Жас та барады ұлғайып,
түсе қапты әжiм де.
Шабыт та жүр қыңырайып,
шау тартыппын әзiлге.
Кейде отырсам, қағаздан
тарпаң қалам жеридi.
Жалқау дейтiн сабазға
менi ол сонда телидi.
Ұйқы келiп ақыры,
қаламсапты лақтырам.
Таңда да күш шақырып,
төсегiмнен шақ тұрам.
Әйтеуiр, бiр осылай
қызық жәйтке кезiктiм.
Айтшы, жампоз досым-ай,
қайда екенiн сезiктiң?
Айта алмасаң, үндеме,
тiл алмай-ақ өлем мен.
Ақыр толған күнде де,
бұзбан неке өлеңнен.
Ол үйткенi дәл менiң,
көркiн жұтқан түнгi айдың,
ажарлы, әсем әндерiм,
аялаған мұң-қайғым.
Ал әндi айтсаң, күй керiм
билемей ме табынтып?
Кей кездерi сүйгенiң
келмейдi ме сағынтып?
05.12.1967