Арылмай қойды-ау көк тұман‚
басылмай қойды-ау ызы-шу.
Қинайды жанды көп күмән‚
айналам айғай‚ сүзiсу.
Апырмау‚ сонда өмiрге
келдiм бе күрес армандап?
Бiреудi жеңiп‚ кеуiлге
медет пе қонған жалған бақ?
Бiреудiң жанын жылатып‚
отырам таққа кiм үшiн?
Кiмдер жүр жұртты жұбатып‚
құрбым-ау‚ кеттi тиышым.
1969 жыл