Болар деп бұлай ертеңi…

Болар деп бұлай ертеңi
кiм бiлген, — кеулiм дертедi.
Жүгiрген аң мен ұшқан құс
даланың ажар, көркi едi.
 

Киiктi кейде көргенде,
құралайы оны өргенде,
қоян мен түлкi сонарда
қутыдап шыға келгенде,
 

басына шығып белеңнiң,
келетiн қуа жөнелгiм.
Аңшының мылтық атқанын
серiлiк сонда дегенмiн.
 

Сол қалып мәңгi тұрардай,
жүргенде ойға түк алмай,
ақырын көрiп, — отырмын
болғанын қалай бiле алмай.
 

Қарасам, — көп аң ұсталған,
қатары сиреп құс қалған!
Серi боп жүрiп, оларға
болмаппыз бетер дұшпаннан.
 

Мен ендi мылтық атпаймын,
сонарда түлкi қақпаймын.
Балдаққа бүркiт қондырып,
даланы кезiп лақпаймын.
 

Етердi бiлмей ненi ермек,
кейде аңға болсам жөнелмек,
жалтақтай қарап жүргенiм,
көлiкке әрбiр елеңдеп.
 

Сосын-ақ, торға түскендей,
кетейiн деп бiр құс көрмей,
қайтамын үйге қалжырап,
мазасыз бiр май iшкендей.
 

Келгесiн тартып байыпты,
кәсiптi салға лайықты,
қапыда құртқан, деймiн мен,
өзiмiз басты айыпты.
 

Сол үшiн көпке ұрсамын,
өзгермейд бiрақ бiр сарын.
Жатамын бәндә болмас деп
алмаса қолған ынсабын…
 

30.12.1979

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *