Жұмыс жанды жебейдi,
қалады тер — бақ тұнып.
Өсiредi мерейдi
қинап келген… сәттiлiк.
Ал, салмастан тұрендi,
жатпай жаманатсыз қып,
жасытады жiгердi,
оңай келген… сәтсiздiк.
Көрiп соның бiр енiн,
көрiп тайыз түренiн,
мен тәубә ғып жүремiн,
бар тек құйттай тiлегiм:
О, Жаратқан, түрпi өмiр
әкелсе де әр ненi,
оңайыңды iрке тұр,
қиыныңа сал менi!
1968 жыл