Қараша қызы корейдiң…

Қараша қызы корейдiң,
жанымды менiң өртеген,
кеулiмдi алшы, мә деймiн,
таппаған тыным ертеден.
 

Келмей ме алғың бiрақ та,
шаршатқан болар шу дағы.
Қалмады үнiң құлақта,
қажытты құрғыр қу дәрi.
 

Қажытты тiрлiк қулығы,
қажытты тiрлiк сарсаңы.
Болардай жұртқа үлгiлi
жасайтын шаруам қанша әлi?!
 

Бiтпеген әлi көп iсiм
алдымда менi тұр күтiп.
Мансабты, бақты сол үшiн
ысырып, керi сырғытып,
 

бiр iске едiм бел шешкен,
кiм бiлген мұның аяғын.
Ертеде… маған кездескен
корей қыз… айтпай баянын
 

жоғалған едi жөнiмен…
Дағдырдың шатыс өрмегi.
Ұмыттым ақыр оны мен,
ұмытты ақыр ол менi.
 

Кенеттен салып соны еске,
кездестiң неге, корей қыз?
Өңiм бе, әлде, елес пе,
ұнатып қалсақ, не деймiз?
 

Жек көру менен ұнату
болмақ қой… Оған қарсың кiм?
Ерiмен бiрге тұратын
айтылды саған бар сырым.
 

Амал не, бәндә бiр бiрiн
ұнатып сырттай жүрмесе,
қызықсыз болар тiрлiгiң,
қиындап кетер күн неше.
 

Сондықтан бәрi белгiлi,
сезiмдi тасқын теңiз деп,
кетпеймiн сен деп мен бүгiн,
кетпейсiң сен де менi iздеп.
 

Ақыры iштей сүйiнiп,
қызықтап көздер қарасын,
қуанып, бiрде, күйiнiп,
тағдырға бәрiн жабасың.
 

1971 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *