Оған қарап жатқан Мәдениет, ақпарат және спорт жөнiндегi министрлiк жоқ. Оның үстiне осы мекеменiң басына мәдениетке де, әдебиетке де еш қатысы жоқ, спортшы деуге тоза бастаған тҮлғасын көре отырып және аузың бармайтын әлдеқандай кадрлардың келiп-кетуi жиiлеп кеттi. Соларды көрiп тҮрып, бiз сықылды көнекөздердiң кейде ескi замандардағы бар-жоғы екi-үш жылдың көлемiнде, атап айтқанда 1936-ыншы жылы Мәскеуде қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң онкүндiгiн тҮңғыш рет өткерген, “бiзде де Пушин мен Стальский бар” деп, Үлы Жамбыл, НҮрпейiс, Абайларды көтерген, бүгiнгi опера және балет театрының ғимаратын салдырған, ҚҮрманғазы оркестрi мен консерваториямызды аштырған, драма театрларын қҮрған, сол үшiн басын бәйгiге тiгiп атылып та кеткен, атақты нарком, қазақ халқының Үлы перзентi Темiрбек Жүргеновтiң iзбасарлары қайда кеттi деп ашынатын кездерiмiз де болмай қалмайды. Ол уақытта да бүгiнгiдей айғайшылдар болған. Оларға да Жүргенев бҮлтартпайтын дәлелдерiн алға тартып, жөндi жауабын берген. Мiне, осы қасиет бiздiң бүгiндерi тез болып, тез ауысып жатқан министрлерiмiзге мүлдем жетiспейдi. Шындығына келгенде, жалпы бағыт-бағдарды Елбасы белгiлеп бергеннен кейiн, бiздiң баспасөзiмiз бен телеайналарымызда сөз бостандығы шарттарының сақталып, сақталмай отырған-отырмағандығын қадағалау, соған орай әр түрлi шара қолдану уәзiр-мiнiстрдiң тiкелей мiндетi ғой! Бiрақ олар өздерiнiң қолдарынан келмей жатқан шаруаларды сырт көзден жасыру үшiн мойындарын iштерiне тартып, аңыс аңдыған бiр қалыптан арыла алмай-ақ қойды. Ендiгi бар үмiт қазақша да, орысша да сайрап тҮрған, екiленуi аздау сықылды боп көрiнетiн Е.Ертiсбаевта болып отыр. Оның бҮл арада атқаратын шаруасы жетерлiк. Ол ең алдымен өзiне дейiн болған, уәдеге жомарт, шаруаға олақ мини-мiнiстрлердiң жағдайсыздау жайлап кеткен жҮртында қалған кiр-қоқысты барынша тазалап алуы шарт. Онсыз оның макро-мiнiстр бола қоюы қиындау. БҮл жерде оның атқаратын шаруасының екi саласы бар: оның бiрiншiсi, — бүгiндерi топылып шығып жатқан баспасөздiң қаражатты қайдан алатындығын анықтау, сол арқылы ненi уағыздайтынын бiлу; екiншiсi — Ресейдiң газет, телеайналарымен бiрiгiп кетiп, бiзге өзге жҮрттың идеологиясын насихаттайтын, бiздi iштей iрiтудi көздеп отырған ақпарат қҮралдарын қатаң түрде тексеру, мүмкiндiгiнше, өз беттерiнше жеке-дара тiрлiк ете алмайтын болса, оларды жабу, басқаша айтқанда, идеология саласында қызмет ететiн баспасөзiмiзге т.б. басқа елдердiң баспасөздерiн т.б. араластырмау, оларды үкiметтiң тарапынан қатаң бақылауға алу. БҮл жерде бiзде соңғы жылдары ақпаратты бизнес деген өте үстүрт, өте жеңiлтек түсiнiктiң етек алып кеткендiгiн қатты ескермесе болмайды. МҮндай анықтама жалпы ой-пiкiрдi айту, тарату т.б. дегеннiң iшкi табиғатына мүлдем қайшы келедi. Қалай десең де ауыздан шыққан, қағазға жазылған сөздi, ой-пiкiрдi бизнестiң, пайда табудың көзiне айналдыру соны жазушы кiсiнiң ерiксiз сауда жасауына т.б. апарып соқтырады. Сол үшiн, яғни оқушыны өзiне тарту үшiн, жорналшы бүгiндерi ойына не келсе соны жазатын болып та жүр. БҮл салада соңғы бiр-екi жылдықтың көлемiнде “Жас Алаш” газетi алдына жан салмайтын болып алды. Оның беттерiнде жарияланып жүрген материалдардың денi “дейдi, дейдi, дейдi екен” мен “қатынбажыл”, “қатынөсектiң” әр жақ бер жағында жатқан нәрселер болып келедi. БҮдан “оппозицияшылмыз” деп жүргендердiң рупорларының да артылып бара жатқан дәнемесi жоқ. Ең бастысы, ондай баспасөздерге кәдiмгi қарапайым әдеп, ар-Үят, этика дегендер жетiсе бермейдi. БҮларға керiсiнше, ендi бiр баспасөз орындары өздерiнiң аттарына сай, жарғыларында көрсетiлiп, бекiтiлген негiзгi мәселелерiмен айналысудың орнына, Үлықтардың астарына көпшiк қойып, олардың жеке бастарын насихаттап, сүйтiп өздерiнiң түкке де арзымайтын майда мүдделерiн орындап қалуға биттерiн салып та жүр. Мәселен, “Қазақ әдебиетi” газетi, өз атынан көрiнiп тҮрғанындай, қазақ әдебиетiнiң келелi мәселелерiмен айналысуы керек қой. Ол жөнiнде соңғы үш-төрт жынлдың беделiнде бiр де бiр материал жариялап көрмеген осы газет бүгiндерi белгiлi бiр Үлықтардың шырт еткiзiп түкiрiп қалғанына дейiн дәрiптеп жаза беретiн нағыз жағымпаздықтың органына айналып отыр. Оның беттерiнде Алматы қаласының әкiмi И.Тасмағамбетовтен үй сҮраған, үй алғандары үшiн оған алғыс айтқан, оған арналған өлеңсымақтар және де басқа жағымпазданған материалдар еш қысылмастан жариялана беретiн болып алды. Осы газет кезiнде Мәдениет, ақпарат және спорт министрi болып тағайындалған кiсiлердi ертеңiне қҮттықтап, олардың суреттерiн берiп, жағымпаздануды әдетке айналдырған едi. Ендi осы орынға Е.Ертiсбаевты тағайындау жөнiнде Елбасының пәрмәны шыққан бойда-ақ, “Қазақ әдебиетi” мен “Әдебиет айдыны” оны қҮттықтаған, оның аяғына кеуiш қойып жiберуге өздерiнiң дайын екендiктерiн, малайлық жасауға да кет әрi еместiктерiн бiлдiрген т.б. материалдарды жариялап та үлгердi! БҮдан кейiн сөз бостандығы, демократия, баспасөздiң этикасы т.б. жайлы не деуге болады?!
Бесiншi жетiстiк,— бiзде қалай десе де, түрi де, формасы да Батыс Европадан қалай болса солай көшiрiлiп алынғанына қарамастан, бүгiндерi халықтың санасына аздап болса да сiңiсе бастаған парламентаризмнiң барлығы. Жалпы осы арада ойланатын тҮстар жетерлiк. Бiздiң, шетелдердегi сықылды, заң шығаратын мекемелердi парламент, мәжiлiс деп атап, француздың осы бiр сөзiнiң шын мағынасына онша үңiле бермегендiгiмiзден бiраз мүкi басқан тҮстарымыз бүгiндерi айқын бiлiнiп отыр. Французша “парле” сөйлеу, талқылау т.б. деген Үғымды бiлдiредi. Ал бҮл заң шығару деген сөз емес. Арабтың “мәжiлiс” деген сөзiнiң мағынасы да осымен қарайлас. Сонда осы мекеменiң негiзгi мiндетi белгiлi бiр мәселе, Үсынылған заңның жобасы т.б. бойынша кеңес өткiзу, оны талқылау болып шығады. Демек бiздiң мәжiлiсiмiз өзiнiң әу бастағы негiзгi атқаруға тиiс қызметiнен мүлдем көз жазып қалып отыр. Жалпы күллi халық өз өкiлдерiне өздерiнiң ерiк-ықтиярын, өкiлеттiгiн сенiп тапсырып, сол арқылы өздерiнiң мемлекеттi басқарудағы билiкке араласатындығын көрсететiн, соның белгiсi, сивмолы сықылды Мәжiлiстiң негiзгi мiндетi заң шығару емес, керiсiнше, ресми билiктiң атқарып жатқан жҮмыстарын қадағалап, оларды барша халықтың атынан бағалау, атқарушы мекемелерiнiң жасап жатқан жҮмыстарына өздерiнiң қалай қарайтындығын бiлдiру, бiр сөзбен айтқанда, бҮхара жҮрттың атынан билiкке араласу! Бiзде мiне осы қызметтi атқарудың орнына, заң жағынан мүлдем бiлiмi жоқ, тiпте аузындағы сөзiн дҮрыстап та айта алмайтын, айғай салып, Үпай жинауды ғана көздейтiн, көбi қалай болса солай сайлана қалған депутаттар… заң шығарумен әуре боп жүр! Ал заңды шығару, бҮрынғы заңдарды өмiрдiң талабына сәйкес жаңғыртып, өзгертiп, жетiлдiрiп отыру, негiзiнен, Әдiлет министрлiгiнiң мiндетi. БҮл арада депутаттар қоғамда туындап отырған iрi-iрi мәселелердi қозғап, соларды қалай шешудiң жолдарын айтып, өздерiнiң алдарына Әдiлет министрлiгi әзiрлеп әкелген заң жобаларын талқылап, ол жөнiнде пiкiрлерiн айтып, сол заңдарды бекiтiп, не бекiтпей отыруға тиiстi. Мiне, өзiнiң осындай тiкелей мiндетiнен ажырап, қолынан келмес шаруамен айналысып жүрген мәжiлiсте де, оған сайланбай қалған талапкерлердiң арасында да Үлт үшiн жасалынатын Үлы мақсатты көздеуге келгенде бiр кiсiдей жҮмылу, ауызбiршiлiк жасау бола бермейдi. МҮны өмiрдiң өзi кәзiр анық көрсетiп те отыр. Оған бiрден бiр себеп — бiздiң шетелдердiң тәжiрибелерiн өзiмiздiң халқымыздың ел басқару жайлы түсiнiгiне, әдiлеттi падиша жайлы ғасырлар бойы қалыптасып қалған наным-сенiмiне орай үйлестiрiп алмай, басқаша айтқанда, “қазақиландырмай”, оларды сол шикi күйiнде өз топырағымызға әкел салғандығымыз. Сол себептi де бiздiң азаматтарымыз мәжiлiс қҮру дегендi үнемi айтыс-тартыс жасау, қызыл өңеш болу, жоғарыдан айтылған Үсынысқа т.б. үнемi қарсы шығу, сүйтiп сол арқылы жалған бедел жинау, өзiн халықтың қамын жеп жүрген бiреу ғып көрсетуге тырысу т.б. деп өте тайыз түсiнедi. Бiздiң кәзiргi “оппозицияшыл”, Елбасына қарсы жақта, қарсы позицияда тҮрғандар деп жүргендерiмiздiң көбi осының әр жақ-бер жағындағылар. Олардың бiр сыпырасы кезiнде үкiметтiң қҮрамында болып, үлкен қызмет атқарғандар, кейiнiнен содан әлдеқандай себептерден босанып қалғандар. Егерде олар Елбасының жүргiзiп отырған iшкi-сыртқы саясатының негiзгi-негiзгi тармақтарымен келiспейтiн болса, онда неге олар осы ой-пiкiрлерiн өздерi қызмет iстеп жүрген кездерi ашық айтпады? Бiз олардың сол тҮстары Елбасының алдында қҮрдай жорғалап, жағымпаздана сөйлеп, жылмия күлгендiктерiн телеайнадан талай рет көрмедiк пе? Бүйтiп жеке бастың өкпесiне бола бҮхара жҮртты алдаймыз деу әуреге түсудiң өзi шынымен азаматшылыққа жата қояр ма екен?
Жақында телеайнадағы соңғы кездерi халық жақсы көрiп қарайтын “Дода” дейтiн хабарда Ә.Бәйменов “бүгiнгi мәжiлiстi таратып, қайтадан сайлау өткiзу керек” деген пiкiр айтты. Бiрақ оның неге екендiгi жайлы айтқан дәлелi онша кеуiлге қона қоймайды. Соған қарамастан мҮнда аздап болса бiр негiздiң барлығын айта кету керек. Жалпы бүткiл халыққа тән мәселелердi талқылауға мәжiлiске қоғамдағы әр түрлi топ, партия, бiрлестiктердiң т.б. аттарынан сайланған өкiлдердiң қатысқаны, өздерiнiң ой-пiкiрлерiн айтқаны жақсы. Одан, сол арқылы қауымның iшiндегi бар ой-пiкiрдiң бәрiнен Ел басшысының тiкелей хабардар болғаны дҮрыс. Ол үшiн бiздегi сайлау iсiнiң технологиясын одан әрмен жетiлдiре түсу қажет. БҮл арада “халық сайламай тастады, дауыс жетпей қалды” т.б. дейтiн дәлелдерге бүгiндерi ел-жҮрттың сенбей қарайтындығын да қатты ескерген жөн. БҮл мәселенi шешудiң неше түрлi жолы да бар. Ең әуелi республикамызда заңды түрде тiркелген ресми партиялардан, қозғалыстар мен Үйымдардан т.б. өздерiнiң мүшелерiнiң санына қарай Үсынылатын кандидаттарды сайлау керек пе, жоқ па, әлде оларды мәжiлiске бақылаушы, қосымша сөйлейтiн даусы бар мүше ретiнде қабылдау қажет пе т.б. дегендi анықтап алу керек. БҮл бiр. Екiншiден, бүгiндерi қҮр сайрағаннан басқа дым да бiтiрмей жүрген депутаттардың жалақыларын өзiнiң сайланғанша дейiн қызмет атқарған орнындағы айлығының көлемiнде ғана белгiлеп, олардың жүрiс-тҮрысына, сайлаушылардың алдына есеп беруiне, олармен кездесуiне т.б. кететiн шығынды оларды сайлаған облыс, аудандардың өз қалталарынан төлейтiндей ету қажет. Үшiншiден, өздерiнiң тапсырған шаруаларын атқара алмаған депутаттарды қайта шақырып алудың технологиясын оңайлатып, қайтып алынған оларды сол депутат болған мерзiмiнiң iшiнде жҮмсалған шығынды түгелдей немесе жартылай шамада қайтадан қазынаға қҮятындай ету керек. Сонда бiзде депутаттың да, оны сайлайтын халықтың да жауапкершiлiгi артады. ґкiнiшке орай, кәзiр бiзде бүйте қою мүлдем мүмкiн емес. Соны бiлетiн қулар Алматы мен Астананың екi арасында апта сайын “гөләйттап”, қыдырып, той тойлап жүретiн әдеттерiнен әлге дейiн жаңылатын емес!
Осы 15 жылдың iшiнде бiзде көзге түсерлiк басқа да жетiстiктер баршылық. Оның бәрiн тiзбелеп айтып жатудың онша қажетi деп шамалы. Ендi мемлекетiмiздiң негiзiн қҮрып, iргесiн бекiтетiн үлкен мақсаттың соңғы мәресi көрiне бастаған тҮста көп болып ойласатын, бҮрынғы атам қазақша айтқанда, “келiсiп пiшкен тон келте болмастың” салтымен, кеңесетiн жәйттер жетерлiк. Бiзге осындай Үлы кеңестiң ең бiр озық үлгiсiн атақты данышпан үш биiмiз баяғыда-ақ көрсеткен-дi. Сол үрдiстi Үстана отырып, бүгiнгi хал-ахқуалымды шола қарағанда, жеке өз басым, бүгiндерi бiзде қалыптасып қалған мемлекеттiң iшкi механизмдерiнiң онша өзара үйлесiмдi түрде жҮмыс iстей бермейтiн бiр жәйтiн айтқан болар едiм. Бiр ғана мысал. Елбасының қҮзырына тiкелей қарайтын облыстар мен аудандардың әкiмдерiнiң, шын мәнiнде, қолдарында тҮрған соншалықты үлкен билiк те жоқ. Олар әрi кеткенде қазынадан айлық алатын қызметкерлерге ғана ықпал ете алады. Шетелдерден келген компаниялар, әр түрлi қалтасы қалың “iскерсымақтар” оларға пысқырып та қарамайды. Ал шындығына келгенде облыстың әкiмi сол уәләйаттың барша шаруасына, өндiрiсiне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына, оның тҮрмыс-тiршiлiгiнiң дәрежесiне, мәдениетiне т.б. жауап беретiн, үкiметтiң белгiлеп бекiткен бәрнама-программасын жергiлiктi жерде тиянақты түрде жүзеге асыратын шынайы қожайыны болуға тиiс. Бiзде керiсiнше жыл сайын пәленбай миллион сом ақша игерiлмей қалды т.б. деп ақпар берiлiп жатады. Ал бҮл сол қаржыны көзiн тауып жҮмсап, шаруашылықты, өндiрiстi т.б. әрi қарай өркендете алмаған облыс әкiмiнiң кiм екендiгiн көрсететiн жағдай. Бiр мысал. Жақында Елбасы бiр министрдi жыл басында қазынан қылқылдап сҮрап алған қаржысын толығымен жҮмсай алмады, жоспарлауда кәтелiктер жiбердi, деп ашық сынады. БҮл арада ол министрдiң әлгi қаржыны қалтасына салып алмағандығына шүкiршiлiк ету аз, мына жәйт, ең алдымен, оның ол орында бостан босқа отырғандығын көрсетедi. Егер ол уәзiр жыл басында өз мекемесi жоспарлаған шаруаны толығымен атқарып, оған жҮмсалған қаржыны үнемдеп, қазынаға қайтарып берсе,— мiне, онда шаруа басқа! Сол үшiн оған алғыс айтуға болады. ґкiнiшке орай, бiзде ондай министрлердi таба қою оңай шаруа емес.
Соңғы жылдары бiзде iргелi шаруаны науқанға салып жiберу белең алып барады десе де болады. Мәселен, ауыл жылы деген программаның ниетi де, көздеген мақсаты да өте жақсы. Бiрақ соны толығымен атқарыла қойды деуге аузың бармайды. Қоғамдағы баспалдықтың төменгi жағында жүрген бiздерге ауылда тҮратын қазақтардың тҮрмыс-тiршiлiгiнiң т.б. қандай екендiгi жақсы мәлiм. БҮл жерде де жалған ақпар берушiлiк деген жетедi. Жалпы бiзде АҚШ пен Батыс Европадағы фермерлердiң өрiстетiп отырған шаруашылығының үлгiсiн көшiрiп әкеле салу онша жемiс берiп отырған жоқ. БҮған, бiрiншiден, бҮрындары қауым боп, екiншiден, Кеңес заманында қалқоз боп, Үйымдасып тiршiлiк еткен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан менталитетi бiрден бiр себепкер. Соның себебiнен кәзiрде “у iшсең,— руыңмен”, “өле жегенше, бөле же” деген данышпан нақылды талай замандар бойы Үстанып келген қонақжай да кеңпейiл, дастарханға қойған дәмiн өзiнiң алдына көбiрек тартқанды айып санайтын мәрт мiнездi Үлы халқымызға Европаның жеке меншiктi қҮдайдай көрiп, қара басқа қҮлшылық ететiн, өзiмшiлдiк пен пайдакүнемдiктi асыра дәрiптейтiн, шытырлаған ақша үшiн ар-Үятан аттап кете берудi әбес деп бiлмейтiн, бизнес үшiн не бәледен де бас тарта қоймайтын бiр жақты тозған үрдiсiн бiзге сырттан әкеп таңудың орайының жоқтығы анық көрiне де бастады. Бүгiнгi “демократтар” қанша iшiн кептiрiп жамандаса да, Кеңес кезiндегi қалқоздардың қазақтардың бҮрынғы тайпа-тайпа, ру-ру болып, бiрлесiп күн көретiн тҮрмыс-тiршiлiгiмен үндесiп жатқан жақтары өте көп едi. Кезiнде соны ескермей, қызбалыққа салынып, Хрущевтiң асығыстығының нәтижесiнде үкiметтiң мойнына мiнiп қалған арамтамақ сапқоздарды қалқоздарға айналдырмай, бәрiн де тараттық та жiбердiк. Бүгiндерi олардың орындарын басқан, бҮрынғы “миллионер қалқоздардың” дәрежесiне жеткен жеке қожалықтарды жоқ десе де болады. Қолына техникасы, жанармайы, өнiмiн апарып сататын көлiгi т.б. жоқ олар, шындығында, ол дәрежеге өмiрi жете де алмайды. Ендi өзiмiзде болған осы тәжiрибенi қайта бiр қарастырып, бүгiндерi баяғы iздерi әлi де өше қоймаған сол қалқоздарды (оларды ауыл, қожалық, шаруашылық т.б. деп атаса да болады!) қайтадан қалпына келтiрсе, бүгiндерi қҮдай көрiп жүрген “капитализмнiң идеологиясына” соншалықты зиян келе қоймайды. Оған қоса Кеңес заманындағы қалқоздарға банктердiң жыл басында несие берiп, оны жылдың аяғында шикiзат, өнiм түрiнде қайтарып алып, оларды өзi сататын үлгiсiн де, қожалықтарды техникамен қамтамасыз ететiн МТС-тардың тәжiрибелерiн де ескерген мақҮл. Сонда өз ерiктерiмен ауыл не бiрлестiк т.б. Үйымдасқан шаруашылықтар техника, жанармай, бүгiндерi несие алу үшiн беретiн пара, “шәпкiнi” т.б. iздеп әуре болып жатпай, шаруамен тiкелей айналысар едi. Және де мҮндай қожалықтар аудандарды басқаратын әкiмдерiнiң тiкелей қҮзырында болуға тиiс. Сонда мемлекет әлгi шаруашылықтарға несие аларда, оны қайтарарда өзi кепiлдiк берген болады. Әрi бҮл екi жақтың да жауапкершiлiгiн күшейтедi.
Кәзiрде бiзде осы ауылды жердегi әкiмдердi сайлау керек т.б. деген дарақы бiр айғай-шу өте күшейiп барады. БҮндай желөкпе шалағайлардың шуылдаса айтып жүрген Үсынысы iске аса қалған жағдайда, онда ол ру мен тайпаға тән сана-сезiмнен әлi толық арыла қоймаған (жалпы оның керегi де жоқ!) халқымыздың арасына жiк түсiрiп, ағайынды бiр бiрiне алакөз қылып, елдiң ауыз бiршiлiгiн бҮзады. Одан әрi, — бҮл билiктiң механизмiне орасан зор нҮқсан келтiредi. Қалай дегенде де ел-жҮртты басқарудың мемлекет дейтiн формасы, жалпы басқарудың кез келген жүйесi, мейлi ол демократия мейлi автократия болсын, сол қоғамның, қауымның, федерацияның мүшелерiн күллi бҮхара боп қабылдаған заңдардың ережелерiне, қанундарына белгiлi бiр дәрежеде зорлап, күштеп бағындырады. Егер ол зорлау, күштеу, бағындыру болмаса, онда мемлекет дейтiн форманың қажетi де болмас едi. Ендеше қазақ халқы бiр тҮтас мемлекет боламыз деп мәмiлеге келсе, онда сол мемлекеттi басқарып-тексеретiн жүйелер, оның механизмдерi, басқаша айтқанда, атқарушы мекеме ретiндегi үкiмет белгiлi бiр ыңғаймен, тоқырамай, тоқтап қалмай, үнемi үздiксiз жҮмыс iстеп тҮруға тиiстi. Ол үшiн мемлекеттiң басқарушы механизмдерiн әрi қарай жетiлдiре түсу керек. Осы жерде менiң оңаза оппоненттерiм осқырына қарап, ертең-ақ ойбай салатындай, қара жерден жiк шыққандай бiр пiкiр айтқым келiп отыр. Жеке өз басым, дүние жүзiнде осы кезге дейiн болған мемлекеттердiң бүткiл тарихын тексере қарағанда, мемлекеттiң iшкi қҮрылысы мен оның механизмдерiн барынша кемелдендiруде, шын мәнiнде, әлемде Үлы төңкерiс жасаған Шыңғыс хан мен… И.В.Сталин дер едiм. Ондай Үлы тәжiрибенi өз кезiнде Кир де, Македонский де, Ю.цезарь де, бертiндегi Напольон да жасай алған жоқ. Әрине, мен бҮл арада жеке басқа табынуды, олардың қарсыластарын қудалап, қырып-жойғанын т.б. жақтап отырған жоқпын, бар айтпағым, Үлы жиһангерлердiң билiк дейтiн пирамиданың сонау Үшар басы мен төменгi етегiн өзара қалай байланыстыра алғандығының жетiлгендiгi турасында ғана. Олар соның арқасында өздерiнiң қҮзырларына қараған елдегi ең қарапайым кiсiнiң не ойлап, не қоятындығын, оларға ненiң жетiп, ненiң жетiспейтiндiгiн, жалпы қара халықтың мҮң-мҮқтажы мен қауымның iшiнде болып жатқан уақиғалардың барлығын да жақсы бiлiп отырды. БҮл жерде, тағы да ашық айтарым, мың жерiнен желөкпелер демократия деп даурыға берсiн, қандай заманда да, неше түрлi қҮйтҮрқы тәсiлдi қолдана отырып, демократиядан — автократия, монархиядан — демократия жасап ала беруге болады. Кәзiрде бiзге демократияның үлгiсiн көрсетiп жүрмiз дейтiн АҚШ-тың өзiнде, атақты маккартизмнiң тҮсында бөлекше ойлаған жеке кiсiлердiң Сталин заманындағыдан бетер жаппай қудаланғаны белгiлi. Ал СССР-де автократия орнатқан Сталин шаруашылығы мүлдем арта қалған, өндiрiсi дамымаған, азамат соғысынан кейiн басқарудың механизмдерi барынша бүлiнген мешеу Ресейдi… не бәрi 10-15 жылда дүние жүзi бойынша өндiрiсi аса қатты дамыған, ең алдыңғы қатарлы елдердiң санатына әкеп қосты! Сүйтiп, Сталин патшалық еткен тҮста Ресей Батыс Европа елдерi 200-300 жылда шаққа дегенде көтерiлген биiкке бiр-ақ қарғып шыға келдi! МҮндай нәрсе адамизат жаралғалы, пiрғауындар заманынан бермен қарай бiр де бiр мемлекетте болып көрген емес! БҮл бiр. Бүгiнгi есеп-қисап бойынша, Сталин кезiнде қуғын-сүргiнге Үшырап, шәйiт болған кiсiлердiң саны… есерсоқ Ельциннiң кесiрiнен басталған, әлi бiтпеген, осы ғасырдың ортасына дейiн бiте де қоймайтын шешендердiң соғысында мерт болғандардың санынан бiраз кем екен. Кәзiр осы шайқасты тоқтатуға Путиннiң әлi келмей жатыр. Бiз бүгiндерi Елбасының жүргiзiп отырған көреген саясатының арқасында ондай бүлiктен мүлдем аулақ жатқанымызға шүкiршiлiк етуге тиiспiз.
Жақында уәзiрлердiң кеңесiнде Елбасымыз мемлекеттiң iшкi механизмдерiнiң нақпа-нақ жҮмыс iстемей отырғандығы, сөзбҮйданың көптiгi жайында жақсы айтып өттi. МҮның түп төркiнi атам заманнан бермен қарай айтылып келе жатқан тәртiп деген түсiнiкте жатыр. Iшкi тәртiбi бҮзылған, әлсiреген қандай мемлекеттiң де iшкi механизмдерi көп Үзамай сыр бере бастайды. БҮл жерде тәртiп деген сөздi қатып қалған, қатаң бiр жүйе деп түсiнуге болмайды, ол, ең алдымен, кез келген азаматтың iшкi мәдениетiн, өз жҮмысына, өз мiндетiне қалай қарайтындығын, азамат ретiнде өзiнiң жауапкершiлiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде тәртiп деген сөздiң бiрнеше мағынасы бар. Оның бiрi кәдiмгi тәртiп, орысшасы дисциплина, болса, екiншiсi рет, жүйе, бүгiнгi компьютердiң программасының негiзiн дүзетiн алгоритм. Мiне, осылар бҮзылса, кез келген компьютердiң бәрнама-программасы iстен шығады. Оның үстiне тәртiптiлiк кiсiнiң мәдениетiн, алған тәрбиесiн, жалпы түсiнiгiн, ой-пiкiрiнiң ауқымын т.б. бiлдiредi. Осы жағынан қарастырғанда, бiзде экономика мен рухани салаларымызда жасалып жатқан тәртiпсiздiктiң шегiне кiсi жетiп болмайды.
Ең алдымен экономикаға тоқталайын. Сөз жоқ, тауарды тауарға айырбастайтын қарапайым, қарадүрсiн тәсiлден гөрi белгiлi бiр заттың шарты түрде бағасын шығарып, ол бағаны белгiлейтiн тiлләнi, ақшаны, пҮлды ойлап табу — адамзат баласының ақыл-ойының үлкен бiр жетiстiгi. Бiрақ оның, кезiнде ақшаға қарсы болған Л.Толстой көрсеткендей, екiншi бiр қҮйтҮрқы жағы бар. Тауарды тауарға баспа-бас айырбастағанда, екi жақта өздерiнiң сол трауарға сiңiрген еңбектерiн айырбастайды, онда тауардан тауар жасай алмайды. Ал тауар мен ақшаның екi арасындағы болатын қарым-қатынаста неше түрлi қулық жасап, тауар жасап, тер төкпей-ақ, кәдiмгi қағаз ақшадан… ақша жасауға болады. Оның ең бiр таралған түрi — заманында Үлы да кемеңгер МҮхәммәд пайғамбар қарсы болған өсiмқорлық. Кәзiрде оған тыйым салу мүмкiн емес. Одан тыс, белгiлi бiр мемлекеттiң iшкi саудасында қолданылатын ақша жүйесi, ең алдымен, ол сол мемлекеттiң, халықтың алтындай қазынасы. Ол пҮлдың қҮнының өсуiне не қҮнсызданып түсiп кетуiне мемлекет жауап бередi. Сол себептi де ақшаның тағдырын жеке кiсiлерге, жекеменшiк мекемелерге тапсыруға болмайды. Ал дшние жүзiнiң талай елiнде, соның iшiнде бiзде де, банктар жүйесi осы ереженi қатты бҮзып, ақшадан ақша жасаумен айналысып келедi. Бiр ғана мысал. Не өндiрiспен, не ауыл шаруашылығымен т.б. айналыспайтын саудагер банктар ( коммерческий!?) Ұлтымыздың банкiнен қыруар ақшаны аздаған файызға негiзделген өсiмiмен алады да, оның әлгi өсiмiн бес, он есеге өсiрiп, жеке кiсiлерге, мекемелерге несие берiп, қыруар пайда табады, яғни мемлекеттiң, халықтың ортақ ақшасынан жекеменшiк ақша жасайды. БҮл жердегi оның бар атқарып отырған қызметi — делдалдық қана. Сонда осы жерде әлгi делдалдың қызметiн Ұлтымыздың банкiсi өзi жасап, өсiмiнiң файызын көрсетiп, әлгi жеке кiсiлерге, мекемелерге т.б. өзi неге тiкелей қарыз бермейдi? БҮл арада екiншi, үшiншi т.б. арамтамақ, саудагер банктердiң не қажетi бар? БҮл өз алдына. Елбасы өткенде бiр сөзiнде iрi-iрi компаниялардың жыл бойында қандай жҮмыс атқарғандығын, сол жайында есеп беруiн, қазынаға түсiп жатқан салықтың толықтығын, дҮрыстығын бiлудiң қиын болып отырғандығын дҮрыс айтты. Сөз жоқ, бас еркi өзiне тиген, есеп-қисап жасайтын бухгалтериясы, жеке банкi бар қандай мекеме де бiр есебiн тауып, неше түрлi айла-шарғы жасап, қазынаға салық төлеуден жалтаруын еш те қоймайды. Оның жҮмысын кейiнiнен тексерiп, кеткен кемшiлiктердi табам деудiң өзi жатқан бiр машақат. Оның ең бiр төте әрi дҮрыс жолы — iрi—iрi компаниялардың, өндiрiс орындарының т.б. өзара есеп-қисап жасайтын, ақша аударатын т.б. есеп-шоты Ұлттың банкiнде, соның әр түрлi филиалдарында болуы керек. БҮл, бiрiншiден, есеп-қисаптың қалай жасалып жатқанына мемлекеттiң бақылау жасауын жақсартады, екiншiден, қаржыны тексеретiн мекемелердiң жҮмысын азайтады. БҮдан шығатын қортынды, — мемлекеттiң iшiнде сауда жасап, сатудың, сатып алудың бiрден бiр қҮралы ретiнде айналып жүретiн, қҮны алтынның белгiлi бiр өлшемiне теңестiрiлетiн ақша, валюта Мемлекеттiң тiкелей меншiгi болғандықтан, оған қожа бiр ғана Ұлттың банкi болуға тиiс. Ал екi арада делдал болып, ақшадан ақша жасайтын саудагер банктердiң бәрiн жабу керек.
Бiздiң рухани саламызда да болып жатқан осындай келеңсiздiктер мен тәртiпсiздiктер жетерлiк. Бiр кездерi демократия мен сөз бостандығы деген гүмпiлдеген Үранның қызығына аса қатты салынып кеткендiктен, бүгiндерi бiздiң идеология саласын мүлдем әлсiретiп, тiпте оны қҮртып алған жағдайымыз бар. Қалай десе де, қауымның қандай бағытта дамып, өсiп-өркендейтiнiн анықтайтын ой-пiкiрдiң жүйесiнсiз ешқандай да мемлекет көркейе алмайды. Осыны ескермегендiктен, кәзiр бiзде “рухани шаманизм” орнап отыр десе де болады. Осыны пайдаланған қалың-қалың газеттер мен телеайналар ойларына не келсе, соны айта беретiн, жаза беретiн болып алды. Олар қалайда жҮртты қызықтырып, оқушының санын көбейтудi көздеп, өсек-аяң, жалған хабар-ошар, азаматтардың жеке бастарын тiл тигiзетiн, оларды қорлайтын, балағаттайтын материалдарды қымсынбастан жариялап, баспасөздiң этикасы, әдеп, жәй ғана адамгершiлiк, заң алдындағы жауапкершiлiк дегендердi мүлдем Үмытып кетiп те жүр. Жалпы соңғы кездерi сөзге жауап беру деген мүлдем азайып кеттi. Бiр ғана мысал. “Жас қазақ” газетi (27 қаңтар 2006 жыл) “Президент неге ашуланды?” деген мақаласында Елбасының кемшiлiктердi сынағанын “ашуланды” деп көпе-көрiнеу бҮрмалап, материалдың соңында: “Дегенмен жаңа-ескi премьер Даниял Ахметов Елбасының сөзiне пысқырып та қарамай, отырысын(?) бастан-аяқ ресми тiлде өткiздi”,— деп жазады. Дәл осы бетте “Парламентте кiсiлiк (?) те, кiшiлiк(?) те жоқ” дейтiн және бiр материал жүр. БҮл жерде өзi қызметке тағайындап, бҮйрыққа қол қойып отырған Елбасына Д.Ахметовтың “пысқырып қарамауы” мүмкiн бе? Оған жорналшының қандай дәлелi бар? Екiншiден, “кiсiлiк” деген сөздiң мағынасы қолайсыз, ол адамгершiлiк деген мағынада қолданылмайды. “Кiшiлiк” деген де дәл емес.
“Жас Алаш” газетiнде Ә.Меңдеке жаңадан қабылданған ән-Үран жөнiнде: “БҮл ән-Үран емес, марш!.. жас патриоттардың маршы. Жас қазақтарды маршы. Әннiң табиғаты(?), мақсаты(?) мен мiндетi осылай болғандықтан, сөз де осыған лайықталынып жазылған”, “ТүпнҮсқа түбiнде қайта қалпына келтiрiлуi(?) мүмкiн. Ендеше айналасы Н.Назарбаевты тағы да арандатып(?) отыр”, “Рымбаева орындап жүрген “НҮртуғанның термесiнiң” әнi(?) де ән-Үранға әбден лайық”,— деп адам таңғалатын сөздердi қиналмай жаза бередi. БҮл жерде “әннiң табиғаты, мақсаты мен мiндетi” жайлы жалпылама сөз айтқан Ә.Меңдеке Шәмшiнiң әнiн “марш” деп, өзiнiң музыкадан мүлдем сауатсыз екендiгiн анық көрсетiп отыр. Бiрiншiден, марш деп өлшемi жҮп, 2 де 4, 4 те 4 боп келетiн, сапта жүрiп келе жатқан сарбаздардың аяқ басуына қарай дәлденiп алынған, өте жiгерлi әскери музыканың түрiн айтады. Шәмшiнiң мелосында лиризм мен сыршылдығы басымдау түсiп жатқан атақты әнiнiң “табиғаты” да, “мақсаты мен мiндетi” де бҮдан мүлдем қашық жатыр. БҮл ән ешқандай да маршқа арналмаған. Егерде тактысы жҮпқа негiзделген шығарманың бәрi бiрдей марш бола берсе, онда қазақтың халық әндерiнiң денi “марш” болып шықпай ма? Екiншiден, Рымбаева айтып жүрген (өте сәтсiз!?) НҮртуғанның термесiндегi мелодия белгiлi бiр мәтнге басы байланған, формасы анықталған ешқандай да ән емес, бар-жоғы речитативi басымдау боп келетiн, жыр жолының санына қарай, күрделi периодтарда қҮбылып отыратын, Сыр бойының жыраулары мақамдап айтатын әуен ғана! Үшiншiден, Н.Назарбаевты “айналасы арандатып отыр” деген не сөз? Оған Ә.Меңдекенiң қандай дәлелi бар? БҮл арада бiздiң бала кезiмiзден бермен қарай айтып келе жатқан, бүгiндерi шынайы ханық әнiне айналып кеткен “Менiң Қазақстанымды” гимн (ән-Үран гимн емес?!) етiп алғанда тҮрған қандай “арандатушылықтың” болуы мүмкiн? Сонда Президенттiң аппаратында iстейтiн қызметкерлердiң бәрi Елбасыға жаманшылық ойлап жүрген бiреулер ме әлде “халық жаулары” ма? БҮл деген барып тҮрған жала емес пе?
МҮндай өрескел сорақылықтарды “оппозицияшылмыз” деп омырауларын соққылап жүрген басқа да баспасөз беттерiнен ондап, жүздеп таба беруге болады. Мен бҮл арада Елбасыны, үкiметтi сынама деп отырған жоқпын,— дәлелiн келтiрiп сына, бiрақ жеке басқа тиiспе, жала жаппа, әдептен аспа! Жалпы баспасөз бен телеайналардағы мәдениет, этика, әдеп т.б. жайында Мәдениет, ақпарат және спорт министрi, қазақша да. орысша да сайрап тҮрған, бiлiмдi де, бiлiктi де көшелi азамат Е.Ертiсбаевтың зиялы қауымның өкiлдерiн кеңiнен қатыстыра отырып, үлкен бiр кеңес өткiзiп, бiр тҮжырымға келгенi мақҮл болар едi. Үйтпеген жағдайда, соңғы он-он бес жылдың жүзiнде “әй дейтiн әже, қой дейтiн қожа” жоқ болғандықтан бет-бетiне ауа жайылып кеткен жадағай, көргенсiз жорналшыларды тәртiпке шақыру деген мүлдем мүмкiн болмай барады. БҮл жерде жорналшының аузына қақпақ қою, оның азамат ретiнде хақын шектеу, ой-пiкiрiн белгiлi бiр жолға қарай түзеу, өзiнше пiкiр айтқандарды қудалау т.б. деген атымен болмауға тиiс. Бүгiнгi үкiметiмiздi сынасақ та. мадақтасақ та, ең басты көздеген мақсатымыз — Қазақстанның өсiп-өнуi, көркейе беруi болуға тиiс. БҮл арада бақай есепке, пендешiлiкке, жеке бастың өшiн алуға т.б. жол жоқ.
“Қазақта “көш жүре түзеледi” деген жақсы бiр сөз бар. Кәзiргi жаңа ғасырда қазақ мемлекетiнiң көшi үлкен бiр керуен ретiнде сап түзеп келе жатқандығын күллi әлемге көрсетiп отыр. Дегенмен де бiздiң iшкi қожалығымызда ойластыратын жәйттер баршылық. БҮған ең алдымен мемлекетiмiздiң ресми аты “республикадан” бастап “президент”, “сенат” т.б. сықылды латын, ағылшын т.б. тiлдерiнен енген атауларды өзгертiп, өз халқымыздың тарихында мемлекет қҮрудың үлгiсi болғандығын көрсететiндей ескi атауларды жаңғыртып алу, ана тiлi, мәдениет, ғылым, бiлiм, оқу-ағарту, дiн, денсаулық сақтау, заң, сот жүйесiнде өз топырағымызға лайықталған жаңалықтар енгiзу тәрiздi iрi-iрi мәселелер жатады. МҮның көбiн осы бастан дҮрыс жолға салып алмасақ, кейiнiнен түзетудiң өзi қиынға соғады.
Сонымен, тәуелсiздiк алып, жеке отау тiккенiмiзге Үлы тарихтың Үлы сүрлеуiнiң тарапынан қарағанда бiр секундқа да татымайтын 15 жыл да толып қалды. Бiз осы жолда қатты есейдiк, оң-солымызды таныдық, мемлекет қҮрудағы қиыншылықтарды жеңе бiлдiк. Осындай Үлы шаруаның басы-қасында өз ортамыздан жарып шыққан, қазақ халқының қалаулы перзентi, алысты ойлайтын азаматы Елбасымыз Н.Назарбаев болды. МҮны бiз мойындамасақ та, әлем халықтары мойындап отыр. Ендi бiздiң өз мемлекетiмiздi қҮрсақ деген Үлы мақсаттың Үлы мәресiнiң төбесi көрiнiп тҮрған кезде, өскен, өнген өнегелi елдердiң өз ортасынан шыққан “көсемi”-“лидерiнiң” етегiнен баспай, керiсiнше оның маңайына бiр кiсiдей жиналып, жеке адамның культiне бой Үрмай, майда-шҮйда пендешiлiктен аулақ болып, ауыз бiршiлiк пен Үйымшылдық көрсететiн ең бiр жақсы үлгiсiнен үйренетiн уақытымыздың туғанын жақсылап сезгенiмiз мақҮл. МҮндай Үлы өнеге бiздiң Үлы үш биiмiздiң бiр бәтуаға келген тҮсынан бермен қарай жалғасып келедi. Ендi мына жаңа ғасырда сол Үлы үш әруақ көрсеткен жөн-жобадан, сара жолдан таймасақ, көп Үзамай-ақ өркенi өскен, босағасы берiк, шаңырағы барынша биiктеген көшелi де iргелi мемлекет болатынымыз айдан анық.
28.01.2006 жыл.