Қалсыншы деп жiгерiңдi жер шұқып…

Қалсыншы деп жiгерiңдi жер шұқып,
өркөкiрек көре көзге кемсiтiп,
асылынды арзан десе – шамданба,
жасығыңды маржан десе – шамданба!
Тасқаныңды кемдiк десе – шамданба,
қашқаныңды ерлiк десе – шамданба!
Күйлерiңдi керең десе – шамданба,
үйренудi терең десе – шамданба!
Шамданбасаң, жер шұқымай жiгерiң,
шам шатынап, үзер оның күдерiн!
 

1968 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *