Мәдәниятты болғасын, сөзiмiзге…

Мәдәниятты болғасын, сөзiмiзге
айтылатын сенбеймiз өзiмiз де.
Аузымыздан мап-майда үн шығады,
ашу қайнап тұрса да көзiмiзде.
 

Бұ не сонда? Көну ме озбырлыққа?
Даналық па, болмаса азғындық па?
Астамдықты сабырмен қарсы алатын
келемiз бе әлде ерiп озғын жұртқа?
 

Не болмаса қалдық па жетiлiп-ақ,
неге саңырау қайғыға екi құлақ?
Бiреулердi мәдәни жағалаймыз,
мәдәниятты кеңседе отырып ап.
 

Бiз со кезде бiлдiк пе оның жайын?
Сүрiнгесiн, қан қалдық соғымдайын.
Мәдәниятты түрде оны ұмыттық тез…
Өзiмiзге үй дайын, орын дайын.
 

Бұ не сонда? Төзбесем, мына менi
жанашырлар мәдәни шыда дедi.
Шырылдатып жатқанда шын озықты,
сабыр сақтау атадан мұра ма едi?
 

Мұндай жағдай боп жатыр күнде неше,
озбырларға жүр кетiп мүлдем есе.
Айтшы, жолдас, шырқырап жатқаныңда,
ұнайды ма өзгелер үндемесе?
 

Тiл-жағың жоқ. Бұ дағы мәдәниеттi.
Бұның қоштау мәдәни қара ниеттi.
¬Өзгелердiң мұңы үшiн қаншама озық
өз дағдырын десеңшi талақ еттi?
 

Болды ма ұмыт дәл кәзiр соның бәрi,
жатқан тасты кiм жоймақ жолыңдағы?
Мәдәниятты түрде бiз үндемеймiз,
бiз де бiр құл мәдәният қолындағы.
 

Тек қаламай елге оның байқалғанын,
бiз табамыз сөздiң не шайтандарын.
Бiр күндерi… талқан ғып мәдәниятты,
алты алашқа жүр келiп айқайлағым.
 

1975 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *