Тарланды итке талатып…

Тарланды итке талатып,
талай пасық күн көрдi.
Талай солай таң атып,
талай солай түн болды.
 

Сондай кезде ел еппен,
дейтiн едi, жасыма.
Жәй жүргенде, кенеттен
сол күн туды басыма.
 

Не iстерiмдi бiлмедiм,
түсiнбедiм түкке де.
Дос болмайды жүргенiң,
жау болады жұрт неге?
 

Бұ да азап па бес елi,
қайда «жолдан таймалық»?
Жақын жүрген кешегi
кеттi ендi сырт айналып.
 

Көрiп соны, ол қайғы
дедiм, емес жаныма.
Бағынбаса болмайды,
адамизат заңына.
 

Мына өмiрiң кiл шылық,
жұрт танбайды атудан.
құралады тiршiлiк
сатылу мен сатудан.
 

Ереженi бұл мәңгi,
өзгертуден қорқасың.
қойып асылық қылғанды,
кiмдер таппақ ортасын?
 

Айтпан, кәзiр талмастан,
мен демей, таң бос аттың,
болашақпен жалғасқан
көпiр — кемпiрқосақпын…
 

1965 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *