Қой‚ қой‚ кеулiм‚ албыртпа‚ алабұртпа…

Қой‚ қой‚ кеулiм‚ албыртпа‚ алабұртпа‚
шаққаннан соң‚ не iстерсiң қара құртқа?
Шағу деген мiндетi ол байғұстың‚
оны өлтiру жата ма даналыққа?
 

Жәнә қандай бар пайда өлтiргеннен‚
iзгiлiкке жансың ғой еркiн берген.
Жақсылықты тiрлiктен құрта алар ма‚
жексұрындар жұлқынып‚ желпiнгенмен?
 

Сен‚ әлi де жайқалар көк ормандар‚
сирек болар арынан тоналғандар.
Қойнауында жылдардың қалар ұмыт‚
әбжыланша аяққа оралғандар.
 

Ол кез орнар бейiшi жаратқанның‚
мерейi өсер құдiреттi дарақтардың.
Тыңдармыз бiз өз үнiн уақыттың‚
тыңдамаспыз соққанын сағаттардың.
 

Ол кезiдң де‚ әрине‚ ханы болар‚
сұмы болар‚ дәуiрiнiң ары болар.
Кеуiлiне бiз олардың ұнармыз ба‚—
ұнар сөздi өздерi тауып алар.
 

Қой‚ қой‚ кеулiм‚ жау тұтпа көрiнгендi‚
жек көрмешi ез бенен емiнгендi.
Таспен ұрған тасырды аспен ұршы‚
iзгiлiктен көрмедiм жеңiлгендi.
 

18.05.1974

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *