Бұ дүниядан өтсеңiз де тұқымсыз…

Бұ дүниядан өтсеңiз де тұқымсыз,
қызға қарап, ер демеген құтым — сiз.
Жiмлә жұртта не бiр сұлу болыпты,
бұлдырық төс, торсық бөксе, мықынсыз.
 

Солар үшiн талай ерлер жандасып,
дау жоқ жерде, достымен де дауласып,
ажарына iшердей-ақ ас құйып,
сұлу үшiн жүрген талай дауласып.
 

Не бiр сұлу тырысатын арына,
қарамаған қалтасына, тағына,
бұрындары күң ретiнде сатылған,
мәгәстардың мыңдап тапқан малына.
 

Айтқаннан соң алпауыттар үкiмдi,
деме шалды тоқсандағы құтырды.
Жұрт сұлуын ата жауға бермептi,
бұзады деп хаса туған тұқымды.
 

Жәнә дептi шаңы кеппес жорғаның,
өлшемептi өз шамасын дорбаның.
Көне шалдар шежiреге жазбапты,
балалардың қай батырдан болғанын.
 

Сол бүгiнге мирас па осы? Ұғыңдар,
жатқа олжа боп жатыр неге сұлулар?
Терсiкейге кеулi құлап күнгейдiң,
муслимдi төртпақтауға бұру бар.
 

Бұлдары оның — салған бiзге жат енi,
құндайтыны — көлiгi мен пәтерi.
Қор боп жатыр не бiр сұлу марқалар,
ұйықтап жатыр азаматтың қаперi.
 

Соны көрiп, қалпын көрiп жәләбтың,
ашылатын түрi де жоқ қабақтың.
Жүр сылқымдар сүндеттiнi ұнатпай,
мәз болумен буына iшкен шарабтың.
 

Құрсын, құрсын! Сұлу туса тағы да,
ол халқымның соры ма әлдә бағы ма?
Кiм ередi сол жорғаның шаңына,
кiм қадалмақ сұлулардың таңына?
 

Оны алғанмен, болар ма екен шын күйiң?
жалған досқа толмайды ма мүлде үйiң?
Өте қиын сұлу қатын алғаның,
алмағаның, алғаннан да тым қиын…
 

1965 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *