Әйел‚ қыз деп неге бөлiп жатамыз?
Жоқ па, сiрә, осы арада қатамыз?
Сонда қандай екеуiнiң арасы?
Қалай болып өлшенедi шамасы?
Мұны естiген күлмек еркек кеңкiлдеп‚
сайқалдар да бiз қызбыз деп желпiнбек.
Жезөкшелер ақтау тауып ыржимақ‚
таза қыздар кеуiлiне зiл жимақ.
Оның соң… Дарақы жол ашылып‚
бұзылмақшы бүткiл әйәл нәсiлi.
Үйте қалса‚ жабы тумақ асылдан‚
тұлпар тумақ тұқырынған қашырдан.
Мылтық алып‚ күн-түн қорып жатсаң да‚
сұлу қатын аунамақшы ақ шаңға.
Ақырында азып-тозбақ мүлде алаш‚
адамизат болып шықпақ бiр мәгәс.
Мiне‚ осында әйел мен қыз арасы‚
сұм кеуiлдiң болмақ емес қаласы.
Сақтаса қыз бойын көпке ұрынбай‚
жүрер жолы аттың қатаң қылындай.
Сақтамаса‚ — жайылмақшы жазысы‚
бие болмақ кере қарыс қазысы.
Сол қасиет бүлiнптi бүгiнде‚
әйел-қыздар өзгертiптi түрiн де.
Хақымыз тең‚ деп өзеуреп‚ ерлермен‚
жүр талайлар бостан босқа сенделген.
Ақыл айтсаң‚ дейдi саған‚ соқпашы‚
жоқ күйеуi‚ жоқ киелi отбасы.
Тар шатқалын алла әзәлда сыйлаған
қыз кезiнде қымсынып бiр жимаған.
Ащы болды сол еркiндiк ақыры‚
бола алмады ол бiр адамның қатыны.
Соны көрiп‚ қайдасың деп Хауа Ана‚
қол созбақпын ендi қандай дауаға?
Жолдан шыққан қыз нәсiлi соғылған…
Емдер дәрi барады ағып қолымнан.
1966 жыл