Жұлдыздың қойнын қыдықтап‚
қол салдық таудың сауырына.
Жер тестiк нәһан сырықты ап‚
жол сыздық теңiз жауырынына.
Ол аздай, барып ғарышқа‚
жұмыртқа-жердi көп шолдық.
Iзерттедiк сонау алыста‚
ала бұл тұстан өтсе орғып.
Iзерттедiк бәрiн ойланбай‚
көргендей ақыр түс ерек‚
қасапша малды сойғандай
дүнияны қойдық мүшелеп.
Әнеки‚ басы‚ бүйрегi‚
әнеки, iшек пен ұлтабар.
Соларды қосар сиредi‚
жампоз боп шықты жырталар.
Не пайда қайат қосқанмен‚
өзгермес дүния — көш бүгiн.
Өзгенiң сырын ашқанмен‚
ашпады адам өз сырын.
Ол қайта жердi даң қылып‚
қасапша шықты жалақтап.
Тек жаны оның қалды ұмыт‚
жүргенде көкке алақтап.
Осы ма бақ пен талайым‚
кәйтемiн кеуiл кiсесiн?
Кiм ашпақ жұрттың сарайын‚
кiм қоспақ дүния мүшесiн?
1978 жыл