Бегiм-ау‚ айтар сырым бар…

Бегiм-ау‚ айтар сырым бар:
бәлсiнген мынау жалғанда
бақыт пен даңққа құмарлар
боялмай қанға қалған ба?
 

Үнемi олар өздерiн
жүредi патша сезiнiп.
Ақтарып болмай сөз кенiн‚
кетедi кейде безiнiп.
 

Сүйтсе де әлгi қуларың
классик деген атты алар.
Тiрлiктiң кешiп думанын‚
жиналыс сайын мақталар.
 

Мақталып қана қоймастан‚
шашылар дәрпi жан-жаққа.
Әр күнiн айтша тойға ұласқан‚
бақыттай бiткен саңлаққа!
 

Сондағы кеуде кергенi
арқасы сөздiң пәтуасыз.
Сондағы елге бергенi —
қанжылым сорпа татымасыз.
 

Бегiм-ау‚ мұны ұғын да‚
болашақты барлап шолғайсың.
Шолып боп‚ қарап қырымға‚
шыңайтқа шырқау қонғайсың.
 

01.03.1970

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *