Жел беретiн жаныңа…

Жел беретiн жаныңа,
құпиясы көп жасырған,
айт, дейдi жұрт, тағы да,
өткен жәйттi басыңнан.
 

Алсам кәзiр оны еске, —
еткен кезiм қапылық,
көзге өткенiм елестеп,
қояр мұңға батырып.
 

Күн дарияша ақса да,
жымиса да жалған жүз,
түседi еске бақшада
қоңырайып қалған қыз…
 

Сол сәбәбты даладан
қызғалдақты ап қолыңа,
алға да жөн қараған,
қарай бермей соңыңа.
 

Апарады ол жол әрi,
бiр мақсатқа бастаған.
Жөн жәнә да болады
артық жүктi тастаған.
 

Оны етпеймiз бiз бiрақ,
демей оны қатамыз,
өткен шақты мыжғылап,
хикая ғып жатамыз.
 

Осы iсi ме наданның?
Жөн бе шайтан қылығы?
Бiле бiлсең, адамның
болмақ қызық бүгiнi.
 

Оны ескермей, кеткен кiм
өткендi жол жөнi деп?
Болмай ма әр кез өткеннiң
өкiнiшi көбiрек?
 

Ал келер күн… бiр тұман,
көре алмаған көп пенде.
Мен алғыға ұмтылам,
қарап қойып өткенге.
 

Сүйтiп тiрлiк бастасам,
деймiн, арбап бүгiнгi.
Қалай жолда тастасам,
артық, ауыр жүгiмдi?
 

Бiр тәуекел жоқ менде,
жiгiт едiм талайлы-ақ,
алаңдаумын өткенге,
келешекке қарайлап
 

жүргенде, өртеп жанымды,
жұлынғандай боп жұлыным,
босқа шашып барымды,
барады өтiп бүгiнiм…
 

1965 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *