Әкел, сәулем, бозаны көпiршiген…

Әкел, сәулем, бозаны көпiршiген,
бiр тартайын алмастан екiншi дем!
Тостағанды басыма көтерейiн,
суысынымен, өзiмнiң өкiнiшiммен.
 

Не еткен салқын бұл боза! Қар салды ма?
Ащы, исiне, аяулым, тамсындың, ә!
Әне, жанды көзiңде алтын алау,
ду дүнияны әкелiп қарсы алдыма.
 

Сен сол отты лаулатшы, лапылдатшы,
сiлкiнсiншi сарғайған пақыр бақсы.
Жанамалай отыршы оң жағыма,
қолыңды ыстық берiрек жақындатшы.
 

Ендi өзiңдей кермыйық қаламқастың
еркiнсiнiп жанына бара алмаспын.
Ең аяғы саусақты шашты шатқан
өмiр бойы, мен, бәлкім, таба алмаспын.
 

Көздерiңдi, мен, бәлкiм, қос қамалды,
өткiзермiн, ала алмай, бос ғаламды.
Махаббатты сол кезде боза қылып,
меймiлдете тартармын тостағанды.
 

Сосын көңiлiм тазарып, жуылғасын,
бiр кезгi ыстық сал сезiм суынғасын,
ойға шомып ақырын отырармын,
ойлау үшiн оу баста туылғасын.
 

1966 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *