Тiршiлiк жiгерiмдi жасытпастан,
жүрсе де жан дүниямды нас ұқпастан,
қыздырған бауырын шоқ тайқазанда
ықласым сүттей едi асып-тасқан.
О кезде қалпым жоқ-ты қызынбайтын,
масава бөлмей кеуiл ызыңдайтын,
тiлiндей сұмпайының сүйреңдеген
көбiгiм отқа тисе, быжылдайтын.
Қарамай оған бiрақ, асқақтанып,
жатқандай табанымда тас тапталып,
жайқаңдап жүргенiмде, қайран дүния-ай,
қалыпты қазан-кеудем қаспақтанып.
Сүт-ықылас айналғандай iрiмтiкке,
жортуыл ұласыпты кiбiртiкке.
Тиям деп тасығанды, тартып тараң,
доғардың шоқ төсеудi бүгiн тiпте.
Сол сүттен көп қасият iздемеген
осылай боламыз-ау бiз көреген!
Саумалдай жаңа сауған ықылас тәркi,
құрт та емен, iрiмшiк те, сүзбе де емен.
Бас бұрмай уақыт бiрақ көсiледi,
шоқты да ол қанатымен өшiредi.
Өзiңнен тiлегенiм қара су ма ед,
дағдырдан тiлегенiм осы ма едi?
1976 жыл