Таңырқап деме, о несi…

Таңырқап деме, о несi,
жүрсе де жүзiп қаяқта,
бағдардай көрiп кемешi
қарайды жанған маякқа.
 

Қабағын қойса сел ашпай,
туласа теңiз долданып,
келедi ол тура адаспай,
тұрғанда түнде ол жанып.
 

Осылай адам жолын не
анықтап, жүрсiң қаяқта,
болады, дейдi, өмiрде
дәл сондай асқақ маяктар.
 

Пайғамбар, көсем көр оны,
падыша де, хан де, король де,
жөн сiлтеп, сәуле төгедi
маяктай болып ол елге.
 

Болмаса ол, күнiң қараңғы
итшiлеп күнде көретiн.
Халық қып қосып адамды,
болмайды ол оны бөлетiн.
 

Ұмытты ел оны бiрақта,
патша мен патша қырқысып,
қылышты салмай қынапқа,
шайқасқа қанды жүр түсiп.
 

Ақыры халық бүлiндi,
қынаша жастар қырылды,
тiрлiктен дана түңiлдi,
жақсы ма бұ жай бүгiнгi?
 

Заң ба осы? Мұның немене?
Бiлдiк пе Түн мен Күн қаяқ?
Беретiн бағдар кемеге,
қайда екен жарық бiр маяк?
 

1965 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *