Қарап тұрсам, бiр қайғы бар кеуiлiмде,
тұла бойды алған билеп ол мүлде.
Дұшпан шiркiн айылын менен жимайды,
сәл сүрiнсем, сықақ қылып қинайды.
Көтере алмай сондайлардың қорлығын,
қарқылдаймын. Осы менiң зор мұңым.
Бiр ақымақ көрiнсе алдан сәл үмiт,
қуаныштан қалады, өйдәй, жарылып.
Қулықшыл қыз қалтасы бар бай тапса-ақ,
махаббатты қуалайды айтақ сап.
Алаңғасар алса тойып араққа,
қоразданып көз тастайды жанапқа.
Ал есепшi қаққан шотқа есебiн,
алғанға мәз алдап елдi неше мың.
Дөңгелекке мiнген дүмдi кiл бастық
жәләбтарды алған жалдап сырлас қып.
Оның байы ауызын да аша алмайды,
аша қалса, жерде күлi қалмайды.
Көрiп оны, ашуланса азамат,
жәлләдтардың жатқаны оны жазалап.
Соны көрiп, алпауыттан айбына,
мен батамын бiр қолайсыз қайғыға.
Кетсе қайғым, күнiм құдды жарықсыз,
дүнияны ұстап тұрғандай кiл парықсыз.
Оларменен өте қиын тiлдесу,
шын уайымсыз мүмкiн бе өзi күн кешу?
Онсыз ешкiм тiпте тiрлiк етпейдi,
бақыт дейтiн сол қайғыдан көктейдi.
Бiр бәндә жоқ күн кешетiн уайымсыз,
құр жырқылға басады тек пайымсыз.
Оныменен ақымақ та достасқан,
оныменен оңбаған да төстi ашқан.
Зiлi олардың — кеуiлiн шер арбауы,
мұңы олардың — ұрыс өле алмауы.
қарап тұрсам, хақ сәтiнде айрылар
Ғұламаның кеулiнде де қайғы бар.
қайғысы оның — етуi еңбек көз iлмей,
ұлы екенiн жүруi һәм сезiнбей.
Тiрлiк мынау қиялыңа сайлы ма?
Осы менiң бататыным қайғыға…
1964 жыл