Тiрлiктiң у-думенен талай түнiн…

Тiрлiктiң у-думенен талай түнiн,
басқа өмiр, өткерсем де, қалайтыным.
Жаңашыл жiгiттердiң бiрi едiм мен,
дүнияға басқа көзбен қарайтұғын.
 

Дегенмен демен, елге келе сүргiн
салатын тәуекелдiң кемесiн мiн.
Мiне, ендi қолыңды алып, қатты үрiктiм, —
сорайтып тырнағыңды неге өсiрдiң?
 

Мұныңа не дер сенен дәмелi жұрт?
Олар да мен сияқты қала ма үркiп?
Саусақты сүйiр тырнақ ұзарта ма,
болмаса көрсете ме әдемi ғып?
 

Ермек пе әлде саусақ ерiккенге?
Кеуiлiң жiгiт көрiп желiккен бе?
Моданың мыңы мәлiм, — жеткiзбейдi ол.
Мұныңды қатты ойландым көрiп мен де.
 

Ел қолмен тамақ жейдi, шарап iшед,
әурешiл әбден елге болады шет.
Кеңесiм: сұқ саусақта сүйiрленген
тырнақты үшкiрле де, қаламұш ет!
 

Мен бiлсем, бастан асад пайдасы оның,
кiм бiлген, сенiң түспек қайда шөбiң, —
шоқып ал екi көзiн тырнағыңмен,
қақ жарса қымбаттыңды найзасы оның.
 

Ал маған… кәзiр құдды ақпандайсың,
тереңдi тiнтетiндi тапқандайсың.
Жерiсең… саусағыңды қаламұш қып,
жасырып жұрттан, маған хат жазғайсың…
 

20.11.1964

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *