Кеудемдегi алып сағаттың
тетiгiн күнде мың бұрап‚
келемiн алға қарап мың‚
келемiн алға құлдырап.
Айналмай көктiң тiреуiне‚
келемiн жұртқа тақпай сын.
Сен жағып елдiң бiреуiне‚
бiреуiне елдiң жақпайсың.
Кей кезде белi мықты арба
кетедi итерiп аңызға.
Шынымен харам қырттарға
жол беру бiзге парыз ба?
Қойшы оны! Алға асығыстап
жүргенде‚ байқар кiм әлiн?
Егер бiр ақымақ бас ұстап‚
кәйтер ең берсе құлағын?
Дәл кәзiр мұндай пенделер
жақсы атты қолдан жамайды.
Сынап кеп қалса өзгелер‚
сойылмен сайлы сабайды.
Сен сосын көршi тiрiлiп‚
сен сосын көршi сүрiнiп? —
Бiлегiн бекем түрiнiнп‚
жiбередi ол ездiң бiрi ғып.
Осылайша‚ шiркiн‚ қаншама ер
кеттi екен мұңды бұйдалап?
Бiреудiң бағы жанса егер‚
бiреудiң тағы қирамақ.
Шамасы тiрлiк дегеннiң
заңы осы мәңгi таралған.
қоңыраулы талай келер күн‚ —
бұзар деп оны сене алман.
Көрермiн талай таңдарды‚
алармын орнымды лайықты-ақ.
Сонда әлгi зәһар заңдарды
ақ шашым жатыр айыптап.
1966 жыл