Шалғайын ұқсап жиғанға,
ыстықтан болған күн бойы,
қап-қара нөсер құйғанда,
өзгердi, жатқан, Сыр бойы.
Төгiлдi көктен тамшы мың
үзiк-үзiк жiптей мөп-мөлдiр.
Сары дала алды сәл тыным,
құйылған кезде көктен нұр.
Арада ойнап найзағай,
бұлтқа алды отты лақтырып.
Әп-сәтте жалтырап айнадай,
тақырда қалды қақ тұрып.
Сол екен, су, жер қосылған
шаң исi келдi мұрынға.
қара бұлт келген тосыннан
кеттi ұзап алыс қырымға.
Мен қалдым оған қарайлап,
ерiкке көнбей қылқалам.
Саламын мұны қалай нақ,
бередi көмек кiм маған?
Кiм жатыр мұны ескерiп?
өнерде кәзiр кiм жұлдыз?
Рас, шындықтан сескенiп,
шыны, өтiрiк соғып жүрмiз бiз…
1964 жыл