Допшымын. Мүлде ешкiмнен кем емеспiн,
жүрген жоқ қолтығымнан демеп ешкiм.
Басқадай қарсыласты алдай алам,
бiрiне бой берместен көп егестiң.
Жеткiзбен ал жүгiрсем шапқан атқа,
Пелеше ойнай алам әр тарапта.
Құйқылжып келген допты басқалардай
тебе алам кiдiртпестен қақпа жаққа.
Және де жетiп жатыр тәсiл деген,
шалттығым теңеседi лашынменен.
Қарбызша зулап жеткен теңбiл допты
бiр соғып, топ еткiзем, басымменен.
Жасыққа мұның бәрi бередi мат,
басына кiсiдеймiн өнерi — бақ.
Шабуылдап шықсам деймiн алғы шепке, —
сейiсiм тым самарқау неге бiрақ?
Лыпылдақ ана бiреу шаршамастай
жортады гол соқпастан науша жастай.
Бұйырса соның орны, доп соғар ем,
аяққа оралған, қап, сары шанашты-ай!?
Мейлi ондай көп кездессiн бұл өмiрде, —
тартысу — талабым да, тiлегiм де.
Мiнеки, шықтым шындап шабуылға,
бас бағып артқы жақта жүремiн бе?!
Соқтым гол! Асқан бар ма бұдан бәйгi?
Жеңiстi қандай кiсi құп алмайды?
Сейiсiм неге бiрақ тұр сексиiп?
Халайық неге мынау қуанбайды?
Қызық жәйт дәл осындай бола ма, Алла-ай?!
Соншалық жазығым не қабарардай?!
Бұл қиын. Гол соқпауың одан қиын,
шын қиын… қалғаның бiр бағаланбай.
1966 жыл