Сайқал қыз, қайта-қайта соқтығысқан,
ұмыттың бақтың iшiн көп тұрысқан.
Жер қылып кеткенiме әлi өкiнем,
көңлiңдi соғылған шын көк құрыштан.
Жолдастан сенi сүйiп, мен шеттедiм,
қиялды асқаралы бөлшектедiм.
Ернiңдi бүгiн маған… өзге сүйген
не еткенiң ашу-көзге көрсеткенiң?
Қиналдым. Көңiл күлкi iшер ме едi?
Сен оны кеттiң етiп кiсi ермегi.
Шықпаймыз ендi бiздер бiре есiктен,
қолым қу қызғаныш кiсендедi.
Ежелден ерлiк — досым, байлық — қасым,
еңкейдi томпағыңа тайлық басым.
Сүрткейсiң тек ернiңде қалған iздi….
Ол ернiн өзгелердiң айнытпасын.
1964 жыл