Дүнияда сұм аязын сiреулеткен
ешкiмде айта алмаймын тiреу деп мен.
Кезiнде қу тiрлiкке керуендей боп,
ретiмен бiреу келiп, бiреу кеткен.
Қу тiрлiк, барлығына, — қазан мына
тартқызған қызықты да, азарды да.
Сыймаған кең дүнияға қошқар бастар
ақыры жайғасты кеп өз орнына.
Есте әлi: арбап көздi түлкi — ұшпағы,
алапа жампоздардың жыртысқаны.
Айналды қара жерге көрiнгендер
жетпестей қара жердiң бiр пұшпағы.
Келемiн мен тәубәға соған қарап:
қалайша шадыр шiлiк болар дарақ?
Бiз неге кiр жағамыз қара нөсер
мойшаға түсiретiн ғаламға пәк?
Жүрмеймiз жұртты неге шаттандырып,
қоямыз неге досты тақ қалдырып?
Буғанда долдық неге тiл қатпаймыз
жаланған қызыл тiлге қақпан құрып?
Болсақ та бұның бәрiн бiз аңдаған,
мақшардан қалпымыз бар қызармаған.
Тiрлiктiң сегiз қырлы селкеу тұсын
түбiнде тас-талқан ғып бұзар ма адам?
Кiм бiлген? Құр тошылау — әжуалық,
керi ақыл — залал, болсын қажыналық.
Тiрлiкте қара жердей, кенi терең,
сол кендi жүрген кiм бар қазып алып?
Сол тұсқа салған бар ма күрек-сайман?
Секiрiп, кiм сал деген ылаққа ойран?
Бiткенше өмiрдегi өлшеулi дем,
таппақшы бәндә шiркiн тұрақ қайдан?
Ол әлде көнбек дағдыр ұрығына?
Таныс па қу тiрлiктiң сыры мына?
Жайыз ба жорта беру басты бағып,
қазулы құлағанша құдығыңа?
Ондайда… қашар ма екен құлдан тағат?
Етпекшi сырды ашуға кiмдер талап?
Келу мен кетуге ықпал етпеген соң,
жөн бе әлде өз жайыңа жүрген қарап?
Бiздерге сол ұран ба шақыратын,
тiрлiкте не бар сонша қапылатын?
Заңына жаратылыс бойлау қиын,
болсаң да мың жерiңнен Апылатын.
Сол сәбәп, — не етемiз құр салмақтасып?
Күнәнi жүрген жәнә жөн бе ақтасып?
…Мен келем аңдамастан тастап аяқ,
мен келем кейде аяқты аңлап басып.
23.12.1979