Сағаттың қатал сыртылы
таптырмай тыным‚ естi алып‚
келемiз жортып күн-түнi‚
межелi жерге кеш қалып.
Бiз мiнген уақыт — бiр дүлдүл
ұқсайды жампоз пыраққа.
Зуылдап жатқан күн құрғыр
жеткiзер емес бiрақ та!
Сонда да үмiт үзбейтiн
адам да тазы әулекi.
Iiзiнен iлiк iздейтiн
қайтсын деп қатал жау бетi‚
жүргенде жортып‚ тағы да
кетедi керiм күн озып.
Саласың қамшы шабыңа‚
кiм қалық мұнда‚ кiм озық‚ —
аңғару қиын‚ аңғару‚
айтып бере алмас оны ешкiм.
Кеуiлге медет бар қару —
айдаған алда көк ешкiң!
Базарға бұлдап апарсаң‚
өтер ме оның‚ өтпес пе?
Заманның заңы — қатал заң‚
алдансаң‚ кетiн от кеш те!
Осындай үрей‚ үмiтпен‚
өссiн деп кеуiл орманы‚
шабытты сабап шыбықпен‚
келемiз жортып жолда әлi…
11.07.1970