Менен көзiн алмастан,
келiн отыр майысып.
Әлге дейiн қанбастан
бiз отырмыз шәй iшiп.
Әңгiме де өседi,
тек ойымда сол келiн…
Оның жақсы досы едi,
алғаш жүрiп көргенiм.
Кеуiлiңдi ұқтым деп,
айтқам шығып шеттеп мен.
Бiз ол кезде тұтқында ек,
қия баспас мектептен.
Болмады ұзақ бұл онша,
кiм бiлiптi, шырайлы
оның жаны қуанса,
менiң жаным мұңайды.
Келiспедiк ақыры,
дедiм оған:
— Жоғалшы!
Ендi ол — қудың қатыны,
мен — әлi де жолаушы…
Оның жанын сезiнем,
үндемейдi, не десiн?
Көрем келiн көзiнен
өткен күннiң елесiн.
Ойға шомдым әр түрлi,
жатыр iшiм қыжылдап.
Еске ал дердей сол күндi,
самаурын тұр ызыңдап…
1964 жыл, күз