Көзiңдi қадамашы қарамықтай‚
кеулiмдi тұмшалама қара бұлттай.
Қарағым‚ қалаулысын тапқан жанның
қайтадан тебiренгенiн қалам ұқпай.
Отыр ғой күтiп елде адал жарың‚
сенiмiн сол жiгiттiң неге алдадың?
Өсiрген бала-шаға азаматқа‚
құрбым-ау‚ жарасар ма қадалғаның?
Құрбым-ау‚ бар менiң де адал жарым‚
келмейдi өмiр бойы оны алдағым.
Шайтанға кеулiңдегi ерiк берiп‚
несiне көзiң күлiп‚ менi арбадың?
Несiне шығып кетiп шектен мүлде‚
өкiндiң жастығыңа‚ өткен күнге?
Жаныңа жабырқаған‚ жараланған
шынымен жылы жаңбыр боп келдiм бе?
Теңердей менi дүния қазанатқа
кiм едiм‚ лайықпын ба ғажап атқа?
Балаша көрген кезде қуанасың‚
еркелеп көрмеп пе едiң азаматқа?
Состиып жүргенменен сыр ұққандай‚
жаныңды соны сезiм жылытқандай.
Ұрланып қадаласың бұ дүнияда
не жайсаң жiгiт барын ұмытқандай.
Құрбым-ау‚ адалдықты сүйедi арым‚
бiреудi сөгуге де ұяламын.
Қинама‚ мен кеуiлiн адал жанның
қалайша көздерiңе қия аламын?
1967 жыл