Көңiлiм кедiредеп көрсең менiң,
саламын несiбеме қол шеңгелiн.
Бар ма есте, қоссақ басты, тiлеушi едiк
қылышпен жыр арының өлшенгенiн.
Жандар көп жандары жоқ тас қазбадай,
ол қулар қызығады аспазға бай.
Өлеңмен оразасын ашатұғын
бiргесiң шын ниеттiң қасқа азбаны-ай!
Тұрса да мына дүния сан иеден,
мен доссыз қаңыраған қара үй емен.
Заманға өз қолыңнан қараған-ды
төгерек құлжа мойын сәби өлең.
Сол кезгi ұмытпаймын жоса қарды,
көргенмiн қылша мойын дос ағамды.
Көзiңнен отты өлеңнiң исi аңқитын,
мен талай аттағанда босағаңды.
Арманның теңiз болып көл дегенi,
сүйрептi шандоз өмiр өрге менi.
Сенi онда, менi мұнда қондырыпты,
жылдардың зыр айналған дөңгелегi.
Деп жүрмiн әлi талай жазып атар,
жүзер-ау қос көңiлдiң қазы қатар.
Қу тiрлiк татулықты құртпаса да,
бiр күнi… денемiздi ажыратар.
Сол кезде босамашы мен дегенде,
ырза бол көңiлдi жыр тербегенге.
Кешiргей жолда аяқты қияс басқан,
жаңылған бес саусақтай пернелерде…
14.11.1964, ауыл