Хикметтi жан шошырлық жана көрдiм…

Хикметтi жан шошырлық жана көрдiм:
еңбегi әдiре қалып тамам ердiң,
нәр татпай нән дарақтар жатыр солып,
ауырған тiстерiнше қара жердiң.
 

Бармастан бiздер соның байыбына,
дарақтың бөлмей кеуiл уайымына,
бәндәның бұрмай мойын айыбына,
мiне, сап тәуекелдiң қайығына,
 

көрместен бiр сәтке де қапаланып,
бұл iстiң толғандырмай шатағы анық,
дәркiлдек, бiр дарақы тәбибтерше
жатырмыз тiс-дарақты отап алып.
 

Қоятын сұрағым бар бұған менiң:
келмесiн, қақсағанда, жүдә емделгiң,
ауырған тiстерiңдi, ағайындар,
бас салып атауызбен жұлар ма едiң?
 

…Үнсiзсiң. Түк жауап жоқ бұдан керiм.
 

1969 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *