Неге сенi‚ бiлмеймiн‚ жақсы көрем…

Неге сенi‚ бiлмеймiн‚ жақсы көрем‚
серi де емен‚ сал да емен‚ бақсы да емен.
Көзiн ойған қалбақтар көбелекше
ақылымды соншама тапшы демен.
Қайта-қайта жалтақтап жанабыңа‚
мен жолыңа мына әзиз басты берем.
Ойда жоқта жүзiңе жұқтырсаң шаң‚
жүргендеймiн мен жердiң астыменен.
Саған қарай сағына созам қолды‚
адамдай-ақ әлде бiр ас тiлеген.
 

Өзiме өзiм кей кезде қайран қалам‚
жағдайым бар сен десе ойланбаған.
Сен көшеге сейiлдеп шыға қалсаң‚
құлындаймын желiге байланбаған.
Жұғыстық қып жүремiн жан-жағыңда‚
қысыр емген ұрынып тайдан жаман.
Емексумен қараймын ерiнiңе‚
бесiгiнде баладай қаймаңдаған.
Жүргенiңде жарқыладп‚ жатам мен де
болып құдды ботанда сайрандаған.
қалыбыңнан кей күнi қалам шошып‚
тексiз тартып тентектей тайраңдаған.
Кеуiлiңнен дәметсем құнан қымыз‚
ұсынасың сен кейде айран маған.
 

Мен сонда сен мiнез ашты демен‚
жанарыма зоқ жағдай жас дүмеген.
Жүрген қарап жолыңа бiр жiгiтпiн‚
кетер тартып мен сенi қасқыр емен.
Қауiп айлатып кей күнi кей қылығың‚
миды жеген‚ кемiрiп басты жеген.
Сен дегенде сонда да сор ашпаймын‚
мен, әйтеуiр, өзiңдi жақсы көрем…
 

1970 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *