Сөз айтсам қарт пен ағаға…

Сөз айтсам қарт пен ағаға‚
ойлардан жақсы құн қалмай‚
өзiмдi сезем арада
бiр әйнек сиқыр тұрғандай.
 

Ол болса‚ керiп қабағын
күледi. Салқын сұм неме!
Көргендей сонда боламын
оны емес‚ темiр бiрдеме.
 

Жанына бойлау — қиямет.
Пердесiн беттiң ашпайды.
Ұмтылсаң‚ — қашар тұра кеп‚
шегiнсең‚ — берi баспайды.
 

Көрмек боп анық қарасаң‚
әйнек тұр бұлдыр‚ буалдыр.
Iшiнде ол өскен ала шаң‚
ағаштай құдды жуан бiр.
 

Апынмай‚ не еткен сұм әйнек‚
өзара жұртты жолатпас.
Мөлдiрдi ол саған лай деп‚
көрсетiп жақын қаратпас.
 

Етiкшi соққан қалыптай‚
өзгертпей қалпын сындарлы‚
достың да жанын танытпай‚
арада әйнек тұр мәңгi.
 

Мен соған талай үңiлдiм‚
өзгенi анық көрмек боп.
Жеңiлдiм‚ талай түңiлдiм‚
көлденең қуға ермек боп.
 

Аптығым ақыр басылды‚
жаман ба iстiң бақса артын?
Жастарға керсем қасымды‚
болармын мен де сап-салқын.
 

Орынсыз сөйлеп күлмеймiн‚
сыр бермей‚ жанап өтемiн.
Сынса егер әйнек… бiлмеймiн
дүнияның не боп кетерiн.
 

1972 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *