Жақсыдан жас кезiнде жерiнбеген
жан едiм. Бiр дария едi кеуiл деген.
Жар-жосқа тар жол тайғақ кешу келсе‚
қашпас деп‚ қарайтынмын сенiмменен.
Көз салам соған бүгiн мен шошынып,
бағамын жұрт қабағын‚ келсе сынық.
Тұрғаным сынай қарап не жампозға
кетердей жүрген ненi желше опырып.
Бiр тұста байқалардай ынжықтығы
барлаймын‚ не бiр гөзәл сыры мықтыны.
Жүргенiм жат жүзiне барлай қарап‚
жатқандай жасырынып бiр жықпылы.
Кесапат күтпесем де көп адамнан‚
шошиды жаным қатты жараланған.
Кiсiнiң көре қалсам қыңырлығын‚
үркемiн жылқыдай боп белең алған.
Емдедi бiр тәуiп кеп соны ақыры‚
тiрлiктiң көрiндi ендi жаңа қыры.
Барындай жақсы‚ жаман шын боп шықты
сенiм мен шошынудың болатыны.
Айтылған жәнә де өштi не балағат‚
кеткен көп көрiнедi менен ағат.
Ендi мен өзiме өзiм сенем қатты‚
жүремiн жұртқа жәнә сене қарап.
Бiз мұны бұрын-соңды бiлiп пе едiк?
қалайша қу бiткендi жiгiт дедiк?
Тiрлiктiң татпай дәмiн кетпеймiз бе‚
жүргене жан бiткеннен күдiктенiп?
Жампоз ба жоталанған сойдың бәрi?
Сақи ма сұмның не бiр той қылғаны?
Келтiрмей бiр де күдiк жүре ала ма‚
қатының қылымсыған қойныңдағы?
Бұйырмыс күдiк пе әлде осы адамға?
Кеулiңдi ол қуалайтын шошалаң ба?
Ойлайтын үш күндiгiн ұрғашылар
болар ма берiк қорған босағаңда?
Мiн болса аяқты аңғырт сәл басқаның‚
қалайша патша кеулiң болмас жарым?
Тiрлiктiң тайғағында жатсаң құлап‚
келер ме кеше сенген жар-достарың?
Жоламай‚ тартар ма олар бөлек шеру?
Тастар ма ескi жұртқа ерекше қу?
Қалайда қапылатыңды еске тұтып‚
жұртыңа… аздап қана керек сену!
Үйреттi мұны маған ұлық елiм‚
мен соған әр уақытта жүгiнемiн.
Күдiкпен кейде көпке үңiлемiн‚
сенiмнен кейде қатты түңiлемiн.
Қалпым жоқ одан кәзiр қоштасуға‚
ықылас жоқ өштесуге‚ достасуға.
Басымды шайқалтып тұр күдiк‚ сенiм
тартылған таразының қос басына…
1972 жыл