Жарықтан болдым қап-қара,
өтiнде Күннiң күйем деп.
Терi ше? Жiпсiп жатты о да,
ыстықтан енген сүйемдеп.
Сосын кеп дереу тығылдым,
көлеңке жерге салқындау.
Терi ше? Тiктеп түгiн мың,
жиырылып, апшып, тартылды-ау!
Не қызық кiсi тоңбаса,
күйдiрмей қойса от сары?
…Көлеңке, жарық болмаса,
тiрлiктiң, сiрә, жоқ сәнi.
1964 жыл