Жаспыз дедiк‚ әркiммен жағаластық‚
сан дарақы дауларға араластық.
Өзiмiздi өзiмiз таудай тұтып‚
сүрiнгендi сыртынан табаластық.
Кейде түктi сезбестен сыншы болдық‚
алдыңғыға қарны ашқан мiншi болдық.
Үйiр баққан айғырша оқыранып‚
менсiнбейтiн бiр бiрiн жыршы болдық.
Кейде талмай тасыдық өсектердi‚
армандадық асылды мес еткендi.
Басын шұлғып туғандар шаба қалса‚
қалтарыстан зулаттық кесектердi.
Осылайша жүр өтiп қайран мезгiл!
Жақсылық па‚ жастық па‚ қандай кез бұл?
Бүйте берсе‚ сирақтай үйiте берсе‚
ақыл-ода ағыла қалмайды озғыр.
Бәрiмiз де бұ халды ұғынамыз‚
бiрлiк жайын айтамыз қылып аңыз.
Сөз дегенiң сатусыз қазына емес пе‚—
артынша-ақ жықпыл жерге тығыламыз…
17.10.1970