Махаббатта жоқ төңкерiс‚ жоқ қарғу…

Махаббатта жоқ төңкерiс‚ жоқ қарғу‚
жұртты алуайды төңкерiс деп соққан қу.
Махаббат та жазылатын пешене‚
ұқсамайды ол төңкеретiн кесеге.
Қызды көрдiң‚ шын келбетiн ұнаттың‚
кеулiң тасша кеттi соған құлап тым‚
өлең жаздың қағаз бетiн шимайлап‚ —
махаббатың ыстық суша тұр қайнап.
Не болар ең сол суды егер төңкерсең?
Тән бiте ме тентектiкпен өртенсең?
Сүю‚ сүймеу — махаббаттың тiрегi‚
махаббат жоқ‚ одан тайсаң бiр елi.
Ендi соны ұрандармен көмекерiп‚
жүр әйелдер тастаймыз деп төңкерiп.
Солай болсын! Қойсақ құлақ күштiге‚ —
бұл шайқаста кiмдер шықпақ үстiге?
Асты-үстiлi жаратылу жайыз ба?
Неге құлақ бiз қоямыз тайызға?
Үстке шықса қызық па екен сүйiктiңiз?
Нағылады бола қалса итжығыс?
Оған бiрақ екеуi де көнбейдi‚
айқасқанда‚ махаббатқа өл‚ дейдi.
Ши жүгiртiп әйелдердiң шабына‚
дейдi Iбiлiс‚ тағы күрес‚ тағы да!
Осы айқасың бiтiспеуге қараған‚
әйелдер кеп қолы кетпес жағадан.
Күйеулерiн ұстау үшiн арқандап‚
жүр шетiнен махаббатты талқандап.
Оның соңы — бiр қоймалжың көк тұман‚
жатыр әйел төңкерiлiп жоқ күмән.
Төтеп бермек кiмдер мұндай сынаққа?
Мхаббатта төңкерiс жоқ бiрақ та.
Махаббат тең. Жоқ әлсiзi‚ күштiсi‚
көрмедi оны пұлмен алып еш кiсi.
Тек бүгiнде күйдiк асқақ атақ қап.
…Тұр Iбiлiс екi санын шапаттап.
 

1966 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *