Мен таптым табиғаттан кемелдiктi…

Мен таптым табиғаттан кемелдiктi‚
сұлулық‚ ұлылықты‚ шеберлiктi.
Әлi тұр айналамда ол жоғалмастан‚
жоғалып кетсе дағы нелер мықты.
 

Дөрекi таулары да‚ тастары да‚
шыршасы‚ қарағайы‚ асқары да‚
ой‚ Алла‚ үйлесiмдi жаратылған‚
күмiстей бидайықтың бастары да!
 

Осындай жарастықты жасаған кiм?
Шыңдарды шеберлiкпен қашаған кiм?
Тереңiн табиғаттың түсiнердей
талабы ерсi емес пе осы адамның?
 

Жарайды‚ жоқ кәтелiк бұл арада‚
әзәлда жаралғанда мына дала
табиғат-ана тапқан сәби-адам
бар сырын анасының ұға ала ма?
 

Ұғыну‚ шындығында‚ кiмге керек?
Емес пе мiндетi ердiң мүлдем ерек?
Ақыры кеулiмiздi суытпас па‚
Анамыз ашуланып бiрде кенет?
 

Суытсақ абайсызда арамызды‚
ой-ниет бұрынғызай қалады iзгi.
Табиғат бола алмаймыз бiз бәрi бiр‚
жөн шығар құрметтеген анамызды.
 

Мен оған әр уақытта жүгiнемiн‚
бәндәдан кемел емес түңiлемiн.
Ренжiп қалды ма деп табиғатқа
сәт сайын сезiктенiп үңiлемiн…
 

1972 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *