Өмiрде ойпаң көп екен
жұлқынып жүр жүрген пендеге.
Көз жасын кейде көл етем‚
көз жасын төгем мен неге?
Апырмау‚ жанның ақығы
жазықты ма едi соншалық?
Жексұрындардың тақымы
жатыр ма саған қол салып?
Жоқ әлде тараң тағдырдың
жұдырығы қатты тидi ме?
Жампоз қыз төккен жаңбырдың
тамшысынан кеуiл күйдi ме?
Бiлемiн‚ мұның бiрi емес‚
тұтқындап жүрген бiр күй бар.
Тартады жанды сұм елес‚
тартады төмен ылдилар.
Ол да емен жаңғыз‚ бiр жақтан
аяқтан қағар залым көп.
Ақымақтар салған ыржақтан
ақмақ боп жүрмiн‚ сары и боп.
Қылтия қалсаң‚ кiнәмшiл
дүмше дос айтар өкпесiн.
Шашарсың қалай бұған сыр‚
шайпаулар түпке жеткесiн?
Сырыңды бiлсе-ақ ол ертең
сырт берiп‚ сусып кетежақ.
Көрiнсе сол шақ көлеңкең‚
күбiрлеп‚ кермал өтедi-ақ!
Кей кезде ондай достарың
коньяк көрсе жұтынып‚
келтiрсе жөнге өз қамын‚
кетедi саған түкiрiп.
Мұндайды мүлде көп көрдiм‚
дүмелген дотың iшiнен.
Оларға кәзiр жоқ кеулiм‚
оларды оңай түсiнем.
Әлi де алда қақпан көп‚
шашым да содан ағарды.
Шынымды айтсам‚ қатты сақтан деп‚
оқытып жүрмiн баламды.
Үйтпеске амалым бар ма‚
жүрерлiк жанды түйретпей?
Үйтпеске заманым бар ма‚
ысырар сұмды билетпей?
Менiңше‚ құрып жауларың‚
бұйырса да басқа ұшпақ бiр‚
мақтау мен жамандауларың
мына дүнияны ұстап тұр.
Осыны ұқсаң‚ Бегiм-ау‚
қалпыңнан қатты төменде.
Ойсызға ашпай омырау‚
байқай бер бәрiн тереңде.
22.06.1969