Жасықтар жүрген жарымай
сүбелi сөзге бүгiнгi
байлықты шашып тарыдай,
тiлiмдi әбдән бүлдiрдi.
Жампоз жоқ одан сынақ алар,
мағынаны бiлмес масқара,
сөйлемдi сұрықсыз құрады олар,
қарап ап тiлi басқаға.
Содан соң қайдан тiлiм оңсын,
боласың басқа ұрғандай,
сөз сайын құлап, сүрiнесiң,
басқаша ойлап тұрғандай.
Күн сайын көрiп сондайды,
куә боп оңаза осыған,
кеулiмдi бiр бұлт торлайды,
тiл бiлместерден шошынам.
Кiнәлi бұған кiм десең,
қаһармен қарайд құдiрет.
Орысша бүгiн бiлмесең,
алуың қиын қызмет.
Жат тiлде жетед жазғыш та,
жетедi медет, қолпашы.
Бұ халық азғақ, азғыш па,
татымайтын сонша сорпасы?
Жат кiсi неге төрiңде
жасайды қылық оңбаған?
Өзiңнiң жүрiп елiңде,
қиын ғой қожа болмаған.
Ойлайды соны кiм кәзiр?
Намысшыл кiм бар бүгiнде?
Жайылып жатқа тұр мәзiр,
жойылып барад тiлiң де.
Осыған дауа таба алмай,
жықпылда жәймен жортамын.
…Мылқау боп тiлсiз қалардай
анамнан қатты қорқамын.
03.03.1973