Аспанның кетпей тұсауынан…

Аспанның кетпей тұсауынан‚
қара бұлттардан қайбартып‚
жұлдыздың босап құшағынан‚
шығушы едi-ау Ай қалқып.
Шөлстан шаршап жататын
шайпауси‚ жимай шалғайын.
Сылқым Сыр назға бататын‚
тiк жардың сипап маңдайын.
Құрақтар тербелетұғын‚
қарамды тобы жазылмай.
Қияндардан жел келетұғын‚
қорқыттың қоңыр сазындай.
Бiз-дағы келетiн едiк
күндегi таныс жағаға.
Қызғана төнетiн едiк
жапырақтарға сары ала.
Сонан соң ептеп пәр жинап‚
кетсiн деп салқым мазаң күн‚
жетсiн деп дәрпi әз әннiң‚
назбедеу Балқы Базардың
жырларын сайдың тасындай
оқушы едiм-ау дуылдатып!
Сөздерiн жақұт‚ асылдай
тоқушы едiм-ау ырымдатып!
Сол күндер кеттiңдер ме ендi
заманның ақ жолдарына?
Сабылып жеттiңдер ме ендi
уақыттың вокзалдарына?
Пойызға бiр мiндiңдер ме‚
балалығыммен бинеттi?
Алып-ақ үлгердiңдер ме
болашақ жаққа билеттi?
Немесе жандай бипарық‚
назар салмай көп мұндарға‚
назаның бетiн тойтарып‚
мүсибатсыз кеттiңдер ме алға?
 

Жауап жоқ. Атып жасылды‚
уақыт тарпаң тiл кескен.
Айлар мен жылдар ғасырдың
арғымағына мiнгескен
алғаусыз айтар талайды‚
апарып сұм шақтарына‚
оңды ойды асау қамайды
көгеннiң бұршақтарына.
Сүйтедi де‚ бетi бүлк етпей‚
сүйрейдi пәршә көкпар ғып.
Мөңкидi кейде үркектей‚
тигендей басқа шоқпар нық.
Мөңкiсе‚ мейлi мөңкiсiн‚
желпiсе‚ мейлi желпiсiн‚
серпiсе‚ мейлi серпiсiн‚
жанымда жатқан дерт үшiн
мен бәрi бiр жыламай жүрем‚
маңдайды босқа төбелемей.
қайғыны сұрамай бiлем
қаңғырып ұшқан бөденедей.
Мақсатты да айқын танимын‚
көремiн нашақ не зiлдi.
Нұрына Айдың жанимын
кетсiн деп қырсық‚ кежiрдi.
Сонан соң iштен мың күйiне‚
болмастан ақта бiр атан‚
Базардан да өткүн сұм дүние
деп өзiмдi өзiм жұбатам.
Жұбатам да‚ кенет кезi келiп
тұрғасын толас шағыма‚
артамын дерттi… шежiре ғып
айларға — уақыт нарына.
 

1968 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *