Көзге iлмей қайратын да, iрiлiгiн де…

Көзге iлмей қайратын да, iрiлiгiн де,
тарылтып танабын да, тiрлiгiн да,
сындардың жүрген орнын сипап қалып,
ағайын, ашынғаның бiр бүгiн бе?
 

Қайықты есiп соның ығытында,
келмейдi қолдан неге қылу тұлға?
Алшаңдап ол жүргенде ардақтамай,
неге бiз бас иемiз рухына?
 

Осыны жоқ па ниет ұғынарға,
жүру не қара таппай ұрынарға?
Жағдай не жат кiсiнiң жемес қамын,
әлде оның бiз бiлмейтiн сыры бар ма?
 

Сұмдардың сендiредi неге өсегi?
Тарланға неге шобыр теңеседi?
Сөз бұзад адамзатты деген рас,
не болмақ көкөрiмiң келешегi?
 

Болғанмен бер жағымен байқатпаған,
жәйтi не жалақордың жай таппаған?
Ескiден ерiп жүрген еншiмiз бе
арланға әлдекiмдi айтақтаған?
 

Бөлемiз басымызды неден жiктеп,
бiлемiз есерлiктi неге ерлiк деп?
Жүремiз жұртқа неге болып жұмбақ,
танытып тайыздықты тереңдiк деп?
 

Осындай қояр жұртқа көп сұрағым,
жетуге жауабына жоқ шыдамым.
Кетедi, келiссе де, өз қамын жеп,
әркiмдер айта салып топшылауын.
 

Сосын-ақ көп бармастан ол жағына,
басымды қатырмастан қалғанына,
өкпелеп жата берем, жақсы ғой деп
өкпелер ел-жұртыңның болғаны да.
 

01.11.1979

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *